MTI
 Тіркелу шарттары (пайдаланушылық келісім)

1. Осы арқылы, «ВТУ» МТИ ЖКББ МЕББМ білім беру бағдарламаларына оқуға қабылдау барысында менен алынған жеке деректерімді өңдеуге өз келісімімді беремін, заңды мекен-жайы: 117804, Мәскеу қ., Кедров көшесі, 8, 23 корпус. (әрі қарай — Институт).

2. Осы келісімнің шеңберінде «жеке деректер» ретінде келесілер түсіндіріледі: Институттың mti.edu.ru сайтында Оқуға арналған өтінімді рәсімдеу барысында Клиенттің саналы түрде және өз бетінше ұсынатын, өзі туралы жеке деректер (атап айтқанда: Клиенттің тегі, есімі, әкесінің аты (егер бар болса), туылған жылы, білімінің деңгейі, таңдап алынған оқу бағдарламасы, тұрғылықты қаласы, телефон нөмірі, электрондық поштасының мекен-жайы).

3. Институт жалпы жағдайда Клиент ұсынатын жеке деректердің растығын тексермейді және олардың іс-әрекетке қабілеттілігін бақылауды жүзеге асырмайды. Алайда Институт мынадай негіздемеге сүйенеді: пайдаланушы тіркеу нысанында ұсынылатын сұрақтар бойынша шүбәсіз және жеткілікті деңгейдегі жеке ақпаратты ұсынады және осы ақпаратты өзекті жағдайында қолдап отырады.

4. Институт – (білім беру) қызметін көрсетуді ұйымдастыру (Клиентпен жасалған келісімдер мен келісім-шарттарды орындау) үшін және Институтқа оқуға қабылдау үшін қажетті жеке деректерді ғана жинайды және сақтайды.

5. Жиналатын ақпарат – Институтқа қабылдауды жүзеге асыру мақсатында және білім беру үдерісін ұйымдастыру мақсатында электрондық поштаның мекен-жайына ақпаратты жіберуге, сондай-ақ Институттың ережелерінің, шарттарының және саясатының өзгеруі секілді маңызды хабарламаларды жіберуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ мұндай ақпарат – Институтқа қабылдау мен білім беру үдерісінің шарттары мен ұйымдастырылуындағы барлық өзгерістер туралы Клиентті жедел түрде ақпараттандыру үшін, Клиентке хабарлар мен ақпараттық хабарламалар жіберу арқылы Институттың алдағы акциялары, жуырдағы оқиғалары және басқа да іс-шаралары туралы оны хабардар ету үшін қажет, сондай-ақ Институтпен жасалған келісімдер мен келісім-шарттардың шеңберінде тарапты сәйкестендіру және Клиентпен байланысу мақсатында қажет, соның ішінде, қызмет көрсетуге қатысты хабарламалар, сауалдар және ақпараттар жіберуді, сондай-ақ Клиенттен келіп түскен сауалдар мен өтінімдерді өңдеуді қоса есептегенде.

6. Клиенттің жеке деректерімен жұмыс жасау барысында Институт Ресей Федерациясының 27 шілде 2006 жылғы «Жеке деректер туралы» №152-ФЗ Федералдық заңын басшылыққа алады.

7. Клиент mti@mti.edu.ru мекен-жайына электрондық хат жіберу арқылы, өзінің электрондық поштасының мекен-жайына ақпарат алудан кез-келген уақытта бас тарта алады. Сондай-ақ, хаттың төменгі жағындағы «Жазылудан шығу» сілтемесін басу арқылы, электрондық поштаның мекен-жайына ақпаратты алудан кез-келген уақытта бас тартуға болады.

8. Институт Клиенттің жеке деректерін заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуден, жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, таратудан, сондай-ақ үшінші тұлғалардың оған қатысты жасайтын өзге де заңсыз әрекеттерінен қорғау үшін қажетті және жеткілікті деңгейдегі ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қолға алады.

9. Осы келісімге және осы Келісімді қолданумен байланысты туындайтын Клиент пен Институттың арасындағы қарым-қатынастарға Ресей Федерациясының құқығы қолданылуы тиіс.

10. Осы келісім арқылы Клиент өзінің 18 жастан асқандығын және осы келісімнің мәтінімен белгіленген шарттарды қабылдайтындығын растайды, сондай-ақ өзінің жеке деректерін өңдеуге ерікті түрде өзінің толық келісімін береді.

11. Клиент пен Институттың қарым-қатынастарын реттейтін осы Келісім – Институттың сайтының дербестелген сервистеріне Клиенттің қол жеткізуінің және Қызметтерді көрсетудің бүкіл кезеңі бойына қолданыста болады.

«ВТУ» МТИ ЖКББ МЕББМ Заңды мекен-жайы: 117292, Мәскеу қ., Кедров көш., 8 үй, 2 корпус.
Электрондық поштаның мекен-жайы: mti@mti.edu.ru Тел: +7 (495) 648-62-26, 8 800 700 33 04

Соңғы жаңартылған күні: 01.03.2014 ж.

МБА Тіркелу шарттары (пайдаланушылық келісім)

1. Осы арқылы, Компаниялар тобының ақпараттық-сабағаттық қызметтері шеңберінде менен алынған жеке деректерімді өңдеуге өз келісімімді беремін. Компаниялар тобына келесілер кіреді:

1.1 «МБШ» ЖШҚ, заңды мекен-жайы: 119334, Мәскеу қаласы, Ленинский даңғылы, 38 А үй.

1.2 «МБШ Консалтинг» ЖШҚ, заңды мекен-жайы: 119331, Мәскеу қаласы, Вернадский даңғылы, 29 үй, 520 кеңсе.

1.3 «Moscow Business School – семинарлар» Қосымша кәсіптік білім бойынша коммерциялық емес жекеменшік мекемесі (НЧУДПО), заңды мекен-жайы: 119334, Мәскеу, Ленинский даңғылы, 38 А үй.

2. Осы келісімнің шеңберінде «жеке деректер» ретінде келесілер түсіндіріледі: mba.ru сайтында Ақпараттық-сабағаттық қызметтерді алуға арналған өтінімді рәсімдеу барысында Клиенттің саналы түрде және өз бетінше ұсынатын, өзі туралы жеке деректер (атап айтқанда: Клиенттің тегі, есімі, әкесінің аты (егер бар болса), туылған жылы, білімінің деңгейі, атқарып отырған қызметі, көрсетілетін қызметтің түрі, тұрғылықты қаласы, телефон нөмірі, электрондық поштасының мекен-жайы).

3. Компаниялар тобы жалпы жағдайда Клиент ұсынатын жеке деректердің растығын тексермейді және олардың іс-әрекетке қабілеттілігін бақылауды жүзеге асырмайды. Алайда Компаниялар тобы мынадай негіздемеге сүйенеді: пайдаланушы тіркеу нысанында ұсынылатын сұрақтар бойынша шүбәсіз және жеткілікті деңгейдегі жеке ақпаратты ұсынады және осы ақпаратты өзекті жағдайында қолдап отырады.

4. Компаниялар тобы ақпараттық-сабағаттық қызметті ұйымдастыру және көрсету (Клиентпен жасалған келісімдер мен келісім-шарттарды орындау) үшін қажетті жеке деректерді ғана жинайды және сақтайды.

5. Жиналатын ақпарат – Компаниялар тобының саясаты мен қызмет көрсету шарттарының, ережелерінің өзгеруі секілді маңызды хабарламаларды жіберу мақсатында және қызмет көрсету үдерісін ұйымдастыру мақсатында электрондық поштаның мекен-жайына ақпаратты жіберуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ мұндай ақпарат – қызмет көрсетудің шарттарының барлық өзгерістері туралы Клиентті жедел түрде ақпараттандыру үшін, Клиентке хабарлар мен ақпараттық хабарламалар жіберу арқылы Компаниялар тобының жүзеге асыратын алдағы акциялары, жуырдағы оқиғалары және басқа да іс-шаралары туралы оны хабардар ету үшін қажет, сондай-ақ Компаниялар тобымен жасалған келісімдер мен келісім-шарттардың шеңберінде тарапты сәйкестендіру және Клиентпен байланысу мақсатында қажет, соның ішінде, қызмет көрсетуге қатысты хабарламалар, сауалдар және ақпараттар жіберуді, сондай-ақ Клиенттен келіп түскен сауалдар мен өтінімдерді өңдеуді қоса есептегенде.

6. Клиенттің жеке деректерімен жұмыс жасау барысында Компаниялар тобы Ресей Федерациясының 27 шілде 2006 жылғы «Жеке деректер туралы» №152-ФЗ Федералдық заңын басшылыққа алады.

7. Клиент mbs@mbschool.ru мекен-жайына электрондық хат жіберу арқылы, өзінің электрондық поштасының мекен-жайына ақпарат алудан кез-келген уақытта бас тарта алады. Сондай-ақ, хаттың төменгі жағындағы «Жазылудан шығу» сілтемесін басу арқылы, электрондық поштаның мекен-жайына ақпаратты алудан кез-келген уақытта бас тартуға болады.

8. Компаниялар тобы Клиенттің жеке деректерін заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуден, жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, таратудан, сондай-ақ үшінші тұлғалардың оған қатысты жасайтын өзге де заңсыз әрекеттерінен қорғау үшін қажетті және жеткілікті деңгейдегі ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қолға алады.

9. Осы келісімге және осы Келісімді қолданумен байланысты туындайтын Клиент пен Компаниялар тобының арасындағы қарым-қатынастарға Ресей Федерациясының құқығы қолданылуы тиіс.

10. Осы келісім арқылы Клиент өзінің 18 жастан асқандығын және осы келісімнің мәтінімен белгіленген шарттарды қабылдайтындығын растайды, сондай-ақ өзінің жеке деректерін өңдеуге ерікті түрде өзінің толық келісімін береді.

11. Клиент пен Компаниялар тобының қарым-қатынастарын реттейтін осы Келісім – Компаниялар тобының сайтының дербестелген сервистеріне Клиенттің қол жеткізуінің және Қызметтерді көрсетудің бүкіл кезеңі бойына қолданыста болады.

«МБШ» ЖШҚ, заңды мекен-жайы: 119334, Мәскеу қ., Ленинский даңғылы, 38 А үй.
«МБШ Консалтинг» ЖШҚ, заңды мекен-жайы: 119331, Мәскеу қаласы, Вернадский даңғылы, 29 үй, 520 кеңсе.
«Moscow Business School – семинарлар» Қосымша кәсіптік білім бойынша коммерциялық емес жекеменшік мекемесі (НЧУДПО), заңды мекен-жайы: 119334, Мәскеу қ., Ленинский даңғылы, 38 А үй.
Электрондық поштаның мекен-жайы: mbs@mbschool.ru Тел: +7 (495) 500-03-06, 8 800 700 33 03

Соңғы жаңартылған күні: 01.03.2014 ж.