Жоғары және қосымша білім: ерекшеліктері және келешегі

05.03.2014
MTI «Магистратура және қосымша білім» көрмесіне қатысты. 2 наурызда Мәскеуде «Магистратура және қосымша білім» көрмесі болып өтті, оған Ресейдің үздік жоғары оқу орындары мен бизнес-мектептері қатысты. Іс-шара – әрі қарай оқуға және жаңа білім мен машықтарды меңгеруге мүдделі, әр-түрлі деңгейдегі мамандар үшін өткізілді. Кездесуде еліміздің жетекші оқу орындарының дипломнан кейінгі білім бағыттарының барлығымен танысуға мүмкіндік туды: магистратура, МВА, екінші жоғары білім, аспирантура, біліктілікті арттыру, кәсіптік қайта даярлау. MTI жеке стенд ұсынды, бұл стендте көрмеге келушілер жоғары оқу орнының оқу бағдарламалары туралы және оқуға түсудің қыр-сырлары туралы ақпаратты алу мүмкіндігіне қол жеткізді. Көрме келесілерді қамтыды:
  • ресейлік және шетелдік магистратура бағдарламаларының таныстырымдары;
  • екінші жоғары білім және МВА бағдарламалары;
  • кәсіптік қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары;
  • білім беру несиелері;
  • университеттердің өкілдерімен жеке кездесулер.
Іс-шараның шеңберінде еліміздің жетекші бизнес-мектептерінің мамандарының тегін бизнес-класстары мен таныстырымдары болып өтті. Бағдарлама сондай-ақ еңбек нарығы бойынша сарапшылық кеңестерді, мансапты дамыту бойынша және бинес-білімді тәжірибелік қызметте қолдану бойынша ұсыныстарды қамтыды.