Мәскеудегі кәсіби бағдарлану күні 2014. Қорытындылары

27.02.2014

MTI 2014 жылдың 22 ақпанында «Сокольники» конгрестік-көрме орталығында өткен Мәскеудегі кәсіби бағдарлану күнінің бас әріптесі ретінде әрекет етті.
Бұл – жыл сайын өтетін іс-шара, оның барысында болашақ абитуриенттер астанадағы білім беру нарығымен таныса алады, әлдебір кәсіпті таңдаудың келешегі туралы, оқу бағдарламалары туралы және қажетті профильдік білім туралы біле алады.

Дәстүр бойынша, Кәсіби қайта бағдарлану күнінде көптеген жас мәскеуліктер мен олардың ата-аналары жиналады. Мектептер мен жоғар оқу орындарының оқытушылары кездесу үшін және тәжірибе алмасу үшін осында келеді.
Биылғы жылы іс-шараның бағдарламасы тек мектеп түлектеріне ғана емес, сонымен қатар, мамандықты таңдау туралы ертерек ойланатын, жасы 12-ден басталатын балаларға да арналып бағдарланды.

Іс-шараның қонақтары үшін бірнеше алаңша жұмыс істеді, олардың әрқайсысында – оқушыларға келешек мамандықты таңдаумен байланысты дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін сынақтардан өту, талқылауларға қатысу немесе дәрістерді тыңдау мүмкіншілігі ұсынылды. Көрмеде Мәскеудің үздік жоғары оқу орындарының өкілдері жиналды. Көрмеде өз стендтерін Мәскеу энергетикалық институты (МЭИ), Станкин, Мәскеу авиациялық институты (МАИ), Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университеті (МЭСИ) орналастырды. MTI абитуриенттердің арасында сұранысқа ие болған жекелеген стендтерді ұсынды.

Іс-шараның аса маңызды және күтілген спикерлерінің бірі – Мәскеудегі «Федералдық білімді дамыту институты» Федералдық мемлекеттік дербес мекемесінің (ФГАУ) және Мәскеу облысындағы «Әлеуметтік басқару академиясы» Жоғары кәсіптік білім бойынша Мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің (ГБОУ ВПО) аға ғылыми қызметкері, жастарды кәсіптік бағдарлау мәселелері жөніндегі мекемеаралық үйлестіру кеңесінің мүшесі Галина Владимировна Резапкина болды. Ол «Оқушыларға өмірдегі өз орнын табуға қалай көмектесуге болады» тақырыбында мастер-класс өткізді.

Сонымен қатар, шақырылған қонақтар мен спикерлердің арасында – жетекші жоғары оқу орындарының студенттері, түлектері және оқытушылары, ресейлік компниялардың топ-менеджерлері, интернет-жобалардың жетекшілері, қабылдау комиссияларының мүшелері, мансап бойынша кеңесшілер, «Қайда барып оқуға болады» журналының жарияланымдарының кейіпкерлері болды.

Кәсіби бағдарлану күнінде алғаш рет пайда болған, Бірыңғай мемлекеттік емтиханның (ЕГЭ) мәселелері талқыланған алаңшалар жоғары қызығушылық тудырды. Мұнда – емтихан туралы және жоғары оқу орындарына түсу туралы толығырақ білуге мүмкіндік туды, сондай-ақ, Бірыңғай мемлекеттік емтиханға (ЕГЭ) дайындық деңгейін тексеруге және әрі қарай дайындалу бойынша ұсыныстарымен бірге күшті және әлсіз тұстарын бағалауға мүмкіндік туды.