Веб-семинарлар

Вебинарлар дегеніміз — онлайн-семинарлар, онда қатысушылар Интернет желісінің көмегімен толық ақпарат пен материалдарды ала отырып, оқытушыны нақты уақыт тәртіптемесінде көре алады және ести алады.

Мұндай формат – жұмыс орнынан немесе үйден шықпастан, интерактивті таныстырымдарға, жиналыстарға, тренингтерге, дәрістерге және сауалнамаларға қашықтан қатысуға мүмкіндік береді.

Қазіргі сәтте Moscow Business School вебинарларына 8 мыңнан астам адам қатысты.

«Маркетингті басқару», «HR-management», «Құжат айналымын ұйымдастыру және іскерлік этикет», «Қаржыны басқару», «PR-менеджердің құралдары» циклдарының бір тақырыптамасы бойынша үш немесе одан артық вебинардың ақысын төлеген жағдайда, осы циклдың қатысушысының электрондық сертификаты беріледі.

Вебинарларға – олардың әрқайсысының сипаттамасының дәл астында орналасқан кестеде тіркелуге болады. Егер вебинарлар бойынша сұрақтар туындайтын болса, Сіз оларды webinar@mbschool.ru мекен-жайы бойынша қоя аласыз.

  • Вебинарлар кестесі (1 сағат)
  • Вебинарлар кестесі (2 сағат)