Moscow Business School мектебіндегі МВА

MBA – тиісті даярлықтан өткен, бизнесті басқару саласындағы біліктілігі жоғары мамандарға берілетін жоғары дәреже. МВА бағдарламалары кеңінен таралып отыр және бүкіл әлемде мойындалған, ал дәреженің өзі – сәтті басқарушылық мансапқа апаратын маңызды қадам болып есептеледі және іскерлік әлемде жоғары бағаланады. МВА бағдарламасында оқу – тек бизнесте ғана емес, сонымен қатар қоғамдық қызметтегі немесе мемлекеттік қызметтегі кез-келген басқа салада да қолданылатын басқарушылық функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті бүкіл теориялық және тәжірибелік білімді ұсынады.

МВА дәрежесін алуға кандидатты даярлау курсы экономика, қаржы есептемесі және бухгалтерлік есеп, құқық, кадрларды басқару, маркетинг, сатулар, операциялық менеджмент және т.б. секілді пәндер бойынша барлық қажетті курстарды қамтиды.

МВА бағдарламаларының шәкірттері – осы дәрежеге оқыту бағдарламасынан өтпеген тұлғалардың алдында бірқатар артықшылықтарды иемденеді:

  • Бизнестің барлық аспектілері, бизнес-стратегиялар және бизнес-тұжырымдамалар туралы білім, бұл ретте тек теориялық тұрғыда емес, сонымен қатар тәжірибелік сабақтар арқылы;
  • Машықтанулардың барысында, қол жеткізілген білімді – күнделікті бизнес-үдерістерді жүзеге асыру барысында тәжірибе жүзінде қолдану жаттықтырылады;
  • Көшбасшылық қабілеттер мақсатты түрде арнайы дәрістер мен тренингтерде дамытылады, олардың барысында, нақты бизнес-жағдайларда өзін-өзі қалай ұстау керектігі туралы және нақты мәселелерді қалай шешу керектігі туралы оқытылады;
  • Оқу барысында қалыптасатын және ұзақ жылдар бойы сақталып қалатын таныстықтар жүйесі.

Moscow Business School өз бағдарламаларын жетілдіруге – Ресейде және шетелде танымал болған 100-ден астам экономика және бизнес саласындағы сарапшыларды, бизнес-үдерістерді жүзеге асырудың барлық салаларындағы жетекші кеңесшілерді, топ-менеджерлерді, аса ірі компаниялардың басқарушыларын тартты.

Оқу бағдарламалары

MBA Start — қашықтық технологиялардың пайдаланылуымен орташа және жоғары тізбектегі біліктілігі жоғары менеджерлерді жан-жақты даярлау үшін жетілдірілген Moscow Business School мектебінің интегралдық білім беру бағдарламасы. Екі жылдық оқу курсын ойдағыдай тәмамдағаннан кейін түлектер МВА дипломымен расталған, іскерлік әкімшілеу шеберінің (МВА) жоғары басқарушылық біліктілігіне қол жеткізеді. Толығырақ...

MBA Global — Мәскеуде МВА дәрежесіне күндізгі оқу бағдарламасы болып табылады, ал оны тәмамдағаннан кейін түлектерге Американың Lincoln University (California) университетінің түпнұсқалық МВА дипломы беріледі. Сабақтарды Lincoln University оқытушылары ағылшын тілінде жүргізеді. Оқу кешкі уақытта және демалыс күндері өткізіледі, ал бұл – студенттерге оқуды жұмыспен бірге алып жүруге мүмкіндік береді. Толығырақ...

MBA Professional — қаржы, маркетинг және сатулар, стратегиялық басқару, қызметкерлерді басқару (HR) немесе өндірістік менеджмент секілді кәсіби салалардың бірінде терең маманданумен менеджерлерді даярлау бағдарламасы болып табылады. Бұл бағдарламада оқу – тек тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшыларына ғана емес, сонымен қатар, аталған салалардағы мамандардың барлығына, сондай-ақ, бизнес-үдерістерді жүзеге асырудағы өз танымының ауқымын кеңейтуді қалайтын тәжірибелі басқарушылардың барлығына жарайды. Толығырақ...

Салалық MBA Start — МВА бағдарламаларының сериясы болып табылады, олардың әрқайсысы МВА стандарттары бойынша толыққанды оқу курсын қамтиды, сондай-ақ белгілі бір саладағы (мейманхана және мейрамхана бизнесінде, ритейлде, медицинада, спортта, құрылыста немесе сұлулық индустриясында) тиімді басқарудың арнаулы білімі мен машықтарына оқытатын, тәжірибеге бағдарланған қосымша компонентті қамтиды. Бұл бағдарламалар осы салалардағы бизнес иелері үшін және осындай бизнесті ашқысы келетін тұлғалар үшін, сондай-ақ, осындай қызмет салаларының бірінде өзінің басқарушылық мансабын дамытуды жоспарлаған менеджерлер үшін арнайы жетілдірілген. Толығырақ...