Корпоративтік оқу

Кешенді бағдарламалар

Moscow Business School әр-түрлі форматтарда корпоративтік оқытуды жүргізеді. Компания қызметкерлерін топтық оқытудың аса қажет етілген түрі — жалпы ұзақтығы 2-3 жұмыс күнін құрайтын семинарлар мен тренингтердің күндізгі сериясы, олар теориялық материалдардың тәжірибелік сабақтармен ойластырылған үйлесімі болып табылады. Сабақтар біздің стандартты бағдарламаларымыздың бірі бойынша өтуі мүмкін немесе тапсырыс беруші ұйымның арнайы талаптарына қарай жеке жетілдіріледі. Оқу Moscow Business School мектебінің оқу дәрісханаларында да, компанияның аумағында да өткізілуі мүмкін.

Компанияларға арналған басқа шешімдер

Нақты компанияның қызметінің қажеттіліктері мен өзіндік ерекшеліктерінің ескерілуімен, сондай-ақ иесінің кез-келген жеке қалаулары мен жұмыстылық бойынша шектеулердің ескерілуімен жетілдірілетін қашықтық курстар және электрондық оқу кешендері.

Өз саласында жетекші позицияларды иемденуге ұмтылатын компаниялар үшін бизнестің 20-дан артық саласы бойынша қысқа мерзімді семинарлар мен тренингтер түріндегі немесе толыққанды МВА курсы түріндегі арнаулы салалық бағдарламалар.

Нақты міндеттерді шешуге арналған тәжірибелік кеңестерді қамтитын және бизнесті жүргізу барысында оперативтік көмек көрсету үшін жетілдірілген қосымша материалдар кешені мен бейнежазбалардан тұратын бейнекурстар.

Лекторға кез-келген сұрақты қою және одан жедел жауап алу мүмкіншлігін, сондай-ақ басқа тыңдаушылармен пікір алмасу және тәжірибе алмасу мүмкіншілігін қамтамасыз ететін, жетекші сарапшылармен және кеңесшілермен нақты уақытта өткізілетін веб-семинарлар.

Жекелеген үдерістерді және жалпы компанияны басқару жөніндегі нақты міндеттерді шешу үшін, бизнес саласындағы теориялық зерттеулердің нәтижелері мен аса жаңа технологияларды тәжірибе жүзінде қолдануға бағдарланған, барлық деңгейдегі басшыларды даярлауға арналған BBA және MBA бағдарламалары.

Экономика, менеджмент және заманауи технологиялар саласындағы әр-түрлі мамандықтар бойынша бакалавриаттағы және магистратурадағы бірінші және екінші жоғары білім бағдарламалары.

Қызметкерлерді кешенді түрде оқытудың артықшылықтары

Қызметкерлерді оқытуға арналған түбегейлі тәсілдеме — кез-келген компанияның жұмысының тиімділігін келесілердің есебінен арттырудың нәтижелі әдісі:

  • Әрбір жекелеген қызметкердің біліктілігін арттырудың нәтижесінде компанияның корпоративтік мәдениетінің деңгейін өсіру;
  • Топ-менеджментті, орта тізбектегі басшыларды, мамандарды және кадрлық резервті кешенді түрде оқыту арқылы компанияның дамуына жұмсалатын шығындарды оңтайландыру;
  • Басқарудың, шешімдерді қабылдаудың және еңбек нәтижелерін бағалаудың бірыңғай стандарттарына сәйкес үйлестірілетін, идеологиялық тұрғыда біртұтас жұмыс командасын құру;
  • Компанияның әлеуетін дамыту үшін қажетті білімді үздіксіз толықтырып отыру және жаңартып отыру;
  • Оқу барысында қол жеткізілген ең заманауи басқару құралдарын күнделікті тәжірибеде пайдалану.

Өтінімді рәсімдеңіз де, өз компанияңызда корпоративтік оқыту жүйесін құру мүмкіншіліктері туралы толығырақ ақпарат алыңыз: