Консалтингілік қызметтер

Бизнесті қаржыландырумен байланысты жағдайдың жылдам нашарлауының, жеткіліксіз деңгейдегі өтімділіктің, жеткізілімдер тізбегіндегі артып келе жатқан төлемеушіліктің салдарынан көптеген компаниялар қазіргі таңда өз қызметін қамтамасыз етумен байланысты қиындықтарды бастан өткеруде. Бірқатар кәсіпорындардың басшылығының алдында бизнестің тіршілік ету қабілеттілігін сақтап қалу міндеті тұр.

Moscow Business School дағдарыс жағдайында кәсіпорынның іс-әрекетке қабілеттілігін сақтап қалуға және әрі қарай өсіп даму үшін әлеует жинауға мүмкіндік беретін барынша оңтайлы шешімдерді жетілдіру және дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасын қалыптастыру мақсатында жетекші сарапшылар мен кеңесшілердің тәжірибесін, кәсіби білімі мен машықтарын ұсынады.

Жеке кеңес беру – тұрақты абонент негізінде де, бір мәртелік экспрес-кеңестер түрінде де жүзеге асырылуы мүмкін.

Экспресс-консалтинг дегеніміз — ұзақтығы 20 жұмыс күнінен аспайтын қысқа мерзімді жобалар, олардың мақсаты – стратегиядан бастап басқарушылық есепке дейін бизнесті басқару жүйесінің кез-келген элементтеріндегі істердің ахуалын тиімді әрі қысқа мерзімде бағалау, тәуекел аймақтарын анықтау және тапсырыс берушінің жобасының тобымен бірлесе отырып аса өзекті міндеттерді жылдам шешу болып табылады.

Консалтингілік қызметтер туралы толығырақ ақпаратты www.mbschool.ru/consulting ресми сайтынан алуыңызға болады.