Moscow Business School

Moscow Business School — Ресейдің жетекші бизнес-мектептерінің бірі, онда Ресейдің және батыс елдерінің нарығында көшбасшы болып табылатын компаниялардың қызметкерлері оқиды. Moscow Business School дегеніміз, бірінші кезекте бұл – қызығушылық туғызатын, біліктілігі жоғары адамдардың: басқарушылардың, менеджерлердің, жаттықтырушылардың және тәжірибешілердің тобы болып табылады және оқу барысында олармен тілдесу – тыңдаушыларға жаңа білім мен идеяларды беріп қана қоймай, сонымен қатар, оларды іс жүзінде іске асыруға түрткі болады.

Moscow Business School мектебінде оқи отырып, Сіз бизнес және басқару саласындағы ең заманауи білім мен машықтарды меңгересіз, оқу барысындағы сервистің жоғары сапасына және жеке тәсілдемеге, халықаралық деңгейдегі беделді дипломдар мен сертификаттарға қол жеткізесіз, сондай-ақ, тәжірибе алмасу үшін және серіктестік орнату үшін пайдалы және қызықтырарлық жаңа байланыстарды орнатасыз. MBS мектебінде оқу – қол жеткізілген іскерлік тәжірибені құрылымдауға және нақты бизнес-міндеттерді шешуге арналған жүйелік тәсілдеме машықтарын қалыптастыруға көмектеседі, ал бұл – Сіздің кәсіби және мансаптық өсуіңізге жағдай жасайды.

        

Moscow Business School мектебінің географиясы

Moscow Business School филиалдары Ресейдің барлық ірі аймақтарындағы қалаларда, ТМД елдерінде, сондай-ақ, Чехия Республикасында және АҚШ-та жұмыс істейді. Ресейдің аймақтарындағы және әлемнің іскерлік астаналарындағы бизнес пен білімнің барлық салаларының өзекті ақпараты мен жаңа үрдістерін жер-жерлерде қадағалап отыру мақсатында, біз әлемдегі өз өкілдіктеріміздің желісін дамытып отырмыз. Осындай деректерді талдау арқылы, білім берудің сапасын ең жоғары деңгейде қолдай отырып, біз тек оқу бағдарламаларын ғана емес, сонымен қатар, білім беру қызметін де жетілдіріп, жаңартып отырамыз.

Сіз әрдайым өзіңіздің іс жүзіндегі тұрғылықты жеріңізге ең жақын орналасқан кез-келген капусқа жолығып, біздің мамандарымыздың білікті кеңесіне жүгіне аласыз, оқу барысында жедел көмек алуыңызға болады және барлық қажетті оқу материалдарына қол жеткізе аласыз, сондай-ақ, жүзеге асырылып жатқан іс-шараларға қатысуыңызға болады.

        

Moscow Business School сандармен

  • Біздің жаңа оқу кампусымыз Мәскеу қаласының орталығында орналасқан және ең заманауи оқу жабдықтарымен жабдықталған.
  • Ресейде және шетелде өздерінің пәндік салаларындағы жетістіктерімен танымал болған 100-ден астам жаттықтырушылар, сарапшылар, кеңесшілер және топ-менеджерлер бизнес-мектептегі оқу бағдарламаларын жетілдіруге және сабақ беруге тартылған.
  • Бизнес-білім берудің 15 ұзақ мерзімдік бағдарламасының арасында таңдау жасау мүмкіндігі бар: MBA дәрежесіне арналған толыққанды екіжылдық оқудан бастап, қысқартылған бағдарлама бойынша жеделдетілген курсқа дейін.
  • Әр ай сайын, кәсіптік білім берудің қысқа мерзімдік бағдарламалары шеңберінде Ресей бизнесінің бүкіл қажеттіліктерінің 100%-ға тақырыптық қамтылуымен 100-ден астам семинар өткізіледі
  • Корпоративтік оқу үшін, 10 бағыт бойынша 200-ден астам семинарлар мен жаттығулар жетілдірілген.
  • Әр ай сайын 100-ден астам бейнесеминар өткізіледі, оларға әлемнің кез-келген нүктесінен қатысуға болады.