Факультеттер

Мәскеу технологиялық институтында оқу – екі факультеттің қызметі шеңберінде жүзеге асырылады. Техника және заманауи технологиялар факультеті – ақпараттық технологиялар және өндірістік технологиялар, құрылыс және т.б. салалардағы кадрларды даярлауға жауап береді. Экономика және менеджмент факультеті – бизнес-әкімшілеу, экономика, экономиканың әр-түрлі салаларындағы басқару, электронды педагогика салаларындағы мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді.

 

Техника және заманауи технологиялар факультеті

Техника және заманауи технологиялар факультеті
Факультет – информатика, заманауи техника және технологиялар саласындағы кадрларды даярлау бойынша Ресейдің аса ірі орталықтарының бірі болып табылады. Жетекші коммерциялық технологиялық компаниялармен: CISCO, EMC, Autodesk және басқаларымен белсенді ынтымақтастық жүзеге асырылуда. Теориялық дайындықпен қатар, біздің түлектер жоғары технологиялық жабдықтармен жұмыс жасау бойынша тәжірибелік машықтарды меңгереді.

 

Экономика және менеджмент факультеті

Экономика және менеджмент факультеті
Экономика және менеджмент факультеті – Экономика және Менеджмент бағыттары шеңберінде оқу профильдері мен білім беру бағдарламаларының ауқымды спектрі бойынша мамандарды даярлауды жүзеге асырады. Оқу – қашықтан білім беру технологияларының негізінде, күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша жүргізіледі. Факультетте – белсенді консалтингілік, ғылыми-зерттеушілік және өзге кәсіптік қызметті жүзеге асырып жүрген білікті оқытушылар мен тәжірибеші-сарапшылар жұмыс істейді.