Технологиялық үдерістерді автоматтандыру жүйелері мен құралдары

Технологиялық үдерістер мен өндірістерді автоматтандыру және кибернетикалау – компьютерлік және ақпараттық технологиялар, жасанды зият, басқару теориясы, микропроцессорлық техника және электроника, автоматика аспаптары мен құрылғыларын жобалау салаларындағы соңғы жетістіктерді пайдаланатын білікті мамандардың көмегінсіз мүмкін болмай отыр. Заманауи өндірістерді ақпараттандырудың жоғары деңгейі – басқару және автоматтандыру салаларындағы кәсіпқойлардың аса жоғары деңгейде қажет етілуінің кепілдігі болып табылады.

Бұл бағыттың студенттері келесі пәндерді оқиды:

  • операцияларды зерттеу және оңтайландыру әдістері, сұлбатехника және басқаруды автоматтандыру жүйелері;
  • жобаларды басқару және нысандық-бағытталған программалау;
  • өндірісті жоспарлау және ұйымдастыру, технологиялық үдерістерді басқару жүйелері;
  • программалық қамтамасыз етуді жетілдіру технологиялары.

Профильдің арнайы пәндерінің құрамына келесілер кіреді:

  • автоматты түрде реттеу жүйелері;
  • зиятты ақпараттық жүйелер;
  • шешімдерді қабылдауды қолдаудың ақпараттық құралдары;
  • программалық құралдар мен ақпараттық технологияларды стандарттау;
  • автоматтандыру және басқару жүйелерінің сұлбатехникасы;
  • және т.б.

Желілік технолгиялар және жүйелік әкімшілеу бойынша пәндер қосымша оқылады.

Оқудың нәтижесінде түлек келесі қабілеттерді иемденеді:

  • жаңа құралдар мен автоматтандыру жүйелерін, техникалық жүйелерді бақылау құралдарын, техникалық жүйелерді тәжірибелік зерттеу әдістерін жетілдіру машықтарына қол жеткізеді, басқару жүйелеріне диагностика жасау құралдары мен аспаптарын меңгереді;
  • компьютерлік жүйелер және технологиялық үдерістерді автоматтандыру саласында терең білім алады;
  • техникалық инфрақұрылымды құру бойынша, программалық-аппараттық кешендерді баптау және жөндеу бойынша, ақпараттық және автоматтандырылған жүйелердің құрамында аппараттық және программалық құралдарды ұштастыру бойынша кешенді жұмыстарды орындаумен байланысты машықтарға қол жеткізеді.

Жұмысқа орналасу:

Оқуды тәмамдағаннан кейін бұл профильдің түлектері келесі қызметтерде табысты жұмыс істейді:

  • технологиялық жүйелерді басқарудың аппараттық-программалық кешендерін жетілдіру және енгізу саласындағы маман, сарапшы;
  • жобалардың менеджері, бөлім бастығы;
  • инженер-жүйе технигі; инженер-жобалаушы.

Оқудың ұзақтығы: 3 жылдан 4,5 жылға дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

Жалпы (толық) орта білім туралы аттестат (11 сынып) немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (техникум немесе колледж). Қажет болған жағдайда, бірыңғай мемлекеттік емтиханның (БМЕ) нәтижелері.

Дипломдар:

«Технологиялық үдерістерді автоматтандыру жүйелері мен құралдары» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін Сіз РФ-ның мемлекеттік үлгідегі бакалавр дипломын, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымшаны (Diploma Supplement) аласыз.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
295 000 тенге
(350 000 тенге)*
350 000 тенге
159 500 тенге
(249 500 тенге)*
249 500 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project]

1 жылдық оқудың құны көрсетілген;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.