Техникалық жүйелердегі басқару

«Техникалық жүйелердегі басқару» бағыты бойынша бакалаврлардың кәсіби қызметінің нысандары келесілер болып табылады: автоматтандыру, басқару, бақылау жүйелері; техникалық диагностика жасау және ақпараттық қамтамасыз ету жүйелері; автоматтандырылған жүйелерді жобалау, үлгілеу, тәжірибелік зерттеу әдістері мен құралдары, қолданыстағы нысандарда автоматтандырылған жүйелерді пайдалануға беру және оларға техникалық қызмет көрсету.

«Техникалық жүйелердегі басқару» бағыты бойынша бакалаврлар келесі кәсіби міндеттерді шешуге даярланған:

  • жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін дайындауға, автоматтандыру және басқару жүйелері мен құралдарын құруға қатысу;
  • автоматтандыру және басқару жүйелерінің техникалық құралдары мен программалық өнімдерінің өндірісін технологиялық дайындау;
  • автоматтандыру және басқару жүйелері мен құралдарын өндіру, дұрыстау және пайдалануға беру;
  • берілген әдістеме бойынша қолданыстағы нысандарда тәжірибелерді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмыстарға қатысу;
  • бекітілген нысандар бойынша белгіленген есептілікті және ұйымдастырушылық-техникалық құжаттаманы (жұмыс кестелерін, нұсқаулықтарды, жоспарларды, сметаларды) жетілдіру;
  • техникалық құралдарды, жүйелерді, үдерістерді, жабдықтарды және материалдарды сертификаттау жөніндегі жұмыстарды орындау;
  • қолданыстағы нысанда автоматандыру мен басқарудың техникалық құралдары мен программалық кешендерін баптау және жабдықтарды тексеру, жөндеу, ретке келтіру,  жағдайын бағалау;
  • автоматтандыру мен басқарудың программалық-аппараттық кешендерін нысанмен ұштастыруға қатысу, қолданыстағы нысанда автоматтандыру мен басқарудың программалық кешендері мен аппаратурасының тәжірибелік үлгілерін сынауға және пайдалануға беруге қатысу.

Қоғамның дамуының қазіргі таңдағы кезеңінде өндірісте, медицинада, ауыл шаруашылығында, көлік саласында техникалық жүйелерді автоматтандыру, жаңарту, компьютерлендіру жүзеге асырылуда. Осыған байланысты, «Техникалық жүйелердегі басқару» бойынша бакалаврларды даярлау бағыты таяу жылдарда аса өзекті және үдемелі бағытқа айналады.

Федералдық мемлекеттік білім беру стандарттарының үшінші буынымен танысыңыз (ФГОС-3) →

Бағыттың профильдері:

Оқудың ұзақтығы: 3 жылдан 4,5 жылға дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

Жалпы (толық) орта білім туралы аттестат (11 сынып) немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (техникум немесе колледж). Қажет болған жағдайда, бірыңғай мемлекеттік емтиханның (БМЕ) нәтижелері.

Дипломдар:

«Техникалық жүйелердегі басқару» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін Сіз РФ-ның мемлекеттік үлгідегі бакалавр дипломын, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымшаны (Diploma Supplement) аласыз.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
295 000 тенге
(350 000 тенге)*
350 000 тенге
159 500 тенге
(249 500 тенге)*
249 500 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project]

1 жылдық оқудың құны көрсетілген;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.