Табиғи ортаны қорғау және ресурстарды үнемдеу

Еңбек нарығы бүгінгі таңда техниканың ұдайы қолданылуы жағдайларында жайлы өмірді қалыптастыруға дайын тұрған, қазіргі заманғы әлемде адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы біліктілігі жоғары мамандарды даярлауды қажет етеді.

Бұл саладағы кәсіби қызметті табысты жүзеге асыру үшін техникалық құралдарды, бақылау және болжау әдістерін жоғары деңгейдегі тиімділікпен пайдалану машықтарын иемдену қажет, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті ортада жұмыс істеуге қабілетті болу керек және оның өмірлік циклінің әр-түрлі кезеңдерінде техносфера нысаны қызметінің қаржылық тұрақтылығына және стратегиялық тиімділігіне қол жеткізу үшін кәсіби міндеттерді шешуге қабілетті болу керек.

Бұл бағыттың түлектері кәсіби қызметтің келесі түрлеріне даярланған:

  • сараптамалық, қадағалаушылық және инспекциялық-аудиторлық: қоршаған ортаның жағдайын бақылау және оған мониторинг жасау, экологиялық сараптама және аудит, экологиялық заңнаманың талаптарының орындалуын қадағалау, жаңа техникалық нысандардың құрылысының жобалары мен техносфералық аймақтардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық: экологиялық бақылау және мониторинг жүйелерін құру, экологиялық-логистикалық сұлбаларды жетілдіру, кәсіпорындағы экологиялық менеджмент, қала аумақтары, аудан деңгейінде табиғатты қорғау қызметін басқару;
  • ғылыми-зерттеушілік: қоршаған ортаны бақылаудың және оған мониторинг жасаудың, ластану көздерін басқарудың жаңа әдістерін, энергия және ресурс үнемдеудің жаңа технологияларын оқып зерттеу;
  • жобалау-құрастырушылық: қоршаған ортаны бақылаудың және оған мониторинг жасаудың техникалық жобаларын, геоақпараттық жүйелерді, энергия және ресурс үнемдейтін технологияларды жетілдіру, балама отын түрлерін, дәстүрлі емес жаңартылмалы және үнемдегіш энергия көздерін, қайталама ресурстарды пайдалану жобаларын, тұйықталған өндірістік циклдарды, экологиялық тұрғыда оңтайландырылған «өндіріс-тұтыну» циклдарын енгізу.

Оқудың нәтижесінде түлек келесі қабілеттерді иемденеді:

  • табиғи ортаның жағдайын бақылауды және оған келтірілетін антропогенді әсерді бағалауды қамтамасыз етуге, табиғатты пайдалануды оңтайландыруға және қоршаған ортаның сапасын басқаруға мүмкіндік беретін машықтарға қол жеткізеді;
  • қазіргі заманғы әлемде адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қабілетті болады;
  • адамның өмірі мен тіршілігі үшін жайлы техносфераны қалай қалыптастыру керектігін біледі;
  • табиғи ортаға техногендік әсерді барынша азайтуға қабілетті болады;
  • бақылаудың және болжаудың техникалық құралдарын, әдістерін пайдаланудың есебінен адамның өмірі мен денсаулығын сақтау саласындағы машықтарды меңгереді.

Оқудың ұзақтығы: 3 жылдан 4,5 жылға дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

Жалпы (толық) орта білім туралы аттестат (11 сынып) немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (техникум немесе колледж). Қажет болған жағдайда, бірыңғай мемлекеттік емтиханның (БМЕ) нәтижелері.

Дипломдар:

«Табиғи ортаны қорғау және ресурстарды үнемдеу» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін Сіз РФ-ның мемлекеттік үлгідегі бакалавр дипломын, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымшаны (Diploma Supplement) аласыз.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
295 000 тенге
(350 000 тенге)*
350 000 тенге
159 500 тенге
(249 500 тенге)*
249 500 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project]

1 жылдық оқудың құны көрсетілген;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.