Еңбек қауіпсіздігі

Еңбек нарығы бүгінгі таңда техниканың ұдайы қолданылуы жағдайларында жайлы өмірді қалыптастыруға дайын тұрған, қазіргі заманғы әлемде адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы біліктілігі жоғары мамандарды даярлауды қажет етеді.

Бұл саладағы кәсіби қызметті табысты жүзеге асыру үшін техникалық құралдарды, бақылау және болжау әдістерін жоғары деңгейдегі тиімділікпен пайдалану машықтарын иемдену қажет, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті ортада жұмыс істеуге қабілетті болу керек және оның өмірлік циклінің әр-түрлі кезеңдерінде техносфера нысаны қызметінің қаржылық тұрақтылығына және стратегиялық тиімділігіне қол жеткізу үшін кәсіби міндеттерді шешуге қабілетті болу керек.

Бұл бағыттың түлектері кәсіби қызметтің келесі түрлеріне даярланған:

  • ұйымдастырушылық-басқарушылық: кәсіпорындарда еңбекті қорғауды құру және еңбекті қорғау қызметтерінің жұмысын басқару, еңбек қауіпсіздігі және қызметкерлердің денсаулығы менеджменті, еңбекті қорғау бойынша нұсқамалық өткізу және оқыту, кәсіпорындағы еңбекті қорғау жүйесін сертификаттау, жарақаттың және кәсіби сырқаттың профилактикасы;
  • сараптамалық, қадағалаушылық және инспекциялық-аудиторлық: еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттау; еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың, Еңбек кодексінің және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің орындалуын қадағалау; өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп тексеру;
  • жобалау-құрастырушылық: қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарының құрастырмаларын жетілдіру және қолайлы климаттық, жарықтық және эргономикалық еңбек жағдайларын қамтамасыз етуді жетілдіру;
  • ғылыми-зерттеушілік: еңбек жағдайларын зерттеу, өндірістік тәуекелдерді, жарақат көрсеткіштерін және жұмыскерлердің денсаулығының көрсеткіштерін талдау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, жарақаттану қаупі жоқ еңбек үдерісін ұйымдастырудың жаңа әдістерін зерттеу.

Оқудың нәтижесінде түлек келесі қабілеттерді иемденеді:

  • жұмыс аймақтарындағы, жұмыс орындарындағы қауіпсіздікті және қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін машықтарға қол жеткізеді;
  • қазіргі заманғы әлемде адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қабілетті болады;
  • адамның өмірі мен тіршілігі үшін жайлы техносфераны қалай қалыптастыру керектігін біледі;
  • табиғи ортаға техногендік әсерді барынша азайтуға қабілетті болады;
  • бақылаудың және болжаудың техникалық құралдарын, әдістерін пайдаланудың есебінен адамның өмірі мен денсаулығын сақтау саласындағы машықтарды меңгереді.

Оқудың ұзақтығы: 3 жылдан 4,5 жылға дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

Жалпы (толық) орта білім туралы аттестат (11 сынып) немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (техникум немесе колледж). Қажет болған жағдайда, бірыңғай мемлекеттік емтиханның (БМЕ) нәтижелері.

Дипломдар:

«Еңбек қауіпсіздігі» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін Сіз РФ-ның мемлекеттік үлгідегі бакалавр дипломын, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымшаны (Diploma Supplement) аласыз.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
295 000 тенге
(350 000 тенге)*
350 000 тенге
159 500 тенге
(249 500 тенге)*
249 500 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project]

1 жылдық оқудың құны көрсетілген;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.