Техносфералық қауіпсіздік

«Техносфералық қауіпсіздік» бағыты бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің салалары келесілер болып табылады: қазіргі заманғы әлемде адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамның өмірі мен тіршілігі үшін жайлы техносфераны қалыптастыру, табиғи ортаға келтірілетін техногендік әсерді барынша азайту, заманауи техникалық құралдарды, бақылау және болжау әдістерін пайдаланудың есебінен адамның өмірі мен денсаулығын сақтап қалу.

«Техносфералық қауіпсіздік» бағыты бойынша бакалавр келесі кәсіби міндеттерді шешуге даярланған:

  • кәсіпорынның қызметкерлері тарапынан еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және өзге нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
  • өндірістік жарақатты, кәсіби және өндірістен туындайтын сырқаттардың алдын алу және еңбек жағдайларын жақсарту бойынша профилактикалық жұмысты жетілдіру;
  • кәсіпорндағы өртке қарсы-профилактикалық жұмыстарды жоспарлауды жүзеге асыру;
  • кәсіпорынның нысандарының, технологиялық үдерістерінің, технологиялық жабдықтарының, өнімдерінің және материалдық-техникалық ресурстарының өрт қауіпсіздігі жағдайын талдау;
  • өртке қарсы қорғануды және өрттің алдын алуды күшейтуге бағытталған шараларды жетілдіру;
  • адамды және аумақтарды қорғау жүйелері саласындағы, төтенше жағдайларда халық шаруашылығы нысандарының тұрақтылығын және техногендік апаттар мен дүлей апаттардың салдарын жоюды қамтамасыз ету саласындағы, сондай-ақ, төтенше жағдайдың салдарының зиянды әсері мен қауіптерінен адамды, экономика нысандарын және тіршілік ету ортасын қорғау әдістері мен құралдары саласындағы зерттеушілік, жобалық, ұйымдастырушылық-басқарушылық, өндірістік-технологиялық қызметпен айналысу;
  • қоланыстағы экологиялық заңнаманың, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нұсқаулықтардың, стандарттардың және нормативтердің кәсіпорында орындалуын бақылауды жүзеге асыру

Бұл мамандық — экономика өскен жағдайда да, ол дағдарысқа ұшыраған жағдайда да әрдайым өзекті болып табылады. Мұндай мамандарды даярлау үшін заманауи электрониканы, табиғатты қорғау технологияларының программалық қамтамасыз етуін, өнерпкәсіптік экологияны, мониторинг жүйесін, сондай-ақ экологиялық менеджментпен, сараптамамен және заңнамамен байланысты мәселелерді зерттеуді қарастыратын бағдарлама жасап шығарылды.

Федералдық мемлекеттік білім беру стандарттарының үшінші буынымен танысыңыз (ФГОС-3) →

Бағыттың профильдері:

Оқудың ұзақтығы: 3 жылдан 4,5 жылға дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

Жалпы (толық) орта білім туралы аттестат (11 сынып) немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (техникум немесе колледж). Қажет болған жағдайда, бірыңғай мемлекеттік емтиханның (БМЕ) нәтижелері.

Дипломдар:

«Техносфералық қауіпсіздік» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін Сіз РФ-ның мемлекеттік үлгідегі бакалавр дипломын, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымшаны (Diploma Supplement) аласыз.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
295 000 тенге
(350 000 тенге)*
350 000 тенге
159 500 тенге
(249 500 тенге)*
249 500 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project]

1 жылдық оқудың құны көрсетілген;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.