Өндірістік менеджмент

Өндірістік компаниялар мен корпорациялар Ресей экономикасының және әлемдік экономиканың негізін құрайды. Өндірістік кәсіпорынды басқару – өндірістік, басқарушылық, ұйымдастырушылық және өзге де кешенді мәселелерді шешуге қабілетті, біліктілігі жоғары мамандарды қажет етеді.

Бұл профильдің студенттері келесі пәндерді оқиды:

  • тарих, философия, логика, құқықтану, социология, психология, шет тілі, іскерлік тілдесу, экономика;
  • математика, статистика, ақпараттық технологиялар, басқару жүйелерін зерттеу, операцияларды зерттеу, жүйелік талдау, басқарушылық шешімдерді қабылдау әдістері.

Оқу барысында келесі білім салаларына ерекше назар аударылады: менеджмент теориясы, операцияларды басқару, стратегиялық менеджмент, қаржы менеджменті, адам ресурстарын басқару, жобаларды басқару, инвестициялық талдау және т.б.

Профильдің арнайы пәндерінің құрамына келесілер кіреді:

  • өндірісті ұйымдастыру және басқару, логистика, бизнес-жоспарлау, инновациялық менеджмент;
  • ұйымдық жобалау, кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметіне талдау жасау, сапаны басқару, тәуекелдерді басқару, өзгерістерді басқару және т.б.

Таңдау бойынша пәндердің арасынан келесілер оқылады: баға белгілеу, фирманың экономикасы, білімді басқару, кәсіпорынның ақпараттық-технологиялық ресурстарын басқару, брендті басқару, қаржы нарықтары мен институттары және т.б.

Оқудың нәтижесінде түлек келесі қабілеттерді иемденеді:

  • өндірісті ұйымдастырудың немесе дамытудың, жаңа технолгиялар мен тауарларды игерудің, өндірістік қуаттылықтарды жаңғыртудың немесе кеңейтудің келешегін талдайды;
  • өндірістің, жоспарлаудың экономикалық тиімділігін зерттеуді жүргізеді және өндірістік үдерістерді оңтайландыру бойынша іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады;
  • өндірістік потенциалды дамыту жобаларының бизнес-жоспарларын жетілдіреді және талдайды;
  • кәсіпорынның өндірістік үдерістерінің шеңберінде қызметін жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылайды.

Жұмысқа орналасу

Оқуды тәмамдағаннан кейін, осы профильдің түлектері ірі, орта және шағын өндірістік компаниялар мен кәсіпорындардағы өндірістік-технологиялық, жоспарлау-экономикалық бөлімдері мен қызметтерінде, келешектік даму және стратегиялық басқару бөлімдерінде; өндірістік компаниялар үшін әр-түрлі қызметтерді көрсетуге жұмылдырылған консалтингілік компанияларда, инвестициялық компанияларда және қаржы мекемелерінде келесі қызметтерде табысты жұмыс істейді:

  • өндірісті ұйымдастыру жөніндегі мамандар, талдаушылар, өндіріс бойынша кеңесшілер;
  • бөлімдердің және жобалардың бастықтары.

Оқудың ұзақтығы:
3 жылдан 4,5 жылға дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:
Жалпы (толық) орта білім туралы аттестат (11 сынып) немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (техникум немесе колледж). Қажет болған жағдайда, бірыңғай мемлекеттік емтиханның (БМЕ) нәтижелері.

Дипломдар:
«Өндірістік менеджмент» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін Сіз РФ-ның мемлекеттік үлгідегі бакалавр дипломын, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымшаны (Diploma Supplement) аласыз.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
295 000 тенге
(350 000 тенге)*
350 000 тенге
134 500 тенге
(225 000 тенге)*
225 000 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project]

1 жылдық оқудың құны көрсетілген.
Бастапқы жарнасы 0% құрайтын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.