Ақпараттық менеджмент

Қазіргі замандағы ұйымдарда ақпараттық технологиялардың қолданылуынсыз басқару мүмкін емес. Басқарудың ақпараттық технологияларын пайдалану тиімділігін арттыру мәселелерін шешумен – техникалық білімімен қатар, басқарушылық және экономикалық білімі бар кәсіби мамандар айналысуы тиіс.

Бұл профильдің студенттері келесі пәндерді оқиды:

  • тарих, философия, логика, құқықтану, социология, психология, шет тілі, экономика;
  • математика, статистика, ақпараттық технологиялар, басқару жүйелерін зерттеу, операцияларды зерттеу, басқарудағы жүйелік талдау, басқарушылық шешімдерді қабылдау әдістері.

Оқу барысында келесі пәндерді оқып зерттеуге ерекше назар аударылады: менеджмент теориясы, маркетинг, есеп жүргізу және талдау, қаржы менеджменті, жобаларды басқару, стратегиялық менеджмент, инвестициялық талдау және т.б.

Профильдің арнайы пәндерінің құрамына келесілер кіреді:

  • менеджменттегі ақпараттық технологиялар, инновациялық менеджмент, тәуекелді басқару, өзгерістерді басқару;
  • кәсіпорынның ақпараттық-технологиялық ресурстарын басқару, білімді басқару, программалау негіздері, бизнес-жоспарлау.

Таңдау бойынша пәндердің арасынан келесілер оқылады: сапаны басқару, кәсіпкерлік негіздері, бизнес-үдерістерді үлгілеу, маркетингілік зерттеулер, компанияның құнын бағалау және т.б.

Оқудың нәтижесінде түлек келесі қабілеттерді иемденеді:

  • басқарудың, ұйымдық құрылымның, бизнес-үлгілердің және бизнес-үдерістердің қолда бар ақпараттық жүйелеріне талдау жасауды жүзеге асырады, даму жоспарлары, жобалардың бизнес-жоспарлары түрінде олардың тиімді түйіндесу бағыттарын анықтайды, белгілі бір ақпараттық-технологиялық шешімдердің тиімділігін бағалайды;
  • ақпараттық технологиялар нарығына талдау жасауды жүзеге асырады, программалық және аппараттық басқару құралдарын іздеуді және оңтайлы түрде таңдауды ұйымдастырады;
  • ақпараттық-технологиялық жүйелердің үлгілерін жетілдіріп, кәсіпорынның қажеттіліктерімен олардың арақатынасын белгілейді;
  • ақпараттық-технологиялық жүйелердің жаңасын енгізуді және қолда барларын дамытуды ұйымдастырады.

Жұмысқа орналасу

Оқуды тәмамдағаннан кейін, осы профильдің түлектері өндірістік, қаржылық, сервистік және басқа ұйымдардағы ақпараттық-технологиялық бөлімдерде, енгізу және оңтайландыру бөлімдерінде; ақпараттық-технологиялық консалтинг және аудит саласында маманданатын консалтингілік компаниялардағы жобаларда, талдау және даму бөлімдерінде келесі қызметтерде табысты жұмыс істейді:

  • мамандар және бөлім бастықтары;
  • кеңесшілер, бизнес-талдаушылар, жүйелерді жобалау жөніндегі мамандар, жоба жетекшілері.

Оқудың ұзақтығы:
3 жылдан 4,5 жылға дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:
Жалпы (толық) орта білім туралы аттестат (11 сынып) немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (техникум немесе колледж). Қажет болған жағдайда, бірыңғай мемлекеттік емтиханның (БМЕ) нәтижелері.

Дипломдар:
«Ақпараттық менеджмент» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін Сіз РФ-ның мемлекеттік үлгідегі бакалавр дипломын, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымшаны (Diploma Supplement) аласыз.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
295 000 тенге
(350 000 тенге)*
350 000 тенге
134 500 тенге
(225 000 тенге)*
225 000 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project]

1 жылдық оқудың құны көрсетілген.
Бастапқы жарнасы 0% құрайтын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.