Мемлекеттік және муниципалдық басқару

Мемлекеттік және муниципалдық билік органдарын басқару жүйелері ұдайы дами отырып, өзінің тиімділігін арттыруға талпынуда. Бұл міндеттер менеджмент саласындағы біліктілігі жоғары мамандардың көп мөлшерін қажет етеді.

Бұл профильдің студенттері келесі пәндерді оқиды:

  • тарих, философия, логика, құқықтану, социология, психология, шет тілі, іскерлік қатынасу, экономика;
  • математика, статистика, ақпараттық технологиялар, басқару жүйелерін зерттеу, операцияларды зерттеу, жүйелік талдау, басқарушылық шешімдерді қабылдау әдістері.

Оқу барысында келесі білім салаларына ерекше назар аударылады: менеджмент теориясы, маркетинг, жобаларды басқару, есепке алу және талдау, инновациялық менеджмент, операцияларды басқару, қаржы менеджменті, стратегиялық менеджмент, адам ресурстарын басқару, инвестициялық талдау, өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және т.б.

Профильдің арнайы пәндерінің құрамына келесілер кіреді:

  • мемлекеттік жән муниципалдық басқару, басқаруды құжаттамалық қамтамасыз етудің негіздері, тәуекелдерді басқару, салықтар және салық салу;
  • мемлекеттік және муниципалдық қаржы, аумақтық экономика, өзгерістерді басқару.

Таңдау бойынша пәндердің арасынан келесілер оқылады: бизнес-жоспарлау, білімді басқару, жетекшілік, логистика, қаржы нарықтары мен институттары және т.б.

Оқудың нәтижесінде түлек келесі қабілеттерді иемденеді:

  • мемлекеттік және муниципалдық билік органдарындағы басқару үдерістерін талдайды, жобалайды және оңтайландырады;
  • мемлекеттік қорлардың есебінен қаржыландырылатын жобалар мен бағдарламаларды жетілдіреді және жүзеге асырады;
  • мемлекеттік және муниципалдық биліктің тұрғындармен, академиялық  және бизнес-қоғамдастықпен өзара әрекеттесуінің тиімділігін арттырады.

Жұмысқа орналасу:

Оқуды тәмамдағаннан кейін, осы профильдің түлектері мемлекеттік және муниципалдық құрылымдарда, мемлекеттік бағдарламаларды басқару органдарында; жоспарлау, стратегялық даму, талдау бөлімдерінде және басқа бөлімшелерінде; ірі корпоративтік құрылымдардағы мемлекеттік органдармен байланыс құру бөлімдерінде; мемлекеттік және муниципалдық билік органдарына қызмет көрсету саласында маманданатын консалтингілік компанияларда, келесі қызметтерде табысты жұмыс істейді:

  • мамандар, аға мамандар, кеңесшілер, талдаушылар;
  • бөлімдердің, жобалардың және бағдарламалардың жетекшілері.

Оқудың ұзақтығы:
3 жылдан 4,5 жылға дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:
Жалпы (толық) орта білім туралы аттестат (11 сынып) немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (техникум немесе колледж). Қажет болған жағдайда, бірыңғай мемлекеттік емтиханның (БМЕ) нәтижелері.

Дипломдар:
«Мемлекеттік және муниципалдық басқару» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін Сіз РФ-ның мемлекеттік үлгідегі бакалавр дипломын, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымшаны (Diploma Supplement) аласыз.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
295 000 тенге
(350 000 тенге)*
350 000 тенге
134 500 тенге
(225 000 тенге)*
225 000 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project]

1 жылдық оқудың құны көрсетілген.
Бастапқы жарнасы 0% құрайтын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.