Дағдарысқа қарсы басқару

Жоғары деңгейдегі серпінділік пен қазіргі таңдағы шаруашылық ортаның айқынсыздығы көп кәсіпорындарды дағдарыс жағдайына апарып соқтырады. Дағдарыс ұйым тіршілігінің тоқтауына апарып соқтырмастан, керісінше, оның сәтті жаңаруын ынталандыруға түрткі болуы үшін, дағдарысқа қарсы басқару жөніндегі мамандар қажет.

Бұл профильдің студенттері келесі пәндерді оқиды:

  • тарих, философия, логика, құқықтану, социология, психология, шет тілі, іскерлік қатынасу, экономика;
  • математика, статистика, ақпараттық технологиялар, басқару жүйелерін зерттеу, операцияларды зерттеу, жүйелік талдау, басқарушылық шешімдерді қабылдау әдістері.

Оқу барысында келесі білім салаларына ерекше назар аударылады: менеджмент, жобаларды басқару, маркетинг, есепке алу және талдау, операцияларды басқару, қаржы менеджменті, стратегиялық менеджмент, адам ресурстарын басқару, инвестициялық талдау, салық және салық салу және т.б.

Профильдің арнайы пәндерінің құрамына келесілер кіреді:

  • дағдарысқа қарсы менеджмент, тәуекелдерді басқару, инновациялық менеджмент, іскерлік коммуникациялар;
  • тәуекелдерді басқару, өзгерістерді басқару, өндірісті ұйымдастыру және басқару.

Таңдау бойынша пәндердің арасынан келесілер оқылады: жанжалтану, баға белгілеу, кәсіпкерлік негіздері, компанияның құнын бағалау, сақтандыру, қаржы нарықтары мен институттары және т.б.

Оқудың нәтижесінде түлек келесі қабілеттерді иемденеді:

  • дағдарыс жағдайына ұшыраған кәсіпорынға жан-жақты талдау жасап, дағдарысқа қарсы жобалар мен жоспарларды жетілдіреді;
  • кәсіпорынды дағдарыстан шығару, компаниялардағы дағдарыстың алдын алу, банкроттық рәсімдерін жүзеге асыру бойынша кешенді қызметті орындайды және ұйымдастырады;
  • өндірістік-шаруашылық қызметтің тәуекелдерін басқару жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
  • компаниялар мен кәсіпорындарды жаңарту және қайта құру жобаларын жетілдіреді, орындайды және үйлестіреді.

Жұмысқа орналасу:

Оқуды тәмамдағаннан кейін, осы профильдің түлектері дағдарысқа қарсы басқару саласында маманданатын консалтингілік компанияларда; ірі холдингілік құрылымдарда, сондай-ақ, әр-түрлі салаларда жұмыс жасайтын компаниялардағы экономикалық қауіпсіздік, стратегиялық даму бөлімдерінде келесі қызметтерде табысты жұмыс істейді:

  • кеңесшілер, талдаушылар, жоба жетекшілері;
  • дағдарысқа қарсы басқарушылар немесе олардың көмекшілері.

Оқудың ұзақтығы:
3 жылдан 4,5 жылға дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:
Жалпы (толық) орта білім туралы аттестат (11 сынып) немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (техникум немесе колледж). Қажет болған жағдайда, бірыңғай мемлекеттік емтиханның (БМЕ) нәтижелері.

Дипломдар:
«Дағдарысқа қарсы басқару» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін Сіз РФ-ның мемлекеттік үлгідегі бакалавр дипломын, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымшаны (Diploma Supplement) аласыз.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
295 000 тенге
(350 000 тенге)*
350 000 тенге
134 500 тенге
(225 000 тенге)*
225 000 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project]

1 жылдық оқудың құны көрсетілген.
Бастапқы жарнасы 0% құрайтын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.