Абитуриенттерге арналған нұсқаулық

«ВТУ» Мәскеу технологиялық институтының бакалавриатына оқуға түсу үшін Сіз оқу бағдарламасын таңдап, тіркеу нысанын толтыруыңыз қажет.

Осыдан кейін, қабылдау комиссиясының кеңесшісі Сізбен байланысады да, қажетті нұсқаулықтарды ұсынады. Мұндай жүйе абитуриенттердің ыңғайлылығы үшін жасалған және Сіздің нақты отырған жеріңізге қарамастан, онлайн-сынақ тәртіптемесінде қабылдау сынақтарынан өтуге мүмкіндік береді.

Іріктеу кестесі

Сырттай және қашықтық оқу нысанына, сондай-ақ демалыс күндік топқа іріктеу және қабылдау – бүкіл жыл бойы жүзеге асырылады. Бағдарлама бойынша оқу әрбір айдың 1-ші күні басталады.

Оқудың сырттай нысанына іріктеу жылына бір рет жүргізіледі: 1 ақпаннан бастап 25 шілдеге дейін.

Қабылдау - 10 тамызда жүзеге асырылады.

Қабылдау сынақтары

2009 жылдың 1 қаңтарынан кейін алған жалпы (толық) орта немесе бастауыш кәсіптік білімі бар РФ азаматтары Бірыңғай Мемлекеттік Емтиханды (ЕГЭ) тапсырғаны туралы куәлігі бар болған жағдайда және оның нәтижелері бойынша бірінші курсқа қабылданады. Егер тапсырылған ЕГЭ-емтихандарының тізімі мен қол жеткізілген баллдарының саны – абитуриенттің таңдап алған бағытына оқуға түсуге қойылатын талаптармен сәйкес келетін болса, ол автоматты түрде MTI-ге қабылданады және қандай да бір өзге қабылдау сынақтарынан босатылады.

2009 жылдың 1 қаңтарына дейін алған жалпы (толық) орта немесе орта кәсіптік білімі бар РФ азаматтары, сондай-ақ толық немесе аяқталмаған жоғары кәсіптік білімі бар тұлғалар және шетелдік азаматтар – тиісті пәндер бойынша қабылдау сынақтарының негізінде оқуға қабылданады.

Жоғары білімі бар азаматтар екінші жоғары білім алу үшін бакалавриатқа оқуға түсе алады. Бұрын өтілген пәндердің қайта есепке алынуымен, қысқартылған мерзімдерде оқуға талаптану үшін, қабылдау сынақтарынан өту керек. Қайта есепке алуға және қайта аттестаттауға жататын пәндердің көлемін анықтау – абитуриент қабылдау сынақтарын ойдағыдай аяқтағаннан кейін, «ВТУ» МТИ аттестаттау комиссиясы тарапынан жүзеге асырылады.

Оқудың барлық түрлеріне арналған өту баллдары

Онлайн-сынақ:

  • математика — 24 балл
  • орыс тілі — 36 балл
  • қоғамтану — 39 балл
  • химия — 36 балл
  • физика — 36 балл
  • информатика және ақпараттық коммуникациялық технологиялар (ИКТ) — 40 балл

Бірыңғай мемлекеттік емтихан (ЕГЭ):

  • математика — 24 балл
  • орыс тілі — 36 балл
  • қоғамтану — 39 балл
  • информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ИКТ) — 40 балл
  • химия — 36 балл
  • физика — 36 балл

Өтініш беру және оқуға түсуге арналған құжаттарды ұсыну тәртібі

Қабылдау сынақтарынан өткеннен кейін абитуриент жеке өзі немесе пошта арқылы құжаттардың келесі жиынтығын ұсынуы тиіс:

  • Төлқұжаттың көшірмесі
  • Ректордың атына жазылған өтініш
  • Оқуға арналған келісім-шарт
  • Бұрынғы білімі туралы құжаттың нотариалдық жолмен куәландырылған көшірмесі
  • Көлемі 3х4 см болатын 6 фотосурет
  • Бірыңғай Мемлекеттік Емтиханның (ЕГЭ) нәтижелері туралы куәлік (қажет болған жағдайда)
  • Тегінің ауыстырылғандығы туралы куәліктің көшірмесі (бар болған жағдайда)

Нострификация

Бұрынғы білімін 1991 жылдан кейін Ресей Федерациясының аумағынан тыс жерде алған тұлғалар – оқуға қабылданғаннан кейін 4 айдан кешіктірмейтін мерзімде Ресейдің жоғары оқу орындарына оқуға түсуге құқық беретін, білім туралы құжаттың баламалылығы туралы куәлікті ұсынулары тиіс.

2010 жылдың 1 ақпанынан бастап, шет мемлекеттердің білімі туралы құжаттарды мойындау (ИДО) – Білім және ғылым саласындағы қадағалау жөніндегі федералдық қызмет тарапынан жүзеге асырылады.

Шет мемлекеттердің білімі туралы құжаттарды мойындау мәселелері бойынша қосымша ақпаратты Сіз Мәскеудегі қабылдау комиссиясының кеңесшілерінен +7 (495) 648-62-26 телефоны арқылы немесе education@mti.edu.ru электрондық поштасы арқылы алуыңызға болады.

Оқудың құны

2014 жылы оқуға түсушілерге арналған оқудың құны →

«ВТУ» Мәскеу технологиялық институтында 2014 жылы оқуға арналған қабылдау ережелерімен қабылдау ережелерімен танысыңыз