Нанның, кондитерлік бұйымдардың және макарон бұйымдарының технологиясы

Тағам өндірісі саласының тұрақты және келешектік дамуы – азық-түлік өнімдері индустриясындағы осы профильдің мамандарының жоғары сұранысқа ие болуын қамтамасыз етеді.

«Нанның, кондитерлік бұйымдардың және макарон бұйымдарының технологиясы» профилі бойынша оқу барысында қол жеткізілген кәсіби білім шағын және орта бизнестің нан пісіру өндірісінің дамуы барысында табысты мансапты құруға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар, осы саладағы тиімділігі жоғары өндірістік технологияларды игеруге, сондай-ақ, эксклюзивті кондитерлік бұйымдарды құрастыру барысында күрделі дизайн элементтерін орындау қабілетін меңгеруге көмектеседі.

Оқудың нәтижесінде түлек келесі қабілеттерді иемденеді:

  • тағам өнеркәсібіндегі кәсіпорындардың сан-алуан типтерінің тиімді командаларын басқару және құру машықтарына қол жеткізеді;
  • шағын және орта бизнестің кондитерлік және нан пісіру өндірісінің құрылымын және ұйымдастырылуын білетін болады;
  • нормативтік құжаттар мен техникалық регламенттерді жетілдіруге қабілетті болады;
  • кондитерлік өндірістің, макарон және нан пісіру өндірістерінің техникалық регламенттерімен таныс болады;
  • азық-түлік өндірудің технологиялық үдерістерін ұйымдастыру қабілетіне қол жеткізеді;
  • шикізатты және дайын өнімді сараптауды жүзеге асырады.

Кәсіби қызметінің нысандары:

  • өсімдік тектес азықтық шикізат;
  • нан пісіру;
  • тиімді тамақтануға арналған және атқарымдық мақсаттағы макарон өнімдері және кондитерлік өнімдер;
  • жүйелер мен тиімділігі жоғары технологиялар;
  • шикізатты, дайын өнімді сынақтан өткізу және сапасын бақылау әдістері мен құралдары және өндірістік бақылау жүйелері;
  • технологиялық жабдықтар;
  • тағам өнеркәсібінің жүйелері мен технологияларын жоспарлау және материалдық-техникалық жабдықтау.

Бұл бағыттың түлектері кәсіби қызметтің келесі түрлеріне даярланған:

  • нан өнімдері мен кондитерлік бұйымдардың жаңа түрлерін жетілдіру және өндіру;
  • шикізаттың, тағам өнімдерінің және жақсартқыштардың сапасын бақылау;
  • өнімнің сапасын және технологиялық үдерістің параметрлерін өндірістік бақылау;
  • дұрыс тамақтану саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету;
  • нормативтік құжаттаманы және техникалық регламенттерді жетілдіру;
  • нан пісіру, макарон өнеркәсібінің және кондитерлік өнеркәсіптің кәсіпорындарын жобалау.

Оқудың ұзақтығы: 3 жылдан 4,5 жылға дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

Жалпы (толық) орта білім туралы аттестат (11 сынып) немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (техникум немесе колледж). Қажет болған жағдайда, бірыңғай мемлекеттік емтиханның (БМЕ) нәтижелері.

Дипломдар:

«Нанның, кондитерлік бұйымдардың және макарон бұйымдарының технологиясы» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін Сіз РФ-ның мемлекеттік үлгідегі бакалавр дипломын, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымшаны (Diploma Supplement) аласыз.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
295 000 тенге
(350 000 тенге)*
350 000 тенге
159 500 тенге
(249 500 тенге)*
249 500 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project]

1 жылдық оқудың құны көрсетілген;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.