Заманауи технологиялық кәсіпкерлікке кіріспе — Introduction to Technology Business

Заманауи кәсіпкерлік саласында тиімді жұмыс жасауға арналған даярлықтың толық кешенінің бірегей бағдарламасы.
Ресейлік және әлемдік сарапшылардың тартылуымен технологиялық жобаларды құру және дамыту үшін қажетті барлық құралдар.

Бағдарламаның мақсаты:

Заманауи қоғам жағдайларында жобаларды тиімді дамыту машықтарын қалыптастыру. Бұл курс қажетті білім мен машықтарға қол жеткізудің есебінен, кәсіпкерлер мен әр-түрлі деңгейдегі басшыларға ұйымның ішінде ұзақ уақыттық оң әсерге қол жеткізуге немесе жаңа бизнесті құруға мүмкіндік беру үшін арнайы жетілдірілген.

Бағдарлама жүктеменің 3 типінен тұрады:

  • Бизнес-жобаны даярлау;
  • Ресейлік және әлемдік бизнестің табысты тәжірибешілдерімен кеңесу;
  • Сарапшылық комиссия таныстырымы («Краш-сынақтар»), конкурс. Комиссияның құрамында — инвестициялық құрылымдардың өкілдері.

Инвестициялық банкирлер мен ірі кәсіпорындардың басшыларының қатысуымен оқыту.

Бұл курс Сізге арналған, егер де Сіз:

  • технологиялық салада кәсіпкер болуды жоспарлаған болсаңыз;
  • мамандық бойынша ірі халықаралық немесе ресейлік корпорацияда жұмыс істеуді жоспарлаған болсаңыз.

Курсты тәмамдағаннан кейін Сіз келесі қабілеттерді иемденесіз:

  • жеке кәсіпкерлік жобаны жетілдіре аласыз;
  • ірі бизнес иелері мен инвестициялық банкирлерден кеңес ала аласыз;
  • халықаралық деңгейдегі тәжірибешіл-оқытушылардан стратегиялық жоспарлау машықтарына қол жеткізе аласыз.

Құжат:

Оқу тәмамдалғаннан кейін Cisco Кәсіпкерлік Институтының сертификаты беріледі.