Ресейден және Кремний Алқабынан сарапшыларды тарту жолымен кәсіпкерлерді даярлау бағдарламасы — Global Technology Business Program

Бағдарламаның мақсаты

Тыңдаушыларды – жұмыс барысында компьютерлік және желілік технологиялардың пайдаланылуымен сауатты басқарушылық шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін тәжірибелік-бағдарланған біліммен қамтамасыз ету; өз жобасын инвесторларға ұсынудың тиімді әдістерін табуға және стартап-жобалардың тәуекелдеріне шынайы талдау жасауға үйрету.

Курстың мазмұны

  • Бизнес-жобаны даярлау;
  • Кремний Алқабының сарапшыларынан кеңес алу, таныстырым, конкурс. Комиссияның құрамында — венчурлық қорлардың өкілдері;
  • Конкурстың нәтижелері бойынша екі үздік жобаның авторларына Кремний Алқабында машықтанудың бір айлық бағдарламасына қатысу мүмкіндігі ұсынылады (Blackbox инкубаторы), 3 жобаға қаржыландыру көмегі көрсетіледі;
  • Менторлық бағдарлама.

Бағдарламаның оқу жоспары тәжірибелік мастер-класстардың 188 академиялық оқу сағатына есептелген және сегіз модульден тұрады:

  • «Бизнеске қойылатын стратегиялық талаптар»;
  • «Жаһандық трендтер»;
  • «Жаһандық трендтер мен шақырулар»;
  • «Ұйымды басқарудың заманауи технологиялық шешімдері»;
  • «Жобаны жетілдіру»;
  • «Жобаның тиімділігінің негізгі көрсеткіштері мен өлшемдері»;
  • «Жобаларды инвесторларға таныстырып көрсету».

Оқудың қорытындылаушы кезеңінде әрбір тыңдаушы өз жобасына краш-сынақ жасай алады.

Оқудың ұзақтығы: 2 ай.

Global Technology Business Program түлектері әрі қарай өз бетінше технологиялық жобалардың карталарын жетілдіре алады және оларды іске асыра алады.

Құжат:

Оқу тәмамдалғаннан кейін Cisco Кәсіпкерлік Институтының сертификаты беріледі.