Мемлекеттік сектордағы заманауи технологиялардың негізінде бизнесті дамыту стратегияларын жетілдіру — iExec Public Sector Essentials

IT-технологияларды пайдалану мүмкіндігі 21 ғасырда басқарудың көптеген аспектілерін түбегейлі түрде жақсартуға және түрлендіруге жол ашады.

Бағдарламаның мақсаты:

Мемлекеттік секторда жұмыс істейтін мамандар үшін АКТ-шешімдерінің құндылығын көрсету.

Бұл курс – қажетті білім мен машықтарды қамтамасыз ете отырып, ұйымның ішінде ұзақ уақыттық оң әсерге қол жеткізу мүмкіндігін беру үшін арнайы құрылған.
Бұл бағдарлама көшбасшылық пен менеджмент бойынша Cisco компаниясының заманауи контентінің негізінде құрылған.

Оқу онлайн-дайындықты, оқытушымен күндізгі сабақтарды қамтиды.
Топтық жаттығулар, жеке сабақтар және симуляциялар – қатысушыларға қол жеткізілген білімді нақты өмірде қолдануға көмектеседі.

Курстың ұзақтығы — 60 сағат.

Құжат:

Оқу тәмамдалғаннан кейін Cisco Кәсіпкерлік Институтының сертификаты беріледі.