Бизнес-үдерістердегі IT-стратегиялар — Бизнес негіздері iExec Enterprise Essentials

Бағдарламаның мақсаты

Тыңдаушыларға ұйымдағы ішкі және сыртқы жағдайды мұқият зерттеуге, басым мүмкіншіліктерді анықтауға және таңдауға, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен бизнес-үдерістерді оңтайландыруға жол ашатын бизнес-шешімдерді жетілдіруге көмектесу.

Бұл курс – Қытайда, Үндістанда, Жапонияда және Сингапурда IBSG тобы тарапынан материалды сәтті баяндаудың негізінде соңғы үш жылда жетілдірілген.

Оқуды тәмамдағаннан кейін қатысушылар келесі қабілеттерді иемденеді:

  • Стратегиялық жоспарлау машықтарын игеру және ұйымдағы үдерістерді тиімді басқаруды арттыру;
  • Басшылықты, басқаруды қайта құрылымдаудың, ұйымдық дайындықтың сәттілігінің негізгі факторларын түсіну;
  • Сәттілік тұжырымдамасын құру және ұйымның қажеттіліктері мен басымдықтарын анықтау;
  • Ішкі және сыртқы жағдайды талдау мақсатында жоспарлау үдерістерін бағыттау немесе оңтайландыру, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы тиісті стратегияларды және сәттілік түжырымдамасын жетілдіру;
  • Бизнес-үдерістерді оңтайландыру жобаларының басым портфелін анықтау және жетілдіру;
  • АКТ-шешімдерін енгізу үшін немесе үдерістерді оңтайландыру үшін жобалық ұсыныстар мен бизнес-кейстерді құру.

Құжат:

Оқу тәмамдалғаннан кейін Cisco Кәсіпкерлік Институтының сертификаты беріледі.