Бизнесті дамыту — Growing Business

Бағдарлама – қайта ұйымдастыру, аутсорсинг, франчайзинг, қосылу немесе әріптестікті белгілеу секілді тақырыптарды оқып зерттеуді қамтиды.
Нарықты талдай отырып және бизнес-жоспарды өзгерте отырып, Сіз өз бизнесіңізді дамытуға арналған әр-түрлі компоненттерді бірге қосып жинайсыз.

Оқу келесі мүмкіншіліктерге жол ашады:

  • Іскерлік тәуекелдерді бағалауды, өнім идеясын қалыптастыруды және дамытуды үйрену;
  • Кәсіпкерге қажетті көшбасшылық қасиеттерді дамыту;
  • Нарықтық стратегияларды және бизнес-жоспарларды оқып зерттеу.

Осы курста қол жеткізілген білім – компанияның жұмысын жақсартуға және қойылған міндеттерге қол жеткізу жөніндегі қызметті оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Курсты тәмамдағаннан кейін қатысушылар келесі қабілеттерді иемденеді:

  • Жаһандық трендтерді бағалау және нарықтағы мүмкіншіліктерді анықтау;
  • Компанияның мақсаттары туралы мәлімдемені құрастыру, ұзақ мерзімдік жоспарларды жетілдіру;
  • Кәсіпкер үшін қажетті болып табылатын аса маңызды көшбасшылық қасиеттер мен жеке ерекшеліктерді бағалау;
  • Компанияның қызметкерлерімен барынша беріле жұмыс жасау;
  • Бизнесте ақпараттық технологияларды барынша тиімді пайдалану;
  • Өнім немесе қызмет идеясын қалыптастыру және дамыту, идеяның жүзеге асу мүмкіндігін бағалау;
  • Әр-түрлі іскерлік тәуекелдерді бағалау;
  • Нарықтық стратегиялар мен жоспарлауды сипаттау;
  • SWOT-талдау жасау;
  • Бәсекелік талдауды және залалдылықтың талдауын жасау.

Курстың ұзақтығы — 50 сағат.

Құжат:

Оқу тәмамдалғаннан кейін Cisco Кәсіпкерлік Институтының сертификаты беріледі.