Өз бизнесіңді құру — Starting Business

Бизнесті басқару – заңгерлік аспектілерді, бухгалтерияны және маркетингті түсінуді қажет етеді.
«Бизнесті құру» курсы шағын және орта кәсіпкерлік секторында өзінің жеке бизнесін құруды жоспарлаған тұлғалар үшін арнайы жетілдірілген.

Бизнесті ойдағыдай басқару – қызмет ету саласын дұрыс таңдауды ғана емес, сонымен қатар заңгерлік талаптарды, бухгалтерияны, басқаруды және маркетингті түсінуді қажет етеді. Бизнес-жоспар осындай маңызды компоненттердің барлығын біріктіреді. Кәсіпкерлердің басым бөлігі алдын алуға болатын қателіктердің салдарынан өз бизнесін жоғалтады. Бұл курста осындай қателіктер және олардың алдын алу әдістері қарастырылады.

Оқу келесі мүмкіншіліктерге жол ашады:

  • Бизнесті ұйымдастырудың құқықтық негіздерін оқып зерттеу;
  • Ақша ағындарын тиімді бөлу үшін қажетті білімге қол жеткізу;
  • Іскерлік келіссөздерді жүргізу машықтарын дамыту.

Курста әр-түрлі оқу әдістемелері пайдаланылады: дәрістер, командалық жұмыс, электрондық оқыту және жеке жобалар. Әрбір топқа арналған тәжірибелік жаттығулар, ахуалдық оқыту (case studies), пікірсайыстар мен форумдар – қатысушыларға қол жеткізілген білімді тәжірибелік қызмет барысында қолдануға көмектеседі.

Оқудың түрі және құны:

  • Қашықтан білім беру технологияларының қолданылуымен сырттай оқу;
  • Оқудың құны — 74 500 тенге (150 000 тенге).

Оқудың ұзақтығы:

  • 140 академиялық сағат (2 ай).

Курсты тәмамдағаннан кейін қатысушылар келесі қабілеттерді иемденеді:

  • Бизнестің әлеуетін бағалау;
  • Сәтті бизнес-жоспарды әзірлеу;
  • Қолда бар бизнесті немесе франшизаны сатып алу, жаңа бизнесті құру;
  • Қажетті рұқсаттар мен лицензиялардың тізімін анықтау;
  • Бастапқы капиталды алу жолымен ұйымды қаржыландыру;
  • Ұйымның орналасуын таңдау және жалгерлік келісім-шарттарды жасау;
  • Бизнестің оңтайлы ұйымдық құрылымын анықтау;
  • Қажетті ақпараттық және коммуникациялық технологияларды анықтау;
  • Коммерциялық қызметті басқару және ақша ағындарын бақылау;
  • Жалпы бизнес-үдерістерді жүргізу;
  • Қызметкерлерді жалдау, оқыту, басқару және уәждеу;
  • Бизнесті ашуға дайындалу;
  • Сатып алулар мен тауарлық-материалдық босалқы қорларды басқару;
  • Маркетингілік жоспарды жетілдіру және оны тәжірибелік қызметке енгізу.

Құжат:

Оқу тәмамдалғаннан кейін Cisco Кәсіпкерлік Институтының сертификаты беріледі.