Кризисная психотерапия

 
Старшенбаум Геннадий Владимирович
Жоғары санаттағы психиатр-психотерапевт, медицина ғылымдарының кандидаты, Психоанализ Институтының профессоры, психотерапия жөніндегі 20-дан астам оқу-тәжірибелік нұсқаулықтың авторы. Көптеген жылдар бойы Бүкілресейлік суицидология орталығының дағдарыстық стационарында жұмыс істеді, РФ Денсаулық Сақтау Министрлігінің Мәскеу психиатрия ғылыми-зерттеу институтының суицидология бөлімін басқарды.
 
 
 

Сабақ кестесі:

 
 
15 — 30 сәуір 2013
Мәскеу

Бағдарламаның мақсаты:

Дағдарыстық жағдайларға диагностика жасаудың, суицидтік қатердің деңгейін анықтаудың заманауи әдістеріне және дағдарыстық антисуицидтік психотерапия әдістеріне мамандарды оқыту.

Оқудың нәтижесінде Сіз:

  • Дағдарыстық жағдайлардың тұрпаттарын, олардың туындауының және оларға диагностика жасаудың түрлерін оқып зерттейсіз;
  • Суицидтік тұрғыда қауіпті беталыстарды анықтай отырып дағдарыстық жағдайларға құрылымдық-психологиялық талдау жасау әдістемелерін меңгересіз;
  • Антисуицидтік психотерапияны қолдану бойынша тәжірибелік машықтарға қол жеткізесіз.

Оқитын тыңдаушылардың санаты:

Психология факультеттерінің студенттері, психологтар, ұстаздар, коучтер, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер.

Тыңдаушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе орта кәсіптік білім туралы дипломның бар болуы.

Оқудың түрі және құны:

  • Қашықтан білім беру технологияларының қолданылуымен күндізгі-сырттай оқу;
  • Оқудың құны — 74 500 теңге.

Оқудың ұзақтығы:

  • 72 академиялық сағат.

Курстың бағдарламасы:

  • Дағдарыстық терапияның әдістемелік аспектілері;
  • Дағдарыстық терапияның авторлық бағдарламасы;
  • Титықтаушылық және невроздық, суицидтік қаупі бар реакциялар;
  • Психопатиялық, суицидтік қаупі бар реакциялар;
  • Психогендік және соматогендік депрессия;
  • Эндогендік депрессия;
  • Сандырақтайтын науқастардың суицидтік мінез-құлқы;
  • Аддикттердің суицидтік мінез-құлқы.

Құжат:

Moscow School of Brain and Cognitive Science курстық сертификаты.