Тәуелділіктер: клиникасы, психологиясы, емделуі

 
Старшенбаум Геннадий Владимирович
Жоғары санаттағы психиатр-психотерапевт, медицина ғылымдарының кандидаты, Психоанализ Институтының профессоры, психотерапия жөніндегі 20-дан астам оқу-тәжірибелік нұсқаулықтың авторы. Көптеген жылдар бойы Бүкілресейлік суицидология орталығының дағдарыстық стационарында жұмыс істеді, РФ Денсаулық Сақтау Министрлігінің Мәскеу психиатрия ғылыми-зерттеу институтының суицидология бөлімін басқарды.
 
 
 

Сабақ кестесі:

 
 
8 — 29 сәуір 2013
Мәскеу

Бағдарламаның мақсаты:

Тұлғаның аддиктивтік бұзылуларына диагностика жасау, талдау және емдеу саласындағы психолог-мамандарды оқыту. Тәуелділік синдромына заманауи көзқарасты ұсыну, оның диагностикасын, себептерін, түзелуін көрсету.

Оқудың нәтижесінде Сіз:

  • Тәуелділік феноменінің заманауи теориялық тұжырымдамаларымен танысасыз;
  • Тұлғалық ерекшеліктердің, жыныстың және жастың ескерілуімен тәуелділіктің негізгі нұсқалары туралы білімге қол жеткізесіз;
  • Аддиктивтік бұзылуларға ерте кезеңде диагностика жасай аласыз;
  • Аддиктивтік мінез-құлықтың әр-түрлі формаларының уәждемелік құрылымына талдау жасау әдістерін меңгересіз;
  • Тәуелділік синдромын емдеудің тәжірибелік машықтарына қол жеткізесіз.

Оқитын тыңдаушылардың санаты:

Психология факультеттерінің студенттері, психологтар, ұстаздар, коучтер, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер.

Тыңдаушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе орта кәсіптік білім туралы дипломның бар болуы.

Оқудың түрі және құны:

  • Қашықтан білім беру технологияларының қолданылуымен күндізгі-сырттай оқу;
  • Оқудың құны — 74 500 теңге.

Оқудың ұзақтығы:

  • 72 академиялық сағат.

Курстың бағдарламасы:

  • Аддиктологияның жалпы мәселелері;
  • Ішімдікке тәуелділік;
  • Есірткіге тәуелділік. Жасөспірімдердің бойындағы химиялық тәуелділіктер;
  • Тағамға тәуелділік;
  • Ортақ тәуелділік;
  • Эротикалық тәуелділік;
  • Патологиялық әуестіктер және аса құнды әуестенулер;
  • Өзін-өзі қиратуға қатысты аддикция және дағдарыстық терапия.

Құжат:

Moscow School of Brain and Cognitive Science курстық сертификаты.