MTI-дегі екінші жоғары білім

Егер Сіздің жоғары біліміңіз бар болса, бірақ та ол Сіздің айналысқыңыз келген қызметіңіздің профиліне сәйкес келмейтін болса, Moscow Technological Institute тез арада екінші жоғары білім бағдарламасы бойынша оқуды бастауға ерекше кеңес береді.

MTI бакалавриатта іргелі білім алуды немесе магистр дәрежесін алуды, сондай-ақ іскерлік әкімшілеудегі өз біліміңізді тереңдетуді ұсынады. Бакалавриатта оқу – ең базалық ұғымдардан бастап, Сіз үшін жаңа бағыттың барлық пәндерімен іргелі танысуды тұспалдайды, бірақ бұрын өтілген жекелеген пәндерді қайта тапсырумен, қысқартылған бағдарлама бойынша (3,5 жыл) оқу мүмкіндігін қарастырады. Магистратурада оқу (2-2,5 жыл) Сізден көбірек дербестікті қажет етеді, өйткені оқып зерттеліп жатқан негіздермен Сіздің таныс болуыңызды тұспалдайды, және нақты мамандануды барынша терең және жан-жақты игеруге негізделеді.

Дәстүрлі оқу түрлерімен қатар, Moscow Technological Institute қашықтан оқыту технологияларының қолданылуымен сырттай оқу мүмкіндігін ұсынады. Оқудың бұл түрі – жұмысы мен оқуын үйлестіргісі келетін адамдар үшін барынша қолайлы болып табылады. Қашықтан оқыту технологиялары ғаламшардың кез-келген нүктесінде және үйден, жанұядан және жұмыстан қол үзбестен, студент үшін ыңғайлы кез-келген уақытта оқуға мүмкіндік береді.

Тиісті беттерден Сіз өзіңізді қызықтыратын оқу бағытын таңдай аласыз және бакалавриаттағы оқу профильдерімен немесе MTI магистрлік бағдарламаларымен жан-жақты таныса аласыз: