Жүйелік әкімшілеу (мамандану Microsoft Windows)

Заманауи ақпараттық жүйелерді әкімшілеу - базалық платформаны басқаруға негізделеді, ал мұндай платформа ретінде 90%-ға жуық көрсеткішпен бүгінгі таңда Microsoft Windows операциялық жүйесі қолданылады. Клиенттік және сервистік операциялық жүйенің жаңа нұсқаларының шығуына байланысты (Windows 7 және Windows Server 2008) көптеген жаңашылдықтар пайда болды, олар – IT-құрылымның сапасын, сенімділігін, қауіпсіздігін және басқарылу қабілетін түбегейлі түрде арттыруға мүмкіндік береді.

Жаңа технологиялар жаңа білімді қажет етеді. Қазіргі таңдағы жүйелік әкімші – операциялық жүйенің құралдарын меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар желілік технологиялардағы, деректер базасындағы қолданбалы білім мен машықтарды иемденіп, программалау технологиялары мен қосымшаларының көмегімен жұмыстың тиімділігін арттыра алған жағдайда ғана өзін кәсіпқойлардың қатарына қоса алады. Сонымен қатар, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану – пайдаланушылармен және бөлімшелердің басшыларымен өзара әрекеттесуді, стандарттардың талаптары мен заманауи әдістемелерін білуді, командада жұмыс істеу және жұмыс нәтижелерін дұрыс құжаттау қабілеттерін иемденуді қажет етеді.

Виртуалдау, деректерді қорғау, тұрақты қызметті шешімдерді құру салаларындағы міндеттерді шешу бойынша қолданбалы білім – жүйелік әкімші үшін қосымша құндылық болып табылады. Сонымен қатар, заманауи желілерде кеңінен тараған басқа операциялық жүйелер бойынша негізгі білімді меңгерген маңызды және пайдалы (мысалы, Linux).

Бағдарламаның мақсаты:
ОС Microsoft Windows ортасындағы қосымшалар мен серверлердің, дербес компьютерлердің желісін әкімшілеу міндетін орындау үшін қажетті білім мен тәжірибелік машықтарға қол жеткізу, бөлінген ортада оның сенімді жұмыс жасауын, дамуын және ақпараттық технологиялар саласындағы заманауи шешімдермен ықпалдануын қамтамасыз ету.

 
Кәсіптік қайта даярлау
 
 
Біліктілікті арттыру курстары
 

Тыңдаушылардың санаттары:
Microsoft Windows платформасындағы ақпараттық жүйелерді әкімшілеу бойынша міндеттерді орындайтын немесе осымен айналысуды жоспарлаған мамандар.

Қосымша ретінде
Қол жеткізілетін білім мен машықтар күрделі өндірістік міндеттерді ойдағыдай орындауға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар қалау бойынша, халықаралық деңгейде танылған, Microsoft Windows операциялық жүйесінің негізінде желіні басқару жөніндегі маман және кәсіпқой мәртебесін – тиісті маманданудағы Microsoft Certified Technology Specialist және Microsoft Certified IT Professional мәртебесін алуға арналған сертификаттау емтихандарын тапсыруға ойдағыдай дайындалуға мүмкіндік береді.

Тыңдаушылар «Желілік технологиялар» пәні шеңберінде Cisco CCNA Дискавери бағдарламасы бойынша тегін оқиды. Бұл курс IT-саладағы маманның жоғары деңгейдегі біліктілігін және танылуын қамтамасыз етеді. Барлық тыңдаушылар Желі Академиясының бірегей оқу материалдарына және Cisco компаниясының жабдықтарына қол жеткізеді. Пәнді ойдағыдай тәмамдағаннан кейін тыңдаушылар емтихан тапсырып, Cisco сертификаттарына қол жеткізуге мүмкіндік алады.

Оқудың ұзақтығы және тәртіптемесі
Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқу: 794 ак.сағ. (12 ай). При обучении на программах повышения квалификации: 372 ак.ч.

Оқу тәртіптемелері

  1. Аптасына 16-24 сағат
  2. Аптасына 40 сағат

Демалыс күндік топ
Бұл топтың оқуы сенбі және жексенбі күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін ұйымдастырылады, түстенуге және екі кофе-брейкке арналған үзілістерімен.

Оқу барысында қашықтан оқыту технологиялары ішінара қолданылады, яғни кейбір пәндер (мысалы, таңдау бойынша кустар) қашықтан оқыту жүйесінің форумындағы электрондық семинарлар және оn-line дәрістер (вебинарлар) тәртіптемесінде өткізіледі. Ал бұл – уақыты аса шектеулі тәжірибешіл-мамандарды оқу үдерісіне тартуға мүмкіндік береді.

Күндізгі сабақтар – тиімді оқытуға арналған барлық талаптарға сәйкес келетін, заманауи техникамен жабдықталған дәрісханада өткізіледі. Тәжірибелік сабақтар барысында оқытушы қажетті жұмыстардың/рәсімдердің орындалуын көрнекі түрде жасап көрсетеді, сондай-ақ, туындайтын барлық қиындықтарды жеңіп шығуға жеке тәртіппен көмектеседі.

Қашықтық топ
Бұл топты оқыту – қашықтан оқытудың үздік технологияларының, соңғы интерактивтік және мультимедиялық шешімдердің пайдаланылуымен жүргізіледі.

On-line дәрістер (вебинарлар) тыңдаушыға нақты уақыт тәртіптемесінде оқытушымен байланыста болуға, дәріс барысында туындайтын сұрақтарды қоюға, оқытушы мен тыңдаушылар жасап жатқан әрекеттерді компьютердің жұмыс үстелінде таратып көрсетуге мүмкіндік береді. Шәкірттер аса сәтті жазылған вебинарлардың жазбасын кез-келген уақытта көре алады.

E-learning (электрондық семинарлар) шәкірттерге оқып зерттеліп отырған тәжірибелік мәселелерді тереңірек оқып зерттеуге мүмкіндік береді. Оқытушы кейстердің, жағдаяттық тапсырмалардың шешімін, бағдарламаларды жазу сапасын, жүйелердің баптамаларын жүзеге асыруды ұсынады және бағалайды, сондай-ақ нәтижелерін және тыңдаушылар үшін өзекті болып табылатын сұрақтарды – қашықтан оқыту жүйесіндегі форумда талқылауға ынталандырады.

On-line сынақ – оқып зерттелген материалды меңгеру деңгейін өз бетінше бағалауға көмектеседі, сондай-ақ, оқытушымен барынша мұқият талқылауға және оқып зерттеуге арналған мәселелерді анықтауға көмектеседі. Әрбір пән бойынша қорытынды сынақ қарастырылған.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:
Жоғары білім туралы (бакалавриат, мамандану, магистратура) немесе кәсіптік орта білім туралы (техникум, колледж) диплом.

Дипломдар мен куәліктер:
Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқуды тәмамдағаннан кейін түлектер таңдап алынған бағыт бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруға құқық беретін кәсіптік даярлық туралы диплом алады. Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқуды тәмамдағаннан кейін түлектер таңдап алынған бағыт бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруға құқық беретін кәсіптік даярлық туралы диплом алады.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
395 000 тенге
495 000 тенге*
495 000 тенге
295 000 тенге
445 000 тенге*
445 000 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project]

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
200 000 тенге

Толық оқу курсының құны көрсетілген, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.