Шағын кеңсені жүйелік әкімшілеу

Шағын көлемдегі ұйымдардың ақпаратпен жұмыс жасаудағы қажеттіліктері өте ұқсас болғандықтан, және осыған байланысты олардың ақпараттық жүйелерге қоятын талаптары да ұқсас болғандықтан, осы бағдарламада тыңдаушылардың назары шағын компаниялардағы ақпараттық жүйелердің сәулетін қалыптастырудың ең үздік тәжірибелеріне және бюджеті мен адам жұмсалымы бойынша барынша оңтайлы шешімдерге аударылады. Оқу барысында үш негізгі міндетке негізгі назар аударылады: инфрақұрылымды басқару (базалық желі, компьютерлер және операциялық жүйелер, шеткі құралдар), деректерді басқару (деректер базасы, қосымшалар платформасы) және қолданбалы программалық қамтамасыз етуді пайдалану (пайдаланушының интерфейсінен бастап, күрделі бизнес-логикасы бар корпоративтік қосымшаларға дейін).

Шағын компанияның өзіндегі IT-жүйені құру және қолдап отыру – бүгінгі таңда жүйелік әкімшінің ой-өрісінің кең болуын және тәжірибелік машықтарды игеруін талап етеді. Көптеген компаниялар бүгінгі таңда – жүйенің жұмысқа қабілетсіздігімен немесе деректердің жоғалуымен байланысты кезекті форс-мажордың «өртін сумен басуға» әрдайым даяр тұрған мамандардың нормаланбаған жұмыс кестесінің есебінен, IT-жүйелердің тұрақтылығын қамтамасыз ету міндеттерін шешуде. Тек сауатты саясат пен ақаулықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстың арқасында мұндай жағдайлардың алдын алуға болады, ал бұл – желілік технологиялар, деректер базасы, программалау технологиялары мен қосымшалары секілді салалардағы жүйелік білім бар болғанда ғана мүмкін болады. Сонымен қатар, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану – пайдаланушылармен және бөлімшелердің басшыларымен өзара әрекеттесуді қажет етеді, яғни, пайдаланушылармен және бөлімшелердің басшыларымен өзара әрекеттесуді, стандарттардың талаптары мен заманауи әдістемелерін білуді, командада жұмыс істеу және жұмыс нәтижелерін дұрыс құжаттау қабілеттерін иемденуді қажет етеді.

Виртуалдау, деректерді қорғау, тұрақты қызметті шешімдерді құру салаларындағы міндеттерді шешу бойынша қолданбалы білім – жүйелік әкімші үшін қосымша құндылық болып табылады. Сонымен қатар, жобаларды, қаржылық қызметті басқару бойынша негізгі білімді меңгерген, ақпараттық жүйелерді пайдалану бойынша заңнаманың талаптарына бағдарланған маңызды және пайдалы./p>

Бағдарламаның мақсаты:
Заманауи ұйымдағы дербес компьютерлердің, серверлердің, шеткі құрылғылардың және қосымшалардың гетерогендік желісін әкімшілеу міндеттерін орындау үшін қажетті білім мен тәжірибелік машықтарға қол жеткізу, бизнестің нақты талаптарына сәйкес оның сенімді жұмыс жасауын және жылдам түрленуге даярлығын, дамуын және ақпараттық технологиялар саласындағы заманауи шешімдермен ықпалдануын қамтамасыз ету.

 
Кәсіптік қайта даярлау
 
 
Біліктілікті арттыру курстары
 

Тыңдаушылардың санаттары:
Microsoft Windows және Linux платформаларында шағын және орташа ұйым ауқымындағы (алаңшасының саны 3-5-ке дейін және жұмыс орнының саны 200-300-ге дейін) гетерогендік ақпараттық жүйелерді әкімшілеу бойынша міндеттерді орындайтын немесе осымен айналысуды жоспарлаған мамандар.

Қосымша ретінде.
Қол жеткізілетін білім мен машықтар күрделі өндірістік міндеттерді ойдағыдай орындауға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар қалау бойынша, Microsoft Windows операциялық жүйесінің негізінде желіні басқару жөніндегі маманның халықаралық мәртебесін – Microsoft Certified Technology Specialist және Linux (CompTIA Linux+) мәртебесін алуға арналған сертификаттау емтихандарын тапсыруға ойдағыдай дайындалуға мүмкіндік береді.

Тыңдаушылар «Желілік технологиялар» пәні шеңберінде Cisco CCNA Дискавери бағдарламасы бойынша тегін оқиды. Бұл курс IT-саладағы маманның жоғары деңгейдегі біліктілігін және танылуын қамтамасыз етеді. Барлық тыңдаушылар Желі Академиясының бірегей оқу материалдарына және Cisco компаниясының жабдықтарына қол жеткізеді. Пәнді ойдағыдай тәмамдағаннан кейін тыңдаушылар емтихан тапсырып, Cisco сертификаттарына қол жеткізуге мүмкіндік алады.

Оқудың ұзақтығы және тәртіптемесі
Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқу: 828 ак.сағ. (12 ай). При обучении на программах повышения квалификации: 406 ак.ч.

Режимы обучения

  1. Аптасына 16-24 сағат
  2. Аптасына 40 сағат

Демалыс күндік топ
Бұл топтың оқуы сенбі және жексенбі күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін ұйымдастырылады, түстенуге және екі кофе-брейкке арналған үзілістерімен.

Оқу барысында қашықтан оқыту технологиялары ішінара қолданылады, яғни кейбір пәндер (мысалы, таңдау бойынша кустар) қашықтан оқыту жүйесінің форумындағы электрондық семинарлар және оn-line дәрістер (вебинарлар) тәртіптемесінде өткізіледі. Ал бұл – уақыты аса шектеулі тәжірибешіл-мамандарды оқу үдерісіне тартуға мүмкіндік береді.

Күндізгі сабақтар – тиімді оқытуға арналған барлық талаптарға сәйкес келетін, заманауи техникамен жабдықталған дәрісханада өткізіледі. Тәжірибелік сабақтар барысында оқытушы қажетті жұмыстардың/рәсімдердің орындалуын көрнекі түрде жасап көрсетеді, сондай-ақ, туындайтын барлық қиындықтарды жеңіп шығуға жеке тәртіппен көмектеседі.

Қашықтық топ
Бұл топты оқыту – қашықтан оқытудың үздік технологияларының, соңғы интерактивтік және мультимедиялық шешімдердің пайдаланылуымен жүргізіледі.

On-line дәрістер (вебинарлар) тыңдаушыға нақты уақыт тәртіптемесінде оқытушымен байланыста болуға, дәріс барысында туындайтын сұрақтарды қоюға, оқытушы мен тыңдаушылар жасап жатқан әрекеттерді компьютердің жұмыс үстелінде таратып көрсетуге мүмкіндік береді. Шәкірттер аса сәтті жазылған вебинарлардың жазбасын кез-келген уақытта көре алады.

E-learning (электрондық семинарлар) шәкірттерге оқып зерттеліп отырған тәжірибелік мәселелерді тереңірек оқып зерттеуге мүмкіндік береді. Оқытушы кейстердің, жағдаяттық тапсырмалардың шешімін, бағдарламаларды жазу сапасын, жүйелердің баптамаларын жүзеге асыруды ұсынады және бағалайды, сондай-ақ нәтижелерін және тыңдаушылар үшін өзекті болып табылатын сұрақтарды – қашықтан оқыту жүйесіндегі форумда талқылауға ынталандырады.

On-line сынақ – оқып зерттелген материалды меңгеру деңгейін өз бетінше бағалауға көмектеседі, сондай-ақ, оқытушымен барынша мұқият талқылауға және оқып зерттеуге арналған мәселелерді анықтауға көмектеседі. Әрбір пән бойынша қорытынды сынақ қарастырылған.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:
Жоғары білім туралы (бакалавриат, мамандану, магистратура) немесе кәсіптік орта білім туралы (техникум, колледж) диплом.

Дипломдар мен куәліктер:
Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқуды тәмамдағаннан кейін түлектер таңдап алынған бағыт бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруға құқық беретін кәсіптік даярлық туралы диплом алады. Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқуды тәмамдағаннан кейін түлектер таңдап алынған бағыт бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруға құқық беретін кәсіптік даярлық туралы диплом алады.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
395 000 тенге
495 000 тенге*
495 000 тенге
295 000 тенге
445 000 тенге*
445 000 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project]

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
200 000 тенге

Толық оқу курсының құны көрсетілген, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.