Желілік әкімшілеу

Соңғы 10 жылдың ішіндегі ақпараттық технологиялардың жағдайын – дербес компьютерлердің пайда болуы мен таралуы және Интернеттің аса қарқынды өсуі секілді, олардың дамуының маңызды кезеңдері деп есептеуге болады. Мобильді технологиялардың кеңінен енгізілуі, таратылған есептеулердің бизнес-үдерістерге және күнделікті өмірге ықпалдануы, әлеуметтік желілер, бұлтты сервистер — осының барлығы ақпараттық технологиялардың іс жүзінде қолданылуының сапалы түрде күрт өсуі болып табылады. Және де осы жетістіктердің барлығын – желі инфрақұрылымы түріндегі сенімді іргетассыз елестету мүмкін емес. Елдердің, континенттердің және аса ірі провайдерлердің арасындағы магистральдік желілердің «құпия» үдерістерінен бастап, корпоративтік желілер арқылы және шағын кеңселер мен үй желілеріне дейін — барлық жерде хаттамасыз, мекен-жайсыз, маршрутсыз және қол жеткізуді басқарусыз амалдау мүмкін емес.

Желі технологияларының дамуы соңғы жылдарда өнімділік пен ауқымдануды арттыруға, қауіпсіздік пен сенімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ қосылу мен конфигурациялау үдерістерін пайдалануды және барынша автоматтандыруды оңайлатуға бағытталған.

Осы мүмкіншіліктерді тиімді игеріп, тәжірибе жүзінде пайдалану үшін жүйелі даярлық қажет. Сондықтан желі технологияларын терең оқып зерттеуге, барлық негізгі хаттамаларды, қосымшаларды және құрылғыларды игеруге қосымша ретінде біз келесі білім салаларымен байланысты білімдердің жиынтығын ұсынамыз — операциялық жүйелерді басқару, ақпараттық қауіпсіздік, деректер базасы, кеңінен тараған тілдерде программалау негіздері.

Сонымен қатар, қазіргі таңдағы IT-маманға пайдаланушылармен және бөлімшелердің басшыларымен өзара әрекеттесу, заманауи әдістемелер мен стандарттарды, заңнаманың талаптарын білу, командада жұмыс жасауды және жұмыс нәтижелерін дұрыс құжаттауды меңгеру қажет.

Жобалау, құжаттау, шешімдерге аудит жасау, үздік салалық тәжірибелерді пайдалану, деректерді қорғау, бұзылуға қарсы төзімді шешімдерді құру салаларындағы міндеттерді шешу бойынша қолданбалы білім – желілік әкімші үшін қосымша құндылық болып табылады.

Оқудың мақсаты:
Дербес компьютерлердің, серверлердің және қосымшалардың желілерін жобалау, құру және әкімшілеу міндеттерін орындау үшін қажетті білім мен машықтарға қол жеткізу, бөліп тарату ортасында оның сенімді жұмыс жасауын, дамуын және ақпараттық технологиялар саласындағы заманауи қолданбалы шешімдермен ықпалдануын қамтамасыз ету.

Тыңдаушылардың санаттары:
Желі инфрақұрылымын әкімшілеу жөніндегі міндеттерді орындайтын немесе осымен айналысуды жоспарлаған мамандар.

 
Кәсіптік қайта даярлау
 
 
Біліктілікті арттыру курстары
 

Қосымша ретінде:
Қол жеткізілетін білім мен машықтар күрделі өндірістік міндеттерді ойдағыдай орындауға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар қалау бойынша, халықаралық деңгейде танылған және мойындалған, желіні басқару жөніндегі маман және кәсіпқой мәртебесін – CompTIA Network+, Cisco CCNA және басқа өндірушілердің осындай мәртебелерін алуға арналған сертификаттау емтихандарын тапсыруға ойдағыдай дайындалуға мүмкіндік береді.

Тыңдаушылар «Желілік технологиялар» пәні шеңберінде Cisco CCNA Дискавери бағдарламасы бойынша тегін оқиды. Бұл курс IT-саладағы маманның жоғары деңгейдегі біліктілігін және танылуын қамтамасыз етеді. Барлық тыңдаушылар Желі Академиясының бірегей оқу материалдарына және Cisco компаниясының жабдықтарына қол жеткізеді. Пәнді ойдағыдай тәмамдағаннан кейін тыңдаушылар емтихан тапсырып, Cisco сертификаттарына қол жеткізуге мүмкіндік алады.

Оқудың ұзақтығы және тәртіптемесі
Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқу: 774 ак.сағ. (12 ай). Длительность обучения по программе составляет 342 ак.ч.

Оқу тәртіптемелері

Аптасына 16-24 сағат
Аптасына 40 сағат

 

Демалыс күндік топ
Бұл топтың оқуы сенбі және жексенбі күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін ұйымдастырылады, түстенуге және екі кофе-брейкке арналған үзілістерімен.

Оқу барысында қашықтан оқыту технологиялары ішінара қолданылады, яғни кейбір пәндер (мысалы, таңдау бойынша кустар) қашықтан оқыту жүйесінің форумындағы электрондық семинарлар және оn-line дәрістер (вебинарлар) тәртіптемесінде өткізіледі. Ал бұл – уақыты аса шектеулі тәжірибешіл-мамандарды оқу үдерісіне тартуға мүмкіндік береді.

Күндізгі сабақтар – тиімді оқытуға арналған барлық талаптарға сәйкес келетін, заманауи техникамен жабдықталған дәрісханада өткізіледі. Тәжірибелік сабақтар барысында оқытушы қажетті жұмыстардың/рәсімдердің орындалуын көрнекі түрде жасап көрсетеді, сондай-ақ, туындайтын барлық қиындықтарды жеңіп шығуға жеке тәртіппен көмектеседі.

Қашықтық топ
Бұл топты оқыту – қашықтан оқытудың үздік технологияларының, соңғы интерактивтік және мультимедиялық шешімдердің пайдаланылуымен жүргізіледі.

On-line дәрістер (вебинарлар) тыңдаушыға нақты уақыт тәртіптемесінде оқытушымен байланыста болуға, дәріс барысында туындайтын сұрақтарды қоюға, оқытушы мен тыңдаушылар жасап жатқан әрекеттерді компьютердің жұмыс үстелінде таратып көрсетуге мүмкіндік береді. Шәкірттер аса сәтті жазылған вебинарлардың жазбасын кез-келген уақытта көре алады.

EE-learning (электрондық семинарлар) шәкірттерге оқып зерттеліп отырған тәжірибелік мәселелерді тереңірек оқып зерттеуге мүмкіндік береді. Оқытушы кейстердің, жағдаяттық тапсырмалардың шешімін, бағдарламаларды жазу сапасын, жүйелердің баптамаларын жүзеге асыруды ұсынады және бағалайды, сондай-ақ нәтижелерін және тыңдаушылар үшін өзекті болып табылатын сұрақтарды – қашықтан оқыту жүйесіндегі форумда талқылауға ынталандырады.

On-line сынақ – оқып зерттелген материалды меңгеру деңгейін өз бетінше бағалауға көмектеседі, сондай-ақ, оқытушымен барынша мұқият талқылауға және оқып зерттеуге арналған мәселелерді анықтауға көмектеседі. Әрбір пән бойынша қорытынды сынақ қарастырылған.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:
Жоғары білім туралы (бакалавриат, мамандану, магистратура) немесе кәсіптік орта білім туралы (техникум, колледж) диплом.

Дипломдар мен куәліктер:
Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқуды тәмамдағаннан кейін түлектер таңдап алынған бағыт бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруға құқық беретін кәсіптік даярлық туралы диплом алады. Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқуды тәмамдағаннан кейін түлектер таңдап алынған бағыт бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруға құқық беретін кәсіптік даярлық туралы диплом алады.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
395 000 тенге
495 000 тенге*
495 000 тенге
295 000 тенге
445 000 тенге*
445 000 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project]

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
200 000 тенге

Толық оқу курсының құны көрсетілген, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.