Ruby тілінде веб-қосымшаларды жетілдіру

Қазіргі замандағы әлемде сенімді және қол жетімді қосымшаларсыз амалдау мүмкін емес. Бағдарламаларды жазу жылдамдығына және олардың сенімділігіне қойылатын талаптар бірте-бірте күшейіп келеді. Көптеген программалау тілдері моральдік тұрғыда ескірген және бизнес-қосымшаларды жазудың заманауи стандарттарына сәйкес келмейді. Программаларды қолдану салаларының ауқымы өсуде, сонымен қатар жақсы программалаушылардың да жалақылары өсуде.

Бүгінгі таңдағы ең заманауи және келешегі мол программалау тілі - Ruby болып табылады. Ол аса икемді бола отырып, айқындылығымен және қарапайымдылығымен ерекшеленеді, және желілік әкімшілеу міндеттерін шешуде және қолданбалы міндеттерді шешуде кеңінен таралып отыр. Ruby программалау тілінде әр-түрлі қосымшалар мен ірі жобалар құрылуда: компьютерлік ойындар, web-порталдар, деректер базасымен жұмыс жасауға арналған қосымшалар және әр-түрлі мақсаттағы қосымшалар.

Ruby-дегі әр-түрлі фреймворктерді пайдалана отырып (RubyOnRails, Sinatra және т.б.), әр-түрлі деректермен: мәтінмен, аудио және бейне-деректермен жұмыс жасауға арналған күрделі және оңай ауқымдалатын web-қосымшаларды құруға болады.

Оқу бағдарламасының бірінші бөлігі (бірінші семестр) әр-түрлі маманданулар үшін жалпы болып табылады және жетілдіру мен енгізу циклінің барлық кезеңдерінде ақпараттық жүйелер мен программалық өнімдерді құру негіздерін оқып зерттеуге, программалау, желілерді құру және заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану салаларындағы бастапқы білім мен машықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Оқу бағдарламасының екінші бөлігін оқып зерттеу барысында Сіз Ruby тілін пайдалана отырып әр-түрлі қосымшаларды құру үшін қажетті білімге, машықтарға және икемділікке қол жеткізесіз. Әр-түрлі web-қосымшаларды құрудың қағидаттарын меңгересіз және күрделілігі әр-түрлі деңгейдегі интернет-жобаларды құра аласыз.

Оқудың мақсаты
Ruby тілін пайдалана отырып әр-түрлі веб-қосымшаларды құру үшін қажетті білімге, машықтарға және икемділікке қол жеткізу.

Тыңдаушылардың санаттары
Ruby-де веб-қосымшаларды жетілдірумен айналысуды жоспарлаған мамандар.

 
Кәсіптік қайта даярлау
 
 
Біліктілікті арттыру курстары
 

Қосымша ретінде
Тыңдаушылар «Желілік технологиялар» пәні шеңберінде Cisco CCNA Дискавери бағдарламасы бойынша тегін оқиды. Бұл курс маманның жоғары біліктілігін және оның IT-салада танылуын қамтамасыз етеді. Барлық тыңдаушылар Желі Академиясының бірегей оқу материалдары мен Cisco компаниясының жабдықтарына қол жеткізеді. Пәнді ойдағыдай тәмамдағаннан кейін тыңдаушылар емтихан тапсырып, Cisco сертификаттарына қол жеткізуге мүмкіндік алады.

Оқудың ұзақтығы және тәртіптемесі
Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқу: 932 ак.сағ. (12 ай).При обучении на программах повышения квалификации: 376 ак.ч.

Оқу тәртіптемелері

  1. Аптасына 16-24 сағат
  2. Аптасына 40 сағат

Демалыс күндік топ
Бұл топтың оқуы сенбі және жексенбі күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін ұйымдастырылады, түстенуге және екі кофе-брейкке арналған үзілістерімен.

Оқу барысында қашықтан оқыту технологиялары ішінара қолданылады, яғни кейбір пәндер қашықтан оқыту жүйесінің форумындағы электрондық семинарлар және оn-line дәрістер (вебинарлар) тәртіптемесінде өткізіледі. Ал бұл – уақыты аса шектеулі тәжірибешіл-мамандарды оқу үдерісіне тартуға мүмкіндік береді.

Күндізгі сабақтар – тиімді оқытуға арналған барлық талаптарға сәйкес келетін, заманауи техникамен жабдықталған дәрісханада өткізіледі. Тәжірибелік сабақтар барысында оқытушы қажетті жұмыстардың/рәсімдердің орындалуын көрнекі түрде жасап көрсетеді, сондай-ақ, туындайтын барлық қиындықтарды жеңіп шығуға жеке тәртіппен көмектеседі.

Қашықтық топ
Бұл топты оқыту – қашықтан оқытудың үздік технологияларының, соңғы интерактивтік және мультимедиялық шешімдердің пайдаланылуымен жүргізіледі.

On-line дәрістер (вебинарлар) тыңдаушыға нақты уақыт тәртіптемесінде оқытушымен байланыста болуға, дәріс барысында туындайтын сұрақтарды қоюға, оқытушы мен тыңдаушылар жасап жатқан әрекеттерді компьютердің жұмыс үстелінде таратып көрсетуге мүмкіндік береді. Шәкірттер аса сәтті жазылған вебинарлардың жазбасын кез-келген уақытта көре алады.

EE-learning (электрондық семинарлар) шәкірттерге оқып зерттеліп отырған тәжірибелік мәселелерді тереңірек оқып зерттеуге мүмкіндік береді. Оқытушы кейстердің, жағдаяттық тапсырмалардың шешімін, бағдарламаларды жазу сапасын, жүйелердің баптамаларын жүзеге асыруды ұсынады және бағалайды, сондай-ақ нәтижелерін және тыңдаушылар үшін өзекті болып табылатын сұрақтарды – қашықтан оқыту жүйесіндегі форумда талқылауға ынталандырады.

On-line сынақ – оқып зерттелген материалды меңгеру деңгейін өз бетінше бағалауға көмектеседі, сондай-ақ, оқытушымен барынша мұқият талқылауға және оқып зерттеуге арналған мәселелерді анықтауға көмектеседі. Әрбір пән бойынша қорытынды сынақ қарастырылған.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:
Жоғары білім туралы (бакалавриат, мамандану, магистратура) немесе кәсіптік орта білім туралы (техникум, колледж) диплом.

Дипломдар мен куәліктер:
Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқуды тәмамдағаннан кейін түлектер таңдап алынған бағыт бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруға құқық беретін кәсіптік даярлық туралы диплом алады. Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқуды тәмамдағаннан кейін түлектер таңдап алынған бағыт бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруға құқық беретін кәсіптік даярлық туралы диплом алады.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
395 000 тенге
495 000 тенге*
495 000 тенге
295 000 тенге
445 000 тенге*
445 000 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project]

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
200 000 тенге

Толық оқу курсының құны көрсетілген, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.