PHР-да веб-қосымшаларды жетілдіру

Қазіргі таңда әлемді Интернетсіз елестету мүмкін емес. Интернет пайдаланушыларға адамдар арасындағы тілдесу және бизнес жүргізу тұрғысынан кең ауқымды мүмкіншіліктерді ұсынып отыр. Іс жүзінде әрбір компанияның Интернетте сайты бар, онда компания өз тауарлары мен қызметтерін жарнамалайды. Бірақ Интернет — осыны веб-қосымшалардың көмегімен іске асыруға мүмкіндік беретін платформа ғана. Сондықтан веб-қосымшаларды жетілдіруші – ақпараттық технологиялар саласында ең қажет етілген мамандық болып табылады.

Әрбір веб-қосымшада ақырғы пайдаланушыға көрінбейтін серверлік бөлігі бар. Бүкіл веб-қосымшаның жұмысының тиімділігі мен тұрақтылығы – осы бөлікті іске асырудың сапасына байланысты.

«PHP-да веб-қосымшаларды жетілдіру» бағдарламасы бойынша оқу барысында Сіз серверлік бөлікті программалау үшін арнайы жетілдірілген РНР тілін пайдалана отырып сапалы веб-қосымшаларды құру үшін қажетті барлық білімге, машықтарға және икемділікке қол жеткізесіз.

Оқу бағдарламасының бірінші бөлігі (бірінші семестр) әр-түрлі маманданулар үшін жалпы болып табылады және жетілдіру мен енгізу циклінің барлық кезеңдерінде ақпараттық жүйелер мен программалық өнімдерді құру негіздерін оқып зерттеуге, программалау, желілерді құру және заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану салаларындағы бастапқы білім мен машықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Оқу бағдарламасының екінші бөлігін оқып зерттеу барысында Сіз орташа және ірі веб-қосымшалардың серверлік бөлігін РНР-да программалау үшін қажетті білімге, машықтарға және ептілікке қол жеткізесіз. Сонымен қатар Сіз MySQL үлгісіндегі реляциялық СУБД (деректер базасын басқару жүйесі) жұмысының қағидаттарымен танысасыз. Сондай-ақ веб-қосымшалардың пайдаланушылық интерфейсін құруға арналған HTML-белгілеуінің негіздерін меңгересіз.

Оқудың мақсаты
Талаптарды жинауды және талдауды, техникалық айрықшаламаны жетілдіруді, қосымшаларды жетілдіруді және дұрыстауды, программалық компоненттерді ықпалдандыруды, кодты оңтайландыруды және талдауды, сынақты жоспарлауды және өткізуді, құжаттаманы жазуды және пайдаланушыларды оқытуды қоса есептегенде, РНР программалау тілінде веб-қосымшаларды жетілдіру міндеттерін орындау үшін қажетті білім мен тәжірибелік машықтарға қол жеткізу.

Тыңдаушылардың санаттары
Бизнес-қосымшаларды жетілдірумен (интернет және интранет порталдары, веб-сервистер, пайдаланушылық веб-интерфейстер, корпоративтік сайттар) айналысуды жоспарлаған мамандар.

 
Кәсіптік қайта даярлау
 
 
Біліктілікті арттыру курстары
 

Қосымша ретінде
Тыңдаушылар «Желілік технологиялар» пәні шеңберінде Cisco CCNA Дискавери бағдарламасы бойынша тегін оқиды. Бұл курс маманның жоғары біліктілігін және оның IT-салада танылуын қамтамасыз етеді. Барлық тыңдаушылар Желі Академиясының бірегей оқу материалдары мен Cisco компаниясының жабдықтарына қол жеткізеді. Пәнді ойдағыдай тәмамдағаннан кейін тыңдаушылар емтихан тапсырып, Cisco сертификаттарына қол жеткізуге мүмкіндік алады.

Оқудың ұзақтығы және тәртіптемесі
Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқу: 922 ак.сағ. (12 ай). При обучении на программах повышения квалификации: 368 ак.ч.

Оқу тәртіптемелері

Аптасына 16-24 сағат
Аптасына 40 сағат

Демалыс күндік топ
Бұл топтың оқуы сенбі және жексенбі күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін ұйымдастырылады, түстенуге және екі кофе-брейкке арналған үзілістерімен.

Оқу барысында қашықтан оқыту технологиялары ішінара қолданылады, яғни кейбір пәндер қашықтан оқыту жүйесінің форумындағы электрондық семинарлар және оn-line дәрістер (вебинарлар) тәртіптемесінде өткізіледі. Ал бұл – уақыты аса шектеулі тәжірибешіл-мамандарды оқу үдерісіне тартуға мүмкіндік береді.

Күндізгі сабақтар – тиімді оқытуға арналған барлық талаптарға сәйкес келетін, заманауи техникамен жабдықталған дәрісханада өткізіледі. Тәжірибелік сабақтар барысында оқытушы қажетті жұмыстардың/рәсімдердің орындалуын көрнекі түрде жасап көрсетеді, сондай-ақ, туындайтын барлық қиындықтарды жеңіп шығуға жеке тәртіппен көмектеседі.

Қашықтық топ
Бұл топты оқыту – қашықтан оқытудың үздік технологияларының, соңғы интерактивтік және мультимедиялық шешімдердің пайдаланылуымен жүргізіледі.

On-line дәрістер (вебинарлар) тыңдаушыға нақты уақыт тәртіптемесінде оқытушымен байланыста болуға, дәріс барысында туындайтын сұрақтарды қоюға, оқытушы мен тыңдаушылар жасап жатқан әрекеттерді компьютердің жұмыс үстелінде таратып көрсетуге мүмкіндік береді. Шәкірттер аса сәтті жазылған вебинарлардың жазбасын кез-келген уақытта көре алады.

EE-learning (электрондық семинарлар) шәкірттерге оқып зерттеліп отырған тәжірибелік мәселелерді тереңірек оқып зерттеуге мүмкіндік береді. Оқытушы кейстердің, жағдаяттық тапсырмалардың шешімін, бағдарламаларды жазу сапасын, жүйелердің баптамаларын жүзеге асыруды ұсынады және бағалайды, сондай-ақ нәтижелерін және тыңдаушылар үшін өзекті болып табылатын сұрақтарды – қашықтан оқыту жүйесіндегі форумда талқылауға ынталандырады.

On-line сынақ – оқып зерттелген материалды меңгеру деңгейін өз бетінше бағалауға көмектеседі, сондай-ақ, оқытушымен барынша мұқият талқылауға және оқып зерттеуге арналған мәселелерді анықтауға көмектеседі. Әрбір пән бойынша қорытынды сынақ қарастырылған.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:
Жоғары білім туралы (бакалавриат, мамандану, магистратура) немесе кәсіптік орта білім туралы (техникум, колледж) диплом.

Дипломдар мен куәліктер:
Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқуды тәмамдағаннан кейін түлектер таңдап алынған бағыт бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруға құқық беретін кәсіптік даярлық туралы диплом алады. Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқуды тәмамдағаннан кейін түлектер таңдап алынған бағыт бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруға құқық беретін кәсіптік даярлық туралы диплом алады.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
395 000 тенге
495 000 тенге*
495 000 тенге
295 000 тенге
445 000 тенге*
445 000 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project]

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
200 000 тенге

Толық оқу курсының құны көрсетілген, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.