Javа-да бизнес-қосымшаларды жетілдіру

Кез-келген ақпараттық жүйенің құндылығы мен қажет етілуі бүтіндей және толығымен – жабдықтарды инициалдау және конфигурациялау, деректермен жұмыс жасау және ыңғайлы пайдаланушылық интерфейс ұсыну міндеттерін шешуге арналған программалық қамтамасыз етумен анықталады. Сондықтан программалау міндеті (жүйелік және қолданбалы) жоғары деңгейде қажет етілуде және біздің тіршілігіміздің барлық салаларына ақпараттық технологиялардың енуіне қарай маңыздылығы арта түсуде.

Қазіргі уақытта бизнес-үдерістерді автоматтандыру үшін қолданылатын тәсілдемелер мен технологиялардың бүкіл спектрін білместен, орташа және ірі кәсіпорындарға арналған қосымшаларды программалау мүмкін емес. Кәсіпорын деңгейіндегі программалық қамтамасыз етуді құруға арналған шешімдердің аса ауқымды спектрін Java программалау тілі ұсынады, ол барлық жерде пайдаланылады: ықшам компьютерлерден бастап, деректерді өңдеу орталықтарына дейін, ойын приставкаларынан бастап, ғылыми суперкомпьютерлерге дейін, ұялы телефондардан бастап, Интернетке дейін.

Java — тек заманауи программалау тілі ғана емес, сонымен қатар сенімділікті, ауқымдануды, иілгіштікті қажет ететін, өнімділігі жоғары жобалардағы кәсіпорын деңгейінде программалық қамтамасыз етуді құру үшін пайдаланылатын есептеу платформасы.

Оқу бағдарламасының бірінші бөлігі (бірінші семестр) әр-түрлі маманданулар үшін жалпы болып табылады және жетілдіру мен енгізу циклінің барлық кезеңдерінде ақпараттық жүйелер мен программалық өнімдерді құру негіздерін оқып зерттеуге, программалау, желілерді құру және заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану салаларындағы бастапқы білім мен машықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Арнаулы оқу бағдарламасының екінші бөлігі бизнес-қосымшаларды құру саласындағы қолданбалы программалаудың теориясымен және тәжірибесімен танысуға арналған. Деректермен жұмыс жасаудың іске асырылуы, хаттамалары мен жалпы форматтары, программалық қамтамасыз етуді жобалау қағидаттары және технологиялары қарастырылады. Шешімнің серверлік және клиенттік компонентін жетілдірудің ерекшеліктері жан-жақты оқып зерттеледі. Java тілінде программалау сонымен қатар бірнеше мәтіндік бөлімдер түрінде оқып зерттеледі, бұл дегеніміз – тілдің негіздері және программалық қамтамасыз етуді құру үшін оны пайдаланудың ерекшеліктері болып табылады.

Оқудың мақсаты
Талаптарды жинауды және талдауды, техникалық айрықшаламаны жетілдіруді, қосымшаларды жетілдіруді және дұрыстауды, программалық компоненттерді ықпалдандыруды, кодты оңтайландыруды және талдауды, сынақты жоспарлауды және өткізуді, құжаттаманы жазуды және пайдаланушыларды оқытуды қоса есептегенде, Java программалау тілінде бизнес-қосымшаларды жетілдіру міндеттерін орындау үшін қажетті білім мен тәжірибелік машықтарға қол жеткізу.

 
Кәсіптік қайта даярлау
 
 
Біліктілікті арттыру курстары
 

Тыңдаушылардың санаттары:
Бизнес-қосымшаларды жетілдірумен (интернет және интранет порталдары, веб-сервистер, пайдаланушылық веб-интерфейстер, корпоративтік сайттар) айналысуды жоспарлаған мамандар.

Қосымша ретінде
Қол жеткізілетін білім мен машықтар күрделі өндірістік міндеттерді сәтті орындауға ғана емес, сонымен қатар қалау бойынша, тиісті мамандануымен программалық қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі халықаралық деңгейде танылған маман немесе кәсіпқой мәртебесін алуға арналған сертификаттау емтихандарын тапсыруға ойдағыдай дайындалуға мүмкіндік береді.

Тыңдаушылар «Желілік технологиялар» пәні шеңберінде Cisco CCNA Дискавери бағдарламасы бойынша тегін оқиды. Бұл курс маманның жоғары біліктілігін және оның IT-салада танылуын қамтамасыз етеді. Барлық тыңдаушылар Желі Академиясының бірегей оқу материалдары мен Cisco компаниясының жабдықтарына қол жеткізеді. Пәнді ойдағыдай тәмамдағаннан кейін тыңдаушылар емтихан тапсырып, Cisco сертификаттарына қол жеткізуге мүмкіндік алады.

Оқудың ұзақтығы және тәртіптемесі
Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқу: 962 ак.сағ. (12 ай). При обучении на программах повышения квалификации: 274 ак.ч.

Оқу тәртіптемелері

  1. Аптасына 16-24 сағат
  2. Аптасына 40 сағат

Демалыс күндік топ
Бұл топтың оқуы сенбі және жексенбі күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін ұйымдастырылады, түстенуге және екі кофе-брейкке арналған үзілістерімен.

Оқу барысында қашықтан оқыту технологиялары ішінара қолданылады, яғни кейбір пәндер (мысалы, таңдау бойынша кустар) қашықтан оқыту жүйесінің форумындағы электрондық семинарлар және оn-line дәрістер (вебинарлар) тәртіптемесінде өткізіледі. Ал бұл – уақыты аса шектеулі тәжірибешіл-мамандарды оқу үдерісіне тартуға мүмкіндік береді.

Күндізгі сабақтар — тиімді оқытуға арналған барлық талаптарға сәйкес келетін, заманауи техникамен жабдықталған дәрісханада өткізіледі. Тәжірибелік сабақтар барысында оқытушы қажетті жұмыстардың/рәсімдердің орындалуын көрнекі түрде жасап көрсетеді, сондай-ақ, туындайтын барлық қиындықтарды жеңіп шығуға жеке тәртіппен көмектеседі.

Қашықтық топ
Бұл топты оқыту — қашықтан оқытудың үздік технологияларының, соңғы интерактивтік және мультимедиялық шешімдердің пайдаланылуымен жүргізіледі.

On-line дәрістер (вебинарлар) тыңдаушыға нақты уақыт тәртіптемесінде оқытушымен байланыста болуға, дәріс барысында туындайтын сұрақтарды қоюға, оқытушы мен тыңдаушылар жасап жатқан әрекеттерді компьютердің жұмыс үстелінде таратып көрсетуге мүмкіндік береді. Шәкірттер аса сәтті жазылған вебинарлардың жазбасын кез-келген уақытта көре алады.

EE-learning (электрондық семинарлар) шәкірттерге оқып зерттеліп отырған тәжірибелік мәселелерді тереңірек оқып зерттеуге мүмкіндік береді. Оқытушы кейстердің, жағдаяттық тапсырмалардың шешімін, бағдарламаларды жазу сапасын, жүйелердің баптамаларын жүзеге асыруды ұсынады және бағалайды, сондай-ақ нәтижелерін және тыңдаушылар үшін өзекті болып табылатын сұрақтарды – қашықтан оқыту жүйесіндегі форумда талқылауға ынталандырады.

On-line сынақ – оқып зерттелген материалды меңгеру деңгейін өз бетінше бағалауға көмектеседі, сондай-ақ, оқытушымен барынша мұқият талқылауға және оқып зерттеуге арналған мәселелерді анықтауға көмектеседі. Әрбір пән бойынша қорытынды сынақ қарастырылған.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:
Жоғары білім туралы (бакалавриат, мамандану, магистратура) немесе кәсіптік орта білім туралы (техникум, колледж) диплом.

Дипломдар мен куәліктер:
Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқуды тәмамдағаннан кейін түлектер таңдап алынған бағыт бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруға құқық беретін кәсіптік даярлық туралы диплом алады. По окончании обучении на программах повышения квалификации выпускники получают удостоверение о приобретении дополнительных профессиональных навыков и повышении профессиональных возможностей.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
395 000 тенге
495 000 тенге*
495 000 тенге
295 000 тенге
445 000 тенге*
445 000 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project]

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
200 000 тенге

Толық оқу курсының құны көрсетілген, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.