HTML5 + CSS3 + JavaScript-те web-қосымшаларын жетілдіру

Қазіргі таңда Интернет әлемнің ажырамас бөлігіне айналып отыр. Әрбір Интернет пайдаланушысы тілдесу үшін де, бизнес жүргізу үшін де қажет болатын аса күшті құралға қол жеткізді. Көптеген компаниялар Интернетті өз өнімдері мен қызметтерін жарнамалау үшін және сату үшін пайдаланады. Ал осының барлығы – заманауи интернет-технологияларға негізделген веб-қосымшалардың көмегімен жүзеге асырылады. Сондықтан веб-қосымшаларды жетілдіруші – ақпараттық технологиялар саласында аса қажет етілген мамандыққа айналып отыр.

Ақырғы пайдаланушы веб-қосымшамен HTML-беттері арқылы өзара әрекеттеседі, олардың көмегімен пайдаланушылық интерфейс іске асырылады. Веб-қосымшаның пайдаланушылық интерфейсінің ыңғайлылығы, серпінділігі және көркемдігі – көп жағдайларда оның табыстылығының шешуші факторы болып табылады.

«HTML5 + CSS3 + JavaScript-те web-қосымшаларды жетілдіру» бағдарламасы бойынша оқу барысында Сіз ең заманауи технологиялардың негізінде сапалы веб-қосымшаларды жасау үшін қажетті барлық білімге, машықтарға және икемділікке қол жеткізесіз.

Оқу бағдарламасының бірінші бөлігі (бірінші семестр) әр-түрлі маманданулар үшін жалпы болып табылады және жетілдіру мен енгізу циклінің барлық кезеңдерінде ақпараттық жүйелер мен программалық өнімдерді құру негіздерін оқып зерттеуге, программалау, желілерді құру және заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану салаларындағы бастапқы білім мен машықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Оқу бағдарламасының екінші бөлігін оқып зерттеу барысында Сіз каскадтық стильдегі кестелердің (CSS3) пайдаланылуымен, еркін түрдегі күрделі дизайнға сәйкес HTML-беттерін беттеу үшін қажетті білімге, машықтарға және икемділікке қол жеткізесіз. Сондай-ақ Сіз HTML5 стандартының жаңалықтарын игересіз. Және де Сіз JavaScript тілінде программалауды үйренесіз, ал бұл Сізге серпінді жоғары-интерактивті веб-қосымшаларды құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Сіз веб-қосымшалардың серверлік бөлігін құру үшін PHP тілінде программалаудың негіздерін оқып зерттейсіз.

Оқудың мақсаты
Талаптарды жинауды және талдауды, техникалық айрықшаламаны жетілдіруді, қосымшаларды жетілдіруді және дұрыстауды, программалық компоненттерді ықпалдандыруды, кодты оңтайландыруды және талдауды, сынақты жоспарлауды және өткізуді, құжаттаманы жазуды және пайдаланушыларды оқытуды қоса есептегенде, HTML5, CSS3 және JavaScript технологияларының негізінде веб-қосымшаларды жетілдіру міндеттерін орындау үшін қажетті білім мен тәжірибелік машықтарға қол жеткізу.

Тыңдаушылардың санаттары
Веб-қосымшаларды жетілдірумен (интернет және интранет порталдары, веб-сервистер, пайдаланушылық веб-интерфейстер, корпоративтік сайттар) айналысуды жоспарлаған мамандар.

 
Кәсіптік қайта даярлау
 
 
Біліктілікті арттыру курстары
 

Қосымша ретінде
Тыңдаушылар «Желілік технологиялар» пәні шеңберінде Cisco CCNA Дискавери бағдарламасы бойынша тегін оқиды. Бұл курс маманның жоғары біліктілігін және оның IT-салада танылуын қамтамасыз етеді. Барлық тыңдаушылар Желі Академиясының бірегей оқу материалдары мен Cisco компаниясының жабдықтарына қол жеткізеді. Пәнді ойдағыдай тәмамдағаннан кейін тыңдаушылар емтихан тапсырып, Cisco сертификаттарына қол жеткізуге мүмкіндік алады.

Оқудың ұзақтығы және тәртіптемесі
Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқу: 916 ак.сағ. (12 ай).При обучении на программах повышения квалификации: 398 ак.ч.

Оқу тәртіптемелері

Аптасына 16-24 сағат
Аптасына 40 сағат

 

Демалыс күндік топ
Бұл топтың оқуы сенбі және жексенбі күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін ұйымдастырылады, түстенуге және екі кофе-брейкке арналған үзілістерімен.

Оқу барысында қашықтан оқыту технологиялары ішінара қолданылады, яғни кейбір пәндер қашықтан оқыту жүйесінің форумындағы электрондық семинарлар және оn-line дәрістер (вебинарлар) тәртіптемесінде өткізіледі. Ал бұл – уақыты аса шектеулі тәжірибешіл-мамандарды оқу үдерісіне тартуға мүмкіндік береді.

Күндізгі сабақтар – тиімді оқытуға арналған барлық талаптарға сәйкес келетін, заманауи техникамен жабдықталған дәрісханада өткізіледі. Тәжірибелік сабақтар барысында оқытушы қажетті жұмыстардың/рәсімдердің орындалуын көрнекі түрде жасап көрсетеді, сондай-ақ, туындайтын барлық қиындықтарды жеңіп шығуға жеке тәртіппен көмектеседі.

Қашықтық топ
Бұл топты оқыту – қашықтан оқытудың үздік технологияларының, соңғы интерактивтік және мультимедиялық шешімдердің пайдаланылуымен жүргізіледі.

On-line дәрістер (вебинарлар) тыңдаушыға нақты уақыт тәртіптемесінде оқытушымен байланыста болуға, дәріс барысында туындайтын сұрақтарды қоюға, оқытушы мен тыңдаушылар жасап жатқан әрекеттерді компьютердің жұмыс үстелінде таратып көрсетуге мүмкіндік береді. Шәкірттер аса сәтті жазылған вебинарлардың жазбасын кез-келген уақытта көре алады.

EE-learning (электрондық семинарлар) шәкірттерге оқып зерттеліп отырған тәжірибелік мәселелерді тереңірек оқып зерттеуге мүмкіндік береді. Оқытушы кейстердің, жағдаяттық тапсырмалардың шешімін, бағдарламаларды жазу сапасын, жүйелердің баптамаларын жүзеге асыруды ұсынады және бағалайды, сондай-ақ нәтижелерін және тыңдаушылар үшін өзекті болып табылатын сұрақтарды – қашықтан оқыту жүйесіндегі форумда талқылауға ынталандырады.

On-line сынақ – оқып зерттелген материалды меңгеру деңгейін өз бетінше бағалауға көмектеседі, сондай-ақ, оқытушымен барынша мұқият талқылауға және оқып зерттеуге арналған мәселелерді анықтауға көмектеседі. Әрбір пән бойынша қорытынды сынақ қарастырылған.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:
Жоғары білім туралы (бакалавриат, мамандану, магистратура) немесе кәсіптік орта білім туралы (техникум, колледж) диплом.

Дипломдар мен куәліктер:
Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқуды тәмамдағаннан кейін түлектер таңдап алынған бағыт бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруға құқық беретін кәсіптік даярлық туралы диплом алады. Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқуды тәмамдағаннан кейін түлектер таңдап алынған бағыт бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруға құқық беретін кәсіптік даярлық туралы диплом алады.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
395 000 тенге
495 000 тенге*
495 000 тенге
295 000 тенге
445 000 тенге*
445 000 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project]

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
200 000 тенге

Толық оқу курсының құны көрсетілген, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.