Windows Server 2008 Hyper-V платформасында виртуалдық инфрақұрылымдарды құру

Бизнес-үдерістер бүгінгі таңда әр-түрлі техникалық міндеттерді шешуді қажет етеді:

  • Компьютердің аппараттық қамтамасыз етуін ұқсату қажеттілігі;
  • Нақты ортада сынақ жасауды ұйымдастыру, пайдаланушыларды оқыту;
  • Жұмыс компьютерінде бір уақытта бірнеше операциялық жүйелерді пайдалану мүмкіндігі;
  • Ұйымдағы серверлердің санын қысқарту жолдарын іздеу.

Виртуалдау технологиясы — осы міндеттердің өзекті шешімі болып табылады. Оны қолдану – сервердің қолда бар ресурстарын барынша пайдалануға мүмкіндік береді, оны әкімшілеу үдерістерін оңайлатады, жүйенің жұмыс жасауының қауіпсіздігі мен сенімділігін арттырады.

«Microsoft Hyper-V Server 2008 R2 платфомасында виртуалдық инфрақұрылымдарды құру» бағдарламасында оқудың нәтижесінде Сіз Microsoft Hyper-V платформасындағы виртуалдық инфрақұрылымдарды өрістету үшін қажетті білім мен машықтарға қол жеткізесіз.

Оқу бағдарламасының бірінші бөлігі (бірінші семестр) әр-түрлі маманданулар үшін жалпы болып табылады және жетілдіру мен енгізу циклінің барлық кезеңдерінде ақпараттық жүйелер мен программалық өнімдерді құру негіздерін оқып зерттеуге, программалау, желілерді құру және заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану салаларындағы бастапқы білім мен машықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Оқу бағдарламасының екінші бөлігі мамандану пәндерінен тұрады, ол пәндердің шеңберінде Microsoft Hyper-V платформасында виртуалдық инфрақұрылымдарды — Hyper-V виртуалдық желілерін енгізу және сүйемелдеу міндеттерін шешу үшін қажетті білім мен машықтарға қол жеткізесіз, соның ішінде:

  • бұлтты орталар мен деректеді өңдеу орталықтарын құру;
  • жоғары деңгейдегі қол жетімділікті және бұзылуға қарсы төзімділікті іске асыру;
  • виртуалдық инфрақұрылымға қызмет көрсету үшін Microsoft System Center Virtual Machine Manager-мен жұмыс жасау;
  • Powershell пәрмендік жолынан әкімшілеу;
  • өнімділікке мониторинг жасау және кәсіпорынның қолда бар ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымымен ықпалдану.

«Windows Server 2008 Hyper-V платформасында виртуалдық инфрақұрылымдарды құру» пәні «Implementing and Managing Windows Server 2008 Hyper-V» Microsoft 6422A ресми курсына сәйкес келеді. Курсты тәмамдағаннан кейін шәкірттер 70-652 «TS: Windows Server Virtualization, Configuring» емтиханын тапсыру мүмкіндігіне қол жеткізеді.

Оқудың мақсаты
Бұлтты орталар мен деректерді өңдеу орталықтарын құруды, жоғары деңгейдегі қол жетімділік пен бұзылуға қарсы төзімділікті іске асыруды, сондай-ақ өнімділікке мониторинг жасау мен кәсіпорынның қолда бар ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымымен ықпалдануды қоса есептегенде, Windows Server 2008 Hyper-V платформасында виртуалдық инфрақұрылымдарды енгізу және сүйемелдеу міндеттерін шешу үшін қажетті білім мен машықтарға қол жеткізу.

Тыңдаушылардың санаттары
Windows Server 2008 Hyper-V платформасында виртуалдық инфрақұрылымдарды өрістетумен айналысуды жоспарлаған мамандар.

 
Кәсіптік қайта даярлау
 
 
Біліктілікті арттыру курстары
 

Қосымша ретінде
Тыңдаушылар «Желілік технологиялар» пәні шеңберінде Cisco CCNA Discovery бағдарламасы бойынша тегін оқиды және Желі Академиясының бірегей оқу материалдары мен Cisco компаниясының жабдықтарына қол жеткізеді.

Бағдарламаны ойдағыдай тәмамдағаннан кейін тыңдаушылар емтихан тапсырып, Cisco сертификаттарына қол жеткізуге мүмкіндік алады.

Оқудың ұзақтығы және тәртіптемесі
Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқу барысында: 906 ак.сағ. (12 ай). При обучении на программах повышения квалификации: 378 ак.ч.

Оқу тәртіптемелері
I семестр: Аптасына 16-24 сағат
II семестр: Аптасына 40 сағат

Демалыс күндік топ
Сенбі, жексенбі күндері, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (түстену мен екі кофе-брейкті қоса есептегенде).

Оқу барысында қашықтан оқыту технологиялары ішінара қолданылады: кейбір пәндер қашықтан оқыту жүйесінің форумындағы электрондық семинарлар және оn-line дәрістер (вебинарлар) тәртіптемесінде өткізіледі. Ал бұл – жетекші халықаралық тәжірибешіл-мамандарды оқу үдерісіне тартуға мүмкіндік береді.

Күндізгі сабақтар – тиімді оқытуға арналған барлық талаптарға сәйкес келетін, заманауи техникамен жабдықталған дәрісханада өткізіледі. Тәжірибелік сабақтар барысында оқытушы қажетті жұмыстардың/рәсімдердің орындалуын көрнекі түрде жасап көрсетеді, сондай-ақ, туындайтын барлық қиындықтарды жеңіп шығуға жеке тәртіппен көмектеседі.

Қашықтық топ
Бұл топты оқыту – қашықтан оқытудың үздік технологияларының, соңғы интерактивтік және мультимедиялық шешімдердің пайдаланылуымен жүргізіледі.

On-line дәрістер (вебинарлар) тыңдаушыға нақты уақыт тәртіптемесінде оқытушымен байланыста болуға, дәріс барысында туындайтын сұрақтарды қоюға, оқытушы мен тыңдаушылар жасап жатқан әрекеттерді компьютердің жұмыс үстелінде таратып көрсетуге мүмкіндік береді. Шәкірттер аса сәтті жазылған вебинарлардың жазбасын кез-келген уақытта көре алады.

EE-learning (электрондық семинарлар) тыңдаушыларға оқып зерттеліп отырған тәжірибелік мәселелерді тереңірек оқып зерттеуге мүмкіндік береді. Оқытушы кейстердің, жағдаяттық тапсырмалардың шешімін, бағдарламаларды жазу сапасын, жүйелердің баптамаларын жүзеге асыруды ұсынады және бағалайды, сондай-ақ нәтижелерін және тыңдаушылар үшін өзекті болып табылатын сұрақтарды – қашықтан оқыту жүйесіндегі форумда талқылауға ынталандырады.

On-line сынақ – оқып зерттелген материалды меңгеру деңгейін өз бетінше бағалауға көмектеседі, сондай-ақ, оқытушымен барынша мұқият талқылауға және оқып зерттеуге арналған мәселелерді анықтауға көмектеседі.

Әрбір пән бойынша қорытынды сынақ қарастырылған.

Дипломдар мен куәліктер:
Жоғары білім туралы (бакалавриат, мамандану, магистратура) немесе кәсіптік орта білім туралы (техникум, колледж) диплом.

Дипломдар мен куәліктер:
Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқуды тәмамдағаннан кейін түлектер таңдап алынған бағыт бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруға құқық беретін кәсіптік даярлық туралы диплом алады. Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқуды тәмамдағаннан кейін түлектер таңдап алынған бағыт бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруға құқық беретін кәсіптік даярлық туралы диплом алады.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
445 000 тенге
545 000 тенге*
545 000 тенге
345 000 тенге
495 000 тенге*
495 000 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project]

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
200 000 тенге

Толық оқу курсының құны көрсетілген, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.