EMC платформасында ақпаратты және деректерді сақтауды басқару

Ақпаратты сақтау – қосымшаларға, деректер базасына, операциялық жүйелер мен желілерге қызмет көрсетумен қатар басым міндетке айналып отыр.

«ЕМС платформасында ақпаратты және деректерді сақтауды басқару» бағдарламасы бойынша оқу — келесі мүмкіншіліктерге қол жеткізудің жолы болып табылады:

  • Деректерді сақтау, ақпаратты басқару технологияларын игеру;
  • Сақтаудың зиятты жүйелерін білу;
  • Деректерді сақтаудың желілік жүйелерін (FC-SAN, IP-SAN, NAS) оқып зерттеу;
  • Деректерді резервтік көшіру, қалпына келтіру және мұрағаттау әдістерін оқып зерттеу;
  • Деректерді сақтаудың және оларға мониторинг жасаудың инфрақұрылымдық жүйесін басқару жөніндегі білімге қол жеткізу.

Оқу бағдарламасының бірінші бөлігі (бірінші семестр) әр-түрлі маманданулар үшін жалпы болып табылады. Оқудың нәтижесінде Сіз:

  • Жетілдіру және енгізу циклінің барлық кезеңдерінде ақпараттық жүйелер мен программалық өнімдерді құру негіздерін оқып зерттейсіз;
  • Программалау, желілерді құру және заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану салаларындағы бастапқы білім мен машықтарға қол жеткізесіз.

Оқу бағдарламасының екінші бөлігі Сізге деректерді сақтау жүйелері мен шешімдерін енгізу және пайдалану міндеттерін шешу үшін қажетті білім мен машықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді, соның ішінде:

  • деректерді сақтау жүйелерінің ортасы;
  • деректерді қорғау;
  • деректерді сақтау желілерін құру және оларды виртуалдау;
  • ақпаратты резервтік көшіру және қалпына келтіру;
  • деректерді сақтау инфрақұрылымының қауіпсіздігін және басқаруды қамтмасыз ету.

«EMC платформасында ақпаратты және деректерді сақтауды басқару» пәні EMC ISM ресми курсына сәйкес келеді. Курсты тәмамдағаннан кейін студенттер E20-001 (EMC Proven Professional Information Storage Associate (EMCISA)) емтиханын тапсыру мүмкіндігіне қол жеткізеді.

Оқудың мақсаты
Программалық қамтамасыз етуді жоспарлаумен, баптаумен және оңтайландырумен байланысты EMC өнімдерінің негізінде виртуалдық сервистерді әкімшілеу жөніндегі міндеттерді орындау үшін қажетті білім мен машықтарға қол жеткізу.

Тыңдаушылардың санаттары
EMC платформасында виртуалдық сервистерді жобалаумен және басқарумен айналысуды жоспарлаған мамандар.

 
Кәсіптік қайта даярлау
 
 
Біліктілікті арттыру курстары
 

Қосымша ретінде
Тыңдаушылар «Желілік технологиялар» пәні шеңберінде Cisco CCNA Discovery бағдарламасы бойынша тегін оқиды және Желі Академиясының бірегей оқу материалдары мен Cisco компаниясының жабдықтарына қол жеткізеді. Пәнді ойдағыдай тәмамдағаннан кейін тыңдаушылар емтихан тапсырып, Cisco сертификаттарына қол жеткізуге мүмкіндік алады.

Бағдарламаны сәтті тәмамдағанан кейін студент EMC-тен сертификат алу үшін емтихан тапсыруға арналған шегерімі бар ваучер алады.

Оқудың ұзақтығы және тәртіптемесі
Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқу: 800 ак.сағ. (12 ай). При обучении на программах повышения квалификации: 362 ак.ч.

Оқу тәртіптемелері
I семестр: Аптасына 16-24 сағат
II семестр: Аптасына 40 сағат

Демалыс күндік топ
Сенбі, жексенбі күндері, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (түстену мен екі кофе-брейкті қоса есептегенде).

Оқу барысында қашықтан оқыту технологиялары ішінара қолданылады: кейбір пәндер қашықтан оқыту жүйесінің форумындағы электрондық семинарлар және оn-line дәрістер (вебинарлар) тәртіптемесінде өткізіледі. Ал бұл – жетекші халықаралық тәжірибешіл-мамандарды оқу үдерісіне тартуға мүмкіндік береді.

Күндізгі сабақтар – тиімді оқытуға арналған барлық талаптарға сәйкес келетін, заманауи техникамен жабдықталған дәрісханада өткізіледі. Тәжірибелік сабақтар барысында оқытушы қажетті жұмыстардың/рәсімдердің орындалуын көрнекі түрде жасап көрсетеді, сондай-ақ, туындайтын барлық қиындықтарды жеңіп шығуға жеке тәртіппен көмектеседі.

Қашықтық топ
Бұл топты оқыту – қашықтан оқытудың үздік технологияларының, соңғы интерактивтік және мультимедиялық шешімдердің пайдаланылуымен жүргізіледі.

On-line дәрістер (вебинарлар) тыңдаушыға нақты уақыт тәртіптемесінде оқытушымен байланыста болуға, дәріс барысында туындайтын сұрақтарды қоюға, оқытушы мен тыңдаушылар жасап жатқан әрекеттерді компьютердің жұмыс үстелінде таратып көрсетуге мүмкіндік береді. Шәкірттер аса сәтті жазылған вебинарлардың жазбасын кез-келген уақытта көре алады.

EE-learning (электрондық семинарлар) тыңдаушыларға оқып зерттеліп отырған тәжірибелік мәселелерді тереңірек оқып зерттеуге мүмкіндік береді. Оқытушы кейстердің, жағдаяттық тапсырмалардың шешімін, бағдарламаларды жазу сапасын, жүйелердің баптамаларын жүзеге асыруды ұсынады және бағалайды, сондай-ақ нәтижелерін және тыңдаушылар үшін өзекті болып табылатын сұрақтарды – қашықтан оқыту жүйесіндегі форумда талқылауға ынталандырады.

On-line сынақ – оқып зерттелген материалды меңгеру деңгейін өз бетінше бағалауға көмектеседі, сондай-ақ, оқытушымен барынша мұқият талқылауға және оқып зерттеуге арналған мәселелерді анықтауға көмектеседі.

Әрбір пән бойынша қорытынды сынақ қарастырылған.

Дипломдар мен куәліктер:
Жоғары білім туралы (бакалавриат, мамандану, магистратура) немесе кәсіптік орта білім туралы (техникум, колледж) диплом.

Дипломдар мен куәліктер:
Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқуды тәмамдағаннан кейін түлектер таңдап алынған бағыт бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруға құқық беретін кәсіптік даярлық туралы диплом алады. Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқуды тәмамдағаннан кейін түлектер таңдап алынған бағыт бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруға құқық беретін кәсіптік даярлық туралы диплом алады.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
445 000 тенге
545 000 тенге*
545 000 тенге
345 000 тенге
495 000 тенге*
495 000 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project]

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
200 000 тенге

Толық оқу курсының құны көрсетілген, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.