Drupal-да web-жетілдіру

Қазіргі таңда іскерлік әлемді Интернетсіз көзге елестету мүмкін емес. Көптеген компаниялардың өз веб-сайты бар, ал ол – бизнесті жүргізудің негізгі әдісіне жиі айналуда. Соңғы жылдарда Интернет тек ақпараттандыру құралы ғана емес, сонымен қатар, табыс табудың және жаңа клиенттерді тартудың тиімді көзі болып отыр. Сондықтан веб-қосымшаларды, соның ішінде интернет-дүкендерді жетілдіру – ақпараттық технологиялар саласындағы ең қажет етілген мамандыққа айналып отыр.

Әрбір веб-қосымшаның серверлік және клиенттік бөліктері бар, қосымшаларды немесе веб-шолушыдағы сайтты пайдаланушы олармен өзара әрекеттеседі. Бүкіл веб-қосымшаның жұмысының тиімділігі мен тұрақтылығы – дәл осы екі бөлігін іске асыру сапасына байланысты.

Сайттың ішіндегіні басқару жүйелері (CMS) өз сайтыңды құруға ғана емес, сонымен қатар, дайын және тексерілген бағдарламалық компоненттерді пайдаланудың есебінен веб-қосымшалардың жұмысының сапасын қамтамасыз етуге де мүмкіндік береді, оларды дұрыс баптай алу керек.

«Drupal-да web-жетілдіру» бағдарламасы бойынша оқу барысында Сіз CMS Drupal және PHP тілінің пайдаланылуымен сапалы веб-қосымшаларды құруға арналған барлық қажетті білімге, машықтарға және ептілікке қол жеткізесіз.

Бірінші семестр әр-түрлі маманданулар үшін жалпы болып табылады. Даярлық барысында Сіз жетілдірудің және енгізудің барлық кезеңдері бойынша ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық өнімдерді құрудың негіздерін оқып зерттей аласыз, программалау, желілерді құру және заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану саласындағы негізгі білім мен машықтарға қол жеткізе аласыз. Бағдарламаның екінші бөлігі – Drupal-дың ішіндегісін басқару фреймворкінің пайдаланылуымен, РНР программалау тілінде веб-сайттарды жетілдіруге арналған қажетті білім мен тәжірибелік машықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді, соның ішінде: меншікті модульдерді жасауды, түптұрпаттық сайттарды жетілдіруді, бизнес-міндеттерді шешу үшін программалық қамтамасыз етумен біріктіруді, интернет-дүкендерді құруды, сондай-ақ әр-түрлі мақсаттағы веб-порталдарды құру міндеттерін орындауды қоса есептегенде.

Оқудың мақсаты
Drupal-дың ішіндегісін басқару фреймворкінің пайдаланылуымен РНР программалау тілінде веб-сайттарды жетілдіруге арналған қажетті білім мен тәжірибелік машықтарға қол жеткізу, соның ішінде: меншікті модульдерді жасауды, түптұрпаттық сайттарды жетілдіруді, бизнес-міндеттерді шешу үшін программалық қамтамасыз етумен біріктіруді, интернет-дүкендерді құруды, сондай-ақ әр-түрлі мақсаттағы веб-порталдарды құру міндеттерін орындауды қоса есептегенде.

Тыңдаушылардың санаттары
Сайттар мен веб-қосымшаларды (веб-сайттар, веб-порталдар, веб-сервистер, электрондық коммерция сайттары) жетілдірумен айналысуды жоспарлаған мамандар.

 
Кәсіптік қайта даярлау
 
 
Біліктілікті арттыру курстары
 

Қосымша ретінде
Тыңдаушылар «Желілік технологиялар» пәні шеңберінде Cisco CCNA Дискавери бағдарламасы бойынша тегін оқиды. Бұл курс IT-саладағы маманның жоғары деңгейдегі біліктілігін қамтамасыз етеді. Барлық тыңдаушылар Желі Академиясының бірегей оқу материалдарына және Cisco компаниясының жабдықтарына қол жеткізеді. Пәнді ойдағыдай тәмамдағаннан кейін тыңдаушылар емтихан тапсырып, Cisco сертификаттарына қол жеткізуге мүмкіндік алады.

Оқудың ұзақтығы және тәртіптемесі
Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқу: 922 ак.сағ. (12 ай). При обучении на программах повышения квалификации: 318 ак.ч.

Оқу тәртіптемелері

Аптасына 16-24 сағат.
Аптасына 40 сағат.

Демалыс күндік топ
Бұл топтың оқуы сенбі және жексенбі күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін ұйымдастырылады, түстенуге және екі кофе-брейкке арналған үзілістерімен.

Оқу барысында қашықтан оқыту технологиялары ішінара қолданылады: қашықтан оқыту жүйесінің форумындағы электрондық семинарлар және оn-line дәрістер (вебинарлар) тәртіптемесінде. Ал бұл – оқу үдерісіне тәжірибешіл-мамандарды тартуға мүмкіндік береді.

Күндізгі сабақтар – тиімді оқытуға арналған барлық талаптарға сәйкес келетін, заманауи техникамен жабдықталған дәрісханада өткізіледі. Тәжірибелік сабақтар барысында оқытушы қажетті жұмыстардың/рәсімдердің орындалуын көрнекі түрде жасап көрсетеді, сондай-ақ, туындайтын барлық қиындықтарды жеңіп шығуға жеке тәртіппен көмектеседі.

Қашықтық топ
Бұл топты оқыту – қашықтан оқытудың үздік технологияларының, соңғы интерактивтік және мультимедиялық шешімдердің пайдаланылуымен жүргізіледі.

On-line дәрістер (вебинарлар) тыңдаушыға нақты уақыт тәртіптемесінде оқытушымен байланыста болуға, дәріс барысында туындайтын сұрақтарды қоюға, оқытушы мен тыңдаушылар жасап жатқан әрекеттерді компьютердің жұмыс үстелінде таратып көрсетуге мүмкіндік береді. Шәкірттер аса сәтті жазылған вебинарлардың жазбасын кез-келген уақытта көре алады.

E-learning (электрондық семинарлар) шәкірттерге оқып зерттеліп отырған тәжірибелік мәселелерді тереңірек оқып зерттеуге мүмкіндік береді. Оқытушы кейстердің, жағдаяттық тапсырмалардың шешімін, бағдарламаларды жазу сапасын, жүйелердің баптамаларын жүзеге асыруды ұсынады және бағалайды, сондай-ақ нәтижелерін және тыңдаушылар үшін маңызды болып табылатын сұрақтарды – қашықтан оқыту жүйесіндегі форумда талқылауға ынталандырады. On-line сынақ – оқып зерттелген материалды меңгеру деңгейін өз бетінше бағалауға көмектеседі, сондай-ақ, оқытушымен барынша мұқият талқылауға және оқып зерттеуге арналған мәселелерді анықтауға көмектеседі. Әрбір пән бойынша қорытынды сынақ қарастырылған.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:
Жоғары білім туралы (бакалавриат, мамандану, магистратура) немесе кәсіптік орта білім туралы (техникум, колледж) диплом.

Дипломдар мен куәліктер:
Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқуды тәмамдағаннан кейін түлектер таңдап алынған бағыт бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруға құқық беретін кәсіптік даярлық туралы диплом алады. Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқуды тәмамдағаннан кейін түлектер таңдап алынған бағыт бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруға құқық беретін кәсіптік даярлық туралы диплом алады.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
395 000 тенге
495 000 тенге*
495 000 тенге
295 000 тенге
445 000 тенге*
445 000 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project]

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
200 000 тенге

Толық оқу курсының құны көрсетілген, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.