Қызметкерлер жөніндегі директор

Қызметкерлер жөніндегі директор (Chief human resources officer, HR-Director) ― компанияның негізгі қызметкерлерінің бірі болып табылады. Бұл қызмет – қызметкерлерді іріктеу және жалдау, оларды уәждеу, дамыту және оқыту, хантеринг, жоғары басшылықтың алдында HR-бюджетін бекіту, компания басшыларына ЕК мәселелері бойынша кеңес беру, кадрлық іс жүргізу, тексеру органдарымен өзара әрекеттесу, сондай-ақ стратегиялық маңызы бар басқа да мәселелерді шешу міндеттерін тұспалдайды.

Қызметкерлерді бақсару саласындағы танымал кеңесші Дэйв Ульрих былай дейді: «Қазіргі таңдағы HR-маманы жаңа идеялармен және тәсілдемелермен тәжірибе жасай алуы тиіс, мұндай тәжірибелердің нәтижелерін бақылауы тиіс және әрбір жаңа жұмыс орнында жаңа әдістемелерді дұрыс пайдалана білуі тиіс». Сонымен қатар, «HR саласындағы қызмет кадрлармен жұмыс жасау спецификасымен ғана байланысты болмауы тиіс. HR-кәсіпқойы бұған қоса қаржы, стратегия, маркетинг салаларынан хабардар болуы тиіс».

Кез-келген бизнестің табысты болуы – қызметкерлер жөніндегі директордың құзыреттілігіне тікелей байланысты. HR-басшы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді, еңбек заңнамасын, еңбек бойынша стандарттар жүйесін, кадрлық құжаттаманың сәйкестендірілген нысандары мен стандарттарын, жұмыс күші және білім беру қызметтері нарығының конъюнктурасын білуі тиіс, желілік менеджерлермен кәсіби тұрғыда жұмыс жасай алуы тиіс, компанияны, оның ұйымдық құрылымын және корпоративтік мәдениетін дамыту стратегиясын жетілдіруге қатысуы тиіс және т.б.

«Қызметкерлер жөніндегі директор» мамандығы бойынша кәсіптік қайта даярлаудың қашықтық бағдарламасы еңбек қызметінен қол үзбестен, тәжірибеге бағдарланған қажетті білімге, машықтарға және ептілікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бұл оқу «ВТУ» Мәскеу технологиялық институтының вебинарлары тізбегіне тыңдаушыларды қосуды көздейді және кәсіби тьюторлардың толық қолдауын: курстық жұмыстарды талқылауды және рецензиялауды, электрондық семинарларды өткізуді, тыңдаушылардың сынақпен байланысты мәселелерін шешуді тұспалдайды.

Бағдарламаның мақсаты:
«Қызметкерлер жөніндегі директор» мамандығы бойынша кәсіптік қайта даярлау бағдарламасының негізгі мақсаты ― тыңдаушыларға тәжірибелік бағдарланудағы қажетті білім беру, компанияның қызметкерлерін басқару саласындағы атқарымдық стратегияны жетілдіру әдістерін үйрету, қызметкерлер штатын басқарудың ерекшеліктерімен таныстыру, қызметкерлерді біліктілікпен іріктеу болып табылады, сондай-ақ қызметкерлерді бейімдеу және уәждеу үшін, бағалау және дамыту үшін қажетті заманауи құралдарды ұсыну болып табылады.

Бағдарламаның түлектері:
Түлектер ресейлік және шетелдік компанияларда қызметкерлер жөніндегі директор қызметінде жұмыс істей алады.

Длительность обучения:
от 6 до 8 месяцев.

Требования к абитуриентам:
Диплом о среднем профессиональном образовании (техникум или колледж) или диплом о высшем образовании (бакалавриат, специалитет, магистратура и пр.).

Дополнительно:
По факту успешного завершения обучения по программе профессиональной переподготовки слушатели могут быть зачислены на обучение по программе MBA по специальной цене и с возможностью перезачета ряда дисциплин. Каждый запрос рассматривается в индивидуальном порядке.

Дипломы:
По окончании обучения выпускники получают диплом о профессиональной переподготовке, дающий право осуществлять трудовую деятельность по выбранному направлению.

Формы и стоимость обучения:

Заочная с применением ДОТ
345 000 тенге
445 000 тенге*
445 000 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project]

Толық оқу курсының құны көрсетілген, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.