CCNA Exploration желілік әкімшілеу

Бұл бағдарлама – көпшілікке танылған стандарттар мен шешімдердің пайдаланылуымен жергілікті және жаһандық желілерді жобалау, құру және техникалық сүйемелдеу теориясы мен тәжірибесі саласындағы іргелі даярлықты тұспалдайды.

Бұл курс желілік технологияларды зерттеуге арналған кешенді тәсілдемені білдіреді: кәсіби қасиеттерін дамыту және тәжірибелік машықтарға қол жеткізу мүмкіндігін бере отырып – негізінен бастап, озық қосымшалар мен сервистерге дейін.

CCNA Exploration бағдарламасы CCNA Discovery курсының баламасы болып табылады және желілердің жұмысының қағидаттарын терең түсінуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның оқу материалдары тек ағылшын тілінде ұсынылған.

Білім беру бағдарламасының шеңберінде тыңдаушылар желінің қорғану деңгейі мен өнімділігін арттыру, бастапқы кезеңдегі ақаулықтарды іздеу және жою, жергілікті және аумақтық-таратылған желілерді (LAN және WAN) біріктіретін көпхаттамалық желілерде Cisco коммутаторлары мен маршрутизаторларын орнату және конфигурациялау машықтарына қол жеткізеді. Сонымен қатар, бағдарламаның қатысушылары желілік программалық қамтамасыз етуге және белсенді жабдықтарға қызмет көрсетуді, қолдауды және пайдалануды үйренеді, сондай-ақ жергілікті және федералдық деңгейдегі табиғатты қорғау заңнамасымен және құрылыс нормаларымен, қауіпсіздік ережелерімен танысады.

Курстың мазмұны

CCNA1. Компьютерлік желілердің негіздері (Network Fundamentals)

  • жергілікті, жаһандық желілер және интернет;
  • хаттамалар;
  • көпдеңгейлік үлгілерді пайдалану;
  • желідегі адрестеу;
  • желідегі кабельдерді жоспарлау және төсеу;
  • адрестік тәсімді жасап шығару және бағыныңқы желіні есептеп шығару;
  • құрылғыларға жалғау;
  • өз желіңізді конфигурациялау және сынақтан өткізу.

CCNA2. Маршрутизация қағидаттары мен хаттамалары (Routing Protocols and Concepts)

  • маршрутизация кестесін салу;
  • маршрутизаторларды конфигурациялау;
  • статикалық және динамикалық маршрутизация;
  • маршруттарды басқару және диагностика жасау;
  • VLSM және CIDR;
  • кластық және классыз адрестеу.

CCNA3. Жергілікті желілердегі коммутация және сымсыз байланыс (LAN Switching and Wireless)

  • коммутацияланатын ЛВС сәулеті;
  • коммутаторлар, олардың функциялары мен мүмкіншіліктері;
  • Ethernet/802.3 стандартының жергілікті желілеріне кіріспе;
  • виртуалдық жергілікті желілер (VLAN);
  • VTP, STP хаттамалары;
  • виртуалдық жергілікті желілердің арасындағы маршрутизацияны конфигурациялау;
  • виртуалдық жергілікті желілердің арасындағы маршрутизацияға диагностика жасау;
  • сымсыз байланыстың негіздері және конфигурациясы.

CCNA 4. Жаһандық желіге қол жеткізу (Accessing the WAN)

  • жаһандық желілер технологияларының негіздері;
  • жаһандық желімен қосылу нұсқалары;
  • PPP конфигурациялау;
  • Frame Relay;
  • желі қауіпсіздігі;
  • қол жеткізуді бақылаудың тізімдері (ACL). VPN технологиясы;
  • IP-адрестеу сервистері;
  • NAT пайдаланылуымен желілерді масштабтау;
  • IPv6;
  • Желілік диагностика.

Бағдарламадан ойдағыдай өткеннен кейін студенттер курсты бітіру туралы сертификат алады. CCNA 640-802 сертификаттау емтиханын ойдағыдай тапсырғаннан кейін маман Cisco Certified Network Associate (CCNA) мәртебесін алады.

Бағдарламаны сәтті тәмамдаған жағдайда, тыңдаушыға сертификаттау емтиханын тапсыру барысында 50% көлеміндегі шегерім ұсынылады.

Оқудың мақсаты
Дербес компьютерлердің, серверлердің және қосымшалардың желілерін жобалау, құру және әкімшілеу міндеттерін орындау үшін қажетті білім мен машықтарға қол жеткізу, бөліп тарату ортасында оның сенімді жұмыс жасауын, дамуын және ақпараттық технологиялар саласындағы заманауи қолданбалы шешімдермен ықпалдануын қамтамасыз ету.

Тыңдаушылардың санаттары
Желі инфрақұрылымын әкімшілеумен айналысуды жоспарлаған мамандар.

 
Кәсіптік қайта даярлау
 
 
Біліктілікті арттыру курстары
 

Қосымша ретінде
Тыңдаушылар «Желілік технологиялар» пәні шеңберінде Cisco CCNA Discovery бағдарламасы бойынша тегін оқиды және Желі Академиясының бірегей оқу материалдары мен Cisco компаниясының жабдықтарына қол жеткізеді. Пәнді ойдағыдай тәмамдағаннан кейін тыңдаушылар емтихан тапсырып, Cisco сертификаттарына қол жеткізуге мүмкіндік алады.

Оқу бағдарламасын сәтті тәмамдағаннан кейін студент EMC-тен сертификат алу үшін емтихан тапсыруға арналған шегерімі бар ваучер алады.

Оқудың ұзақтығы және тәртіптемесі
Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқу: 772 ак.сағ. (12 ай). При обучении на программах повышения квалификации: 272 ак.ч.

Оқу тәртіптемелері
I семестр: Аптасына 16-24 сағат
II семестр: Аптасына 40 сағат

Демалыс күндік топ
Сенбі, жексенбі күндері, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (түстену мен екі кофе-брейкті қоса есептегенде).

Оқу барысында қашықтан оқыту технологиялары ішінара қолданылады: кейбір пәндер қашықтан оқыту жүйесінің форумындағы электрондық семинарлар және оn-line дәрістер (вебинарлар) тәртіптемесінде өткізіледі. Ал бұл – жетекші халықаралық тәжірибешіл-мамандарды оқу үдерісіне тартуға мүмкіндік береді.

Күндізгі сабақтар – тиімді оқытуға арналған барлық талаптарға сәйкес келетін, заманауи техникамен жабдықталған дәрісханада өткізіледі. Тәжірибелік сабақтар барысында оқытушы қажетті жұмыстардың/рәсімдердің орындалуын көрнекі түрде жасап көрсетеді, сондай-ақ, туындайтын барлық қиындықтарды жеңіп шығуға жеке тәртіппен көмектеседі.

Қашықтық топ
Бұл топты оқыту – қашықтан оқытудың үздік технологияларының, соңғы интерактивтік және мультимедиялық шешімдердің пайдаланылуымен жүргізіледі.

On-line дәрістер (вебинарлар) тыңдаушыға нақты уақыт тәртіптемесінде оқытушымен байланыста болуға, дәріс барысында туындайтын сұрақтарды қоюға, оқытушы мен тыңдаушылар жасап жатқан әрекеттерді компьютердің жұмыс үстелінде таратып көрсетуге мүмкіндік береді. Шәкірттер аса сәтті жазылған вебинарлардың жазбасын кез-келген уақытта көре алады.

EE-learning (электрондық семинарлар) шәкірттерге оқып зерттеліп отырған тәжірибелік мәселелерді тереңірек оқып зерттеуге мүмкіндік береді. Оқытушы кейстердің, жағдаяттық тапсырмалардың шешімін, бағдарламаларды жазу сапасын, жүйелердің баптамаларын жүзеге асыруды ұсынады және бағалайды, сондай-ақ нәтижелерін және тыңдаушылар үшін өзекті болып табылатын сұрақтарды – қашықтан оқыту жүйесіндегі форумда талқылауға ынталандырады.

On-line сынақ – оқып зерттелген материалды меңгеру деңгейін өз бетінше бағалауға көмектеседі, сондай-ақ, оқытушымен барынша мұқият талқылауға және оқып зерттеуге арналған мәселелерді анықтауға көмектеседі.

Әрбір пән бойынша қорытынды сынақ қарастырылған.

Дипломдар мен куәліктер:
Жоғары білім туралы (бакалавриат, мамандану, магистратура) немесе кәсіптік орта білім туралы (техникум, колледж) диплом.

Дипломдар мен куәліктер:
Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқуды тәмамдағаннан кейін түлектер таңдап алынған бағыт бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруға құқық беретін кәсіптік даярлық туралы диплом алады. Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқуды тәмамдағаннан кейін түлектер таңдап алынған бағыт бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруға құқық беретін кәсіптік даярлық туралы диплом алады.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
445 000 тенге
545 000 тенге*
545 000 тенге
345 000 тенге
495 000 тенге*
495 000 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project]

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
200 000 тенге

Толық оқу курсының құны көрсетілген, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.