CCNA Discovery желілік әкімшілеу

CCNA Discovery — заманауи стандарттар мен шешімдердің пайдаланылуымен жергілікті және жаһандық желілерді жобалау, құру және сүйемелдеу саласындағы мамандарды біртіндеп даярлау бағдарламасы.

Бұл курс желілерді құрудың жалпы теориясының ережелерін қарастыруды қамтиды, мансаптық өсуге арналған кәсіби машықтарды дамытуға мүмкіндік береді.

Оқу барысында Сіз негізгі тұжырымдамаларды әр-түрлі жағдайлар тұрғысында оқып зерттейсіз: шағын кеңсе мен үй желілерінен бастап (SOHO), күрделі корпоративтік орталар мен теориялық үлгілерге дейін. CCNA Discovery бағдарламасы CCNA Exploration курсының баламасы болып табылады. Сабақтар орыс тілінде жүргізіледі.

Курстың мазмұны

CCNA1. Үйдегі пайдаланушылар мен шағын кәсіпорындарға арналған желілер.
Мақсаты — желілердің технологияларымен және негізгі ұғымдарымен таныстыру.
Бұл бөлімді тәмамдағаннан кейін Сіз келесіні үйренесіз:

  • операциялық жүйені, интерфейстік және перифериялық құрылғыларды қоса есептегенде, компьютерлік жүйені орнатуды жүзеге асыру;
  • үй желісін немесе шағын бизнес кәсіпорнының желісін жобалау және өрістету, және оны интернетке қосу;
  • желінің және интернетпен байланыстың ақаулықтарын сынақтан өткізуді және диагностика жасауды жүзеге асыру;
  • бірнеше компьютер үшін ресурстарға (файлдар мен принтерлер) ұжымдық қол жеткізуді ұйымдастыру;
  • үй желісіне арналған қауіпсіздікке төнген қатерді айырып тану және алдын алу;
  • таратылған интернет-қосымшаларды конфигурациялау және сынақтан өткізу;
  • графикалық пайдаланушылық интерфейстің көмегімен негізгі IP-сервистерді конфигурациялау.

CCNA2. Шағын және орташа кәсіпорындарда және интернет-провайдерлерде жұмыс істеу.
Бұл бөлімді тәмамдағаннан кейін Сіз келесіні үйренесіз:

  • интернеттің құрылымын және тораптардың арасындағы деректерді алмасу рәсімін сипаттау;
  • маршрутизаторларды орнату, баптау және сынақтан өткізу;
  • желі трафигін қолдап отыру үшін базалық кабельдік инфрақұрылымды жобалау;
  • тараған веб-қызметтер мен ресурстарға бірлесе қол жеткізуді ұсыну үшін серверді конфигурациялау;
  • телекоммуникациялық компаниялардың қызметтерінің көмегімен жаһандық желіні өркендету;
  • апаттың салдарының алдын алудың тиісті шараларын және сервердегі ақпаратты резервтік көшіруді қолға алу;
  • желінің жұмысына мониторинг жасау және ақаулықтарды анықтау;
  • ұйымдастырылған көпдеңгейлік рәсімдердің көмегімен ақаулықтарды іздеуді орындау;
  • OSI үлгісін және деректерді топтастыру үдерісін сипаттау.

CCNA3. Кәсіпорындағы коммутацияға және маршрутизацияға кіріспе.
Мақсаты — жергілікті есептеу желісі (ЛВС) мен жаһандық есептеу желісінің (ГВС) өнімділігін арттыру үшін хаттамаларды пайдалану машықтарын дамыту.
Бұл бөлімді тәмамдағаннан кейін Сіз келесіні жасай аласыз:

  • желінің мақұлданған жобасына сәйкес ЛВС енгізу;
  • VLAN-мен коммутаторды және коммутаторлардың арасындағы байланысты баптау;
  • маршрутизация хаттамаларын баптау;
  • аталған трафикке рұқсат беру немесе тыйым салу үшін қол жеткізу тізімдерін енгізу;
  • ГВС арналарын енгізу;
  • OSI үлгісі мен құрылымдалған әдістемесінің пайдаланылуымен ЛВС, ГВС, VLAN ақаулықтарын іздеуді және жоюды жүзеге асыру.

CCNA4. Компьютерлік желілерді жобалау және қолдау.
Мақсаты — корпоративтік жергілікті және жаһандық желілерді жетілдіру машықтарын дамыту.
Бұл бөлімді тәмамдағаннан кейін Сіз келесіні жасай аласыз:

  • желілерді дұрыс жобалау мақсатын дұрыс қою;
  • жобалау барысында Cisco желісінің қызмет ету мерзімінің әдісін пайдалану;
  • тиісті желілерді жаңғыртуды дайындау үшін оларды сипаттау әдістерін пайдалану;
  • әр-түрлі қосымшалар мен қызметтердің желілерді жобалауға тигізетін әсерін оқып зерттеу;
  • сымсыз қол жеткізу мен қауіпсіздікті қоса есептегенде, кәсіпорын ғимараттарының кешені үшін қол жеткізу және бөліп тарату деңгейлерін, орталық деңгейді жетілдіруге қойылатын талаптарды жетілдіру;
  • қашықтағы қызметкерлер үшін VPN қолдауына және кәсіпорынның шекарасындағы жаһандық желіге арналған қосылуларды жобалауға қойылатын талаптарды анықтау;
  • жаһандық желі мен кәсіпорын ғимараттары кешенінің желісінің жобасын сынақтан өткізуді және тексеруді жүзеге асыру;
  • желіні жаңғырту жөніндегі коммерциялық ұсынысты әзірлеп, клиентке ұсыну.

CCNA Discovery бағдарламасынан ойдағыдай өткеннен кейін студенттер курсты бітіру туралы сертификат алады.

Бағдарлама CCNA 640-802 сертификаттық емтиханына дайындалу үшін қажетті білім мен машықтарды қамтиды, оларды ойдағыдай тапсырғаннан кейін маман Cisco Certified Network Associate (CCNA) мәртебесін алады.

Оқу бағдарламасын сәтті тәмамдаған жағдайда, тыңдаушыға сертификаттау емтиханын тапсыру барысында 50% көлеміндегі шегерім ұсынылады.

Оқудың мақсаты
Дербес компьютерлердің, серверлердің және қосымшалардың желілерін жобалау, құру және әкімшілеу міндеттерін орындау үшін қажетті білім мен машықтарға қол жеткізу, бөліп тарату ортасында оның сенімді жұмыс жасауын, дамуын және ақпараттық технологиялар саласындағы заманауи қолданбалы шешімдермен ықпалдануын қамтамасыз ету.

Тыңдаушылардың санаттары
Желі инфрақұрылымын әкімшілеумен айналысуды жоспарлаған мамандар.

 
Кәсіптік қайта даярлау
 
 
Біліктілікті арттыру курстары
 

Қосымша ретінде
Тыңдаушылар «Желілік технологиялар» пәні шеңберінде Cisco CCNA Discovery бағдарламасы бойынша тегін оқиды және Желі Академиясының бірегей оқу материалдары мен Cisco компаниясының жабдықтарына қол жеткізеді. Пәнді ойдағыдай тәмамдағаннан кейін тыңдаушылар емтихан тапсырып, Cisco сертификаттарына қол жеткізуге мүмкіндік алады.

Оқу бағдарламасын сәтті тәмамдағаннан кейін студент EMC-тен сертификат алу үшін емтихан тапсыруға арналған шегерімі бар ваучер алады.

Оқудың ұзақтығы және тәртіптемесі
Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқу: 770 ак.сағ. (12 ай). При обучении на программах повышения квалификации: 342 ак.ч.

Оқу тәртіптемелері
I семестр: Аптасына 16-24 сағат
II семестр: Аптасына 40 сағат

Демалыс күндік топ
Сенбі, жексенбі күндері, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (түстену мен екі кофе-брейкті қоса есептегенде).

Оқу барысында қашықтан оқыту технологиялары ішінара қолданылады: кейбір пәндер қашықтан оқыту жүйесінің форумындағы электрондық семинарлар және оn-line дәрістер (вебинарлар) тәртіптемесінде өткізіледі. Ал бұл – жетекші халықаралық тәжірибешіл-мамандарды оқу үдерісіне тартуға мүмкіндік береді.

Күндізгі сабақтар – тиімді оқытуға арналған барлық талаптарға сәйкес келетін, заманауи техникамен жабдықталған дәрісханада өткізіледі. Тәжірибелік сабақтар барысында оқытушы қажетті жұмыстардың/рәсімдердің орындалуын көрнекі түрде жасап көрсетеді, сондай-ақ, туындайтын барлық қиындықтарды жеңіп шығуға жеке тәртіппен көмектеседі.

Қашықтық топ
Бұл топты оқыту – қашықтан оқытудың үздік технологияларының, соңғы интерактивтік және мультимедиялық шешімдердің пайдаланылуымен жүргізіледі.

On-line дәрістер (вебинарлар) тыңдаушыға нақты уақыт тәртіптемесінде оқытушымен байланыста болуға, дәріс барысында туындайтын сұрақтарды қоюға, оқытушы мен тыңдаушылар жасап жатқан әрекеттерді компьютердің жұмыс үстелінде таратып көрсетуге мүмкіндік береді. Шәкірттер аса сәтті жазылған вебинарлардың жазбасын кез-келген уақытта көре алады.

EE-learning (электрондық семинарлар) шәкірттерге оқып зерттеліп отырған тәжірибелік мәселелерді тереңірек оқып зерттеуге мүмкіндік береді. Оқытушы кейстердің, жағдаяттық тапсырмалардың шешімін, бағдарламаларды жазу сапасын, жүйелердің баптамаларын жүзеге асыруды ұсынады және бағалайды, сондай-ақ нәтижелерін және тыңдаушылар үшін өзекті болып табылатын сұрақтарды – қашықтан оқыту жүйесіндегі форумда талқылауға ынталандырады.

On-line сынақ – оқып зерттелген материалды меңгеру деңгейін өз бетінше бағалауға көмектеседі, сондай-ақ, оқытушымен барынша мұқият талқылауға және оқып зерттеуге арналған мәселелерді анықтауға көмектеседі.

Әрбір пән бойынша қорытынды сынақ қарастырылған.

Дипломдар мен куәліктер:
Жоғары білім туралы (бакалавриат, мамандану, магистратура) немесе кәсіптік орта білім туралы (техникум, колледж) диплом.

Дипломдар мен куәліктер:
Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқуды тәмамдағаннан кейін түлектер таңдап алынған бағыт бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруға құқық беретін кәсіптік даярлық туралы диплом алады. Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқуды тәмамдағаннан кейін түлектер таңдап алынған бағыт бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруға құқық беретін кәсіптік даярлық туралы диплом алады.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
445 000 тенге
545 000 тенге*
545 000 тенге
345 000 тенге
495 000 тенге*
495 000 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project]

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
200 000 тенге

Толық оқу курсының құны көрсетілген, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.