Microsoft SQL Server деректер базасын әкімшілеу

Деректер базасын әкімшілеу бүгінгі таңда IT-бөлімшенің аса өзекті міндеттерінің бірі болып табылады. Деректер базасын басқару технологияларын қолданбаған қосымшаны немесе ақпараттық жүйені іс жүзінде табу мүмкін емес.

Көптеген серверлік қосымшалар, әсіресе бөліп таратылатыны, деректер базасын – тек пайдаланушылық ақпаратты ғана емес, сонымен қатар қызметтік және конфигурациялық ақпаратты да сақтау үшін пайдаланады. Сондықтан кез-келген дерлік IT-маманға деректер базасымен, әсіресе Microsoft SQL Server-мен жұмыс істеу машықтары – өз жұмысының тиімділігін және еңбек нарығындағы құндылығын едәуір арттыруға көмектеседі.

Деректер базасымен жұмыс істеу, сұраулардың құрылымын талдау және қалыптастыру қабілеті – қолданбалы қосымшаларды пайдаланушылар мен жетілдірушілердің көбісіне ақпаратпен жұмыс істеудің тиімділігін арттыруға және дұрыс бизнес-шешімді қабылдау уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Мұндай жағдайда кәсіпқойға деректер базасындағы міндеттер ретінде не қалады? Жаңа және жауапты міндеттер өте көп — бөліп таратылған синхрондау мен жоғары деңгейдегі қол жетімділікті қамтамасыз етуден бастап, виртуалдау мен бұлтты қосымшаларға дейін. Құзыреттің ауқымы кеңейетін тағы бір сала — зияттық іздеу, талдау және деректерді ұсыну технологиялары (Business Intelligence, Data Mining, Smart Reporting) болып табылады.

Оқудың мақсаты:
Серверлік программалық қамтамасыз етуді (СУБД), сондай-ақ деректер базасының құрылымын, нысандарын және сұрауларын жоспарлаумен, баптаумен және оңтайландырумен байланысты деректер базасын әкімшілеу міндеттерін орындау үшін қажетті білім мен тәжірибелік машықтарға қол жеткізу.

Тыңдаушылардың санаттары:
Microsoft SQL Server платформасындағы деректер базасын жобалаумен және басқарумен айналысуды жоспарлаған мамандар.

 
Кәсіптік қайта даярлау
 
 
Біліктілікті арттыру курстары
 

Қосымша ретінде
Қол жеткізілетін білім мен машықтар күрделі өндірістік міндеттерді ойдағыдай орындауға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар қалау бойынша, халықаралық деңгейде танылған, Microsoft SQL Server деректер базасын басқару жөніндегі маман және кәсіпқой мәртебесін – тиісті маманданудағы Microsoft Certified Technology Specialist және Microsoft Certified IT Professional мәртебесін алуға арналған сертификаттау емтихандарын тапсыруға ойдағыдай дайындалуға мүмкіндік береді.

Тыңдаушылар «Желілік технологиялар» пәні шеңберінде Cisco CCNA Дискавери бағдарламасы бойынша тегін оқиды. Бұл курс IT-саладағы маманның жоғары деңгейдегі біліктілігін және танылуын қамтамасыз етеді. Барлық тыңдаушылар Желі Академиясының бірегей оқу материалдарына және Cisco компаниясының жабдықтарына қол жеткізеді. Пәнді ойдағыдай тәмамдағаннан кейін тыңдаушылар емтихан тапсырып, Cisco сертификаттарына қол жеткізуге мүмкіндік алады.

Оқудың ұзақтығы және тәртіптемесі
Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқу: 882 ак.сағ. (12 ай). При обучении на программах повышения квалификации: 414 ак.ч.

Оқу тәртіптемелері

  1. Аптасына 16-24 сағат
  2. Аптасына 40 сағат

 

Демалыс күндік топ
Бұл топтың оқуы сенбі және жексенбі күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін ұйымдастырылады, түстенуге және екі кофе-брейкке арналған үзілістерімен.

Оқу барысында қашықтан оқыту технологиялары ішінара қолданылады, яғни кейбір пәндер (мысалы, таңдау бойынша кустар) қашықтан оқыту жүйесінің форумындағы электрондық семинарлар және оn-line дәрістер (вебинарлар) тәртіптемесінде өткізіледі. Ал бұл – уақыты аса шектеулі тәжірибешіл-мамандарды оқу үдерісіне тартуға мүмкіндік береді.

Күндізгі сабақтар – тиімді оқытуға арналған барлық талаптарға сәйкес келетін, заманауи техникамен жабдықталған дәрісханада өткізіледі. Тәжірибелік сабақтар барысында оқытушы қажетті жұмыстардың/рәсімдердің орындалуын көрнекі түрде жасап көрсетеді, сондай-ақ, туындайтын барлық қиындықтарды жеңіп шығуға жеке тәртіппен көмектеседі.

Қашықтық топ
Бұл топты оқыту – қашықтан оқытудың үздік технологияларының, соңғы интерактивтік және мультимедиялық шешімдердің пайдаланылуымен жүргізіледі.

On-line дәрістер (вебинарлар) тыңдаушыға нақты уақыт тәртіптемесінде оқытушымен байланыста болуға, дәріс барысында туындайтын сұрақтарды қоюға, оқытушы мен тыңдаушылар жасап жатқан әрекеттерді компьютердің жұмыс үстелінде таратып көрсетуге мүмкіндік береді. Шәкірттер аса сәтті жазылған вебинарлардың жазбасын кез-келген уақытта көре алады.

EE-learning (электрондық семинарлар) шәкірттерге оқып зерттеліп отырған тәжірибелік мәселелерді тереңірек оқып зерттеуге мүмкіндік береді. Оқытушы кейстердің, жағдаяттық тапсырмалардың шешімін, бағдарламаларды жазу сапасын, жүйелердің баптамаларын жүзеге асыруды ұсынады және бағалайды, сондай-ақ нәтижелерін және тыңдаушылар үшін өзекті болып табылатын сұрақтарды – қашықтан оқыту жүйесіндегі форумда талқылауға ынталандырады.

On-line сынақ – оқып зерттелген материалды меңгеру деңгейін өз бетінше бағалауға көмектеседі, сондай-ақ, оқытушымен барынша мұқият талқылауға және оқып зерттеуге арналған мәселелерді анықтауға көмектеседі. Әрбір пән бойынша қорытынды сынақ қарастырылған.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:
Жоғары білім туралы (бакалавриат, мамандану, магистратура) немесе кәсіптік орта білім туралы (техникум, колледж) диплом.

Дипломдар мен куәліктер:
Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқуды тәмамдағаннан кейін түлектер таңдап алынған бағыт бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруға құқық беретін кәсіптік даярлық туралы диплом алады. Кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларында оқуды тәмамдағаннан кейін түлектер таңдап алынған бағыт бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруға құқық беретін кәсіптік даярлық туралы диплом алады.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
395 000 тенге
495 000 тенге*
495 000 тенге
295 000 тенге
445 000 тенге*
445 000 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project]

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
200 000 тенге

Толық оқу курсының құны көрсетілген, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.