Ата-аналарға арналған ақпарат

Жоғары білім ― мектептің немесе колледждің жаңа түлегін жарқын болашаққа жетелейтін жолдардың бірі болып табылады. Бүгінгі таңда оқу мекемелері оқу корпусындағы сабақтарда міндетті түрде болуды талап ететін оқу түрлерін ұсынуда. Алайда көптеген студенттер жоғары оқу орнындағы оқуды еңбек қызметімен бірге алып жүруді дұрыс көреді, бұл ретте, ойын-сауыққа да уақыттың қалғанын қалайды. Жұмыс пен демалыс – білім алу үдерісіне кедергі жасамауы үшін, сабақтарды студент үшін ыңғайлы уақытқа ауыстырғанның өзі жеткілікті. Мысалы, қашықтан білім беру технологияларының көмегімен.

Moscow Technological Institute қашықтан оқудың инновациялық бағдарламаларын ұсынады, мұндай бағдарламалар оқу пәндерін белгіленген жоспарға сәйкес оқып зерттеуге мүмкіндік береді, бірақ салыстырмалы түрде еркін кестемен, тәжірибелік семинарларға қатысуға, виртуалды сыныпта (веб-конференциялар арқылы) оқытушылармен және қызметкерлермен тілдесуге мүмкіндік береді. Таңдап алынған оқу курсының әрбір пәнін оқып зерттеу – міндетті түрде сынақты немесе емтиханды тапсырумен аяқталады, оларды тапсыруға – аралық бақылау жұмыстарының барлығын орындаған студенттер ғана жіберіледі.

Қашықтан білім беру – тек алдыңғыларын ойдағыдай тапсырған жағдайда ғана, материалды бірізділікпен оқып зерттеуге және жаңа тақырыпқа көшуге мүмкіндік беретін оқудың аса қатаң түрі болып табылады. Студент оқулықтармен өз бетінше жұмыс істеген жағдайда ғана сынақтың сұрақтарына жауап бере алады. Қашықтан оқу бағдарламалары ― курстың барлық материалдарын міндетті түрде оқып зерттеуді қамтамасыз ететін жеке тәсілдеме болып табылады.

Бақылау жұмыстарын, сынақтарды және емтихандарды тапсыру кестесін кез-келген уақытта интернеттің арнайы сайтындағы жеке кабинетте көруге болады. Сонымен қатар, қашықтан оқу түрі – өз балаларының үлгерімін ойлайтын ата-аналар үшін арнайы мүмкіншіліктерді тұспалдайды. MTI-ге оқуға түскен кезде студент жеке кабинетке, оқу материалдарына және қосымша әдебиетке қол жеткізеді, ал оның ата-анасы – алдағы сынақтар мен емтихандар туралы ақпаратқа және балғалау тізімдемесіне жеке қол жеткізеді.

Бүгінгі таңда Moscow Technological Institute ― білім беруде заманауи технологияларды пайдалануды тәжірибе жүзінде қолданатын Мәскеудің аса ірі оқу орны, сондай-ақ, технологиялық білім беруді жетілдіру және дамыту бойынша аймақтық, ұлттық және халықаралық талпыныстарды біріктіру үшін РФ үкіметі мен UNESCО құрған жалғыз жоғары оқу орны болып табылады. Мәскеу қаласының үкіметі қашықтан оқуға арналған технологиялық базаны оңтайландыру және білім сапасын арттыру саласында MTI-ге белсенді түрде қолдау көрсетуде. МТИ ЖКБ МЕОМ білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатты беру құқығымен Ресей Федерациясының аумағында аккредиттелген және білім беру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензияны иемденеді.

MTI-де бакалавриат бағдарламаларында оқуды тәмамдағаннан кейін міндетті түрде түлектер мамандық бойынша Европада және Америкада жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін жалпыевропалық қосымшаны (Diploma Supplement) алады, сондай-ақ, мемлекеттік Бакалавр дипломын және РФ дипломына арналған қосымшаны алады.

Сонымен қатар, жоғары оқу орнында жұмысқа орналастыруға көмектесу бағдарламасы жұмыс істейді, бұл бағдарлама – оқуды тәмамдағаннан кейін әрбір түлекке артынша лайықты жұмыс орнын табуына мүмкіндік береді.

Абитуриенттерге арналған қосымша ақпаратпен «Российское образование» федералдық порталының ресми ресурсында таныса аласыз.