Инновациялық және жобалық менеджмент

Инновациялық бизнес немесе инновациялық жоба дегеніміз — әрдайым тәуекелдік, бірақ еліктіретін іс. Стратегиялық менеджмент саласындағы танымал ұстаз Майкл Портердің пікіріне сәйкес, инновациялар бойынша көшбасшылық —дамудың табысты стратегияларының бірі болып табылады. Бірақ инновациялық жобалардың тәуекелдерін жүйелі және салмақты түрде есептеу әркімнің қолынан келе бермейді.
Сондықтан Moscow Business School мектебі МВА-ның бір мамандануында назар аударудың негізгі екі аймағын — инновациялар мен жобаларды басқаруды біріктірді, өйткені жаңадан бір нәрсені жасап шығару үшін әрдайым жобалық тәсілдеме қажет. Инновациялық және креативті командаларды қалыптастырудың аспектілері, жаңа бизнес-жобаның идеяларының қауіпсіздігін бизнес-қамтамасыз ету — біз ұсынып отырған «Инновациялық және жобалық менеджмент» мамандануындағы MBA бағдарламасы бойынша оқу барысында Сіз зерттейтін сұрақтар мен мәселелердің азғана бөлігі болып табылады.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • Инновациялық жобаларға кіру жөніндегі басқарушылық шешімдерді қабылдауға барынша жүйелі түрде кірісе аласыз;
  • Тәуекелдерді «есептеуді» үйренесіз, соның ішінде қаржы-экономикалық, кадрлық, нарықтық тәуекелдерді қоса есептегенде;
  • Диплом жұмысы шеңберінде, өзіңіздің инновациялық жобаңызды іске асыру бойынша бизнес-жоспарды қалыптастыра аласыз;
  • Басқарудағы жобалық және үдерістік тәсілдемелерді меңгересіз;
  • Инновациялық жобаны дамыту бойынша әлеуетті инвесторлармен және әріптестермен өзара қарым-қатынастарды қалыптастыруға үйренесіз;
  • Дәстүрлі және халықаралық маркетинг, операциялық менеджмент және т.б. салалардағы ең үздік тәжірибелерді өз жобаларыңызда қолдану үшін бейімдей аласыз;
  • Инновациялық жобаларды қалыптастыру және басқару бойынша өз курстастарыңыздың және тәжірибешіл-сарапшылардың тәжірибесімен танысасыз.

Бұл бағдарлама кез-келген салада инновациялық жобаларды іске асыратын ұйымдардың басшыларына арналған.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • Жауапкершілік аймағына инновациялық жобаларды іске асыру кіретін, әр-түрлі басқару деңгейіндегі басшыларға;
  • Бизнесті дамыту жөніндегі немесе стратегиялық басқару/маркетинг жөніндегі директорларға/менеджерлерге;
  • Инновациялық жобалардың менеджерлеріне.

Оқудың ұзақтығы

«Инновациялық және жобалық менеджмент» мамандануындағы MBA бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ маманданудың қосымша модулі оқып зерттеледі, олардан өткен жағдайда Сіз – жауапкершілік аймағына инновациялық жобаларды басқару кіретін әріптестеріңізбен кәсіби ортада өзекті мәселелерді талқылай алатын боласыз.