MBA Start

MBA Start дегеніміз — MBA General стандарттары бойынша қашықтан оқу бағдарламасы, оның жоғары деңгейдегі тиімділігі бейнедәрістердің кеңінен пайдаланылуының есебінен, сондай-ақ, қашықтан оқуды күндізгі оқуға барынша ұқсатуға мүмкіндік беретін бірқатар өзге де оқу белсенділіктерінің есебінен қамтамасыз етіледі (веб-конференциялар, вебинарлар, пікірталастық семинарлар, аймақтық және атқарымдық қоғамдастықтар және т.б.).

MBA Start бағдарламасы — ресейлік және шетелдік нарықтарда жетекші орынды иемденетін компанияларды басқарудағы нақты өтілі бар тәжірибеші-сарапшылардың және меншікті бизнесті басқаруға арналған жаңа тәсілдемелерді құрған табысты кәсіпкерлердің қатысуымен Moscow Business School мамандары тарапынан жетілдірілген.

MBA Start — MBA General әлемдік стандарттарына сәйкес келетін, сондай-ақ бизнес, нақты деректер және тәжірибелік шешімдер саласындағы ең соңғы зерттеулердің нәтижелерін қамтитын тәжірибелік-бағдарланған оқу бағдарламасы болып табылады. Осы бағдарламаның тыңдаушысы бола отырып, Сіз табысты ресейлік және шетелдік компаниялардың ондаған жылдар бойы жұмыс істеуінің нәтижесінде жинаған ең ауқымды білім базасы мен тәжірибесіне қол жеткізесіз. MBA Start Сізге амбициялық мақсаттарға қол жеткізуіңізге және барынша мансаптық өсуіңізге көмектесетініне біз сенімдіміз!

MBA Start бағдарламасы дегеніміз — бұл:

  • Әлемнің кез-келген нүктесінен, қашықтан оқу;
  • Сіз үшін ыңғайлы уақытта, тәулігіне 24 сағат бойы барлық оқу материалдарына қол жеткізудің икемді кестесі;
  • Бүкіл оқу үдерісі барысында тьюторлардың жеке қолдауы;
  • Сабаққа жеке қатысудың әсерін беретін, сауатты құрылымдалған бейнеформаттағы дәрістер;
  • Тұрақты вебинарлар барысында жетекші мамандармен тілдесу;
  • Әр-түрлі салалардағы мамандармен — Moscow Business School түлектерімен және тыңдаушыларымен тілдесуге арналған әлеуметтік желі;
  • MBA мемлекеттік дипломы, халықаралық диплом және Diploma Supplement;
  • Оқуға жұмсалатын қаржы мен уақыттың ықшамдалуы.

Бұл бағдарламада оқу Сіз үшін қандай мүмкіншіліктерге жол ашады?

  • CEO, жоғары буындағы басқарушы санаттарында ойлау қабілетін үйрену;
  • Басқару машықтарын ең жоғары тиімділіктегі деңгейге дейін жетілдіру;
  • Ұйымға — бір-бірімен өзара байланысты үдерістер мен функциялардың жүйесі ретінде қарау;
  • Жетіспейтін білімді толтыру және қолда бар білімді жаңарту;
  • Қол жеткізілген білімді және материалдарды — басқаларды оқыту үшін пайдалану;
  • Оқытушылармен және курстастармен кеңесу барысында нақты мәселелерді шешу;
  • Жаңа идеяларға қол жеткізу және оларды жүзеге асыруға шабыт алу;
  • Жеке өз бизнесіңде толыққанды қалыптасып танылу;
  • Күнделікті жұмыс тәртібінен шығу және мансаптық өсуге ұмтылу.

MBA Start бағдарламасы бойынша оқу — менеджмент, маркетинг, экономика және қаржы салаларындағы теориялық және тәжірибелік білімге қол жеткізуді тұспалдайды.

Moscow Business School оқу орнында MBA Start бағдарламасы бойынша оқудан өткен тыңдаушылар басқарушылық қызметке толығымен даярланған және кез-келген міндеттерді шешуге қабілетті: қызметкерлердің дұрыс уәждемесінен бастап, компанияның нарықтық саясатының ұзақ мерзімдік стратегиясын қалыптастыруға дейін; фирманың ішіндегі қарым-қатынастарды түзуден бастап, халықаралық бизнесті құруға дейін; іскерлік қатынасхаттарды жүргізуден бастап, сауатты түрде инвестициялауға дейін.

MBA Start бағдарламасы бойынша оқудың нәтижесі:

  • Басқарушылық дүниетанымды қалыптастыру, біліктілігі аса жоғары мамандармен бірдей жұмыс істеуге дайын болу;
  • Заманауи компанияның алдында тұрған кешенді және жүйелік мәселелерді шешуге дайын болу;
  • Бағдарламаға түскенге дейін қол жеткізілген жұмыс өтілінің құндылығын арттыру;
  • Іскерлік машықтарды дамыту және адамдар мен командаларды басқару қағидаттарын қолдану қабілеті;
  • Бизнесті дамыту жауапкершілігін өз мойнына алу қабілеті және осыған дайын болу;
  • Өзін және өз уақытын басқарудың негізгі қағидаттарын түсіну;
  • Стратегиялық және операциялық менеджмент, жобаларды басқару, есеп және есептілік, өзгерістерді басқару бойынша негізгі құзыреттерді дамыту;
  • Сапалық және сандық зерттеулерді жүргізу әдістерін білу;
  • Бизнес пен нарықтық экономиканың жұмыс жасауының базалық негізін түсіну.

MBA Start түлектерінің біліктілігі

MBA Start бағдарламасы бойынша толық курсты тәмамдап, MBA дипломын алған тұлғалар — басқарудың жоғары және орта буынындағы менеджерлері функцияларын орындауға даярланған.

Түлектер нарықтық экономиканың ерекшеліктері мен оның мүмкіншіліктерін және мемлекеттің функциялары мен экономикалық рөлін терең түсінуге, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін ұғынуға және осындай бизнесті жүргізудің өркениетті этикалық нормаларын ұстануға негізделген тиісті білімге, машықтарға және дүниетанымға қол жеткізеді.

Менеджмент саласында түлектер нарық жағдайларындағы стратегиялық басқару мен бизнестің мәнісін түсінеді; ұйымның миссиясы мен мақсаттарын анықтай алады; бәсекелік ортадағы кәсіпорынның күшті және әлсіз тұстарын талдай алады, осының негізінде ұйымның стратегиясын жетілдіре алады және оны енгізуді ұйымдастыра алады; менеджменттің заманауи талдаушылық құралдарына, ұйымдастырудың жүйелік тәсілінің әдістемесіне, басқарудағы сандық әдістерге, диагностика жасау, талдау және мәселелерді шешу әдістеріне, сондай-ақ шешімдерді қабылдау және оларды іс жүзінде жүзеге асыру әдістеріне қол жеткізеді. МВА Start бағдарламасының түлегі кәсіпорынның ұйымдық құрылымын сауатты түрде талдай алады; стратегиямен, мақсаттармен және міндеттермен, ішкі және сыртқы қызмет ету шарттарымен үйлесетін құрылымды жетілдіре алады, табыстау негізінде өкілеттіктер мен жауапкершілікті үлестіруді жүзеге асыруға қабілетті болады; ұйымдық мінез-құлық пен адам ресурстарын басқарудың заманауи тұжырымдамаларының негізінде ұйымдардағы адамдарды тиімді басқаруға арналған білім мен машықтарды иемденеді; оларды жоспарлауды жүзеге асыруға, кадрлар жұмысын ұйымдастыруға, қызметкерлердің тиімді уәждемесін іске асыруға қабілетті болады.

Маркетинг саласында түлек кәсіпорынның стратегиясымен үйлестіре отырып, маркетингілік іс-шараларды жоспарлай алады, сондай-ақ оперативтік деңгейде маркетингілік қызметті ұйымдастыруға, оның тиімді түрде бақылануын жүзеге асыруға, маркетинг саласындағы ресурстардың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етуге қабілетті болады. Нарықты және нарық жағдаятын талдауға, тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеуге арналған қажетті біліктілікті иемденеді; өнімнің бәсекелесу қабілетін бағалай алады және оның кепілдігі бойынша іс-шараларды жетілдіре алады; кәсіпорынның бәсекелік саясатында баға белгілеуді белсенді түрде пайдалана алады; сұранысты, сатуларды, тиімді тауар айналымын ұйымдастыра алады; тауарлардың нарыққа жылжытылуын, өнімді үлестіріп бөлу желілерінің қалыптастырылуын қамтамасыз ете алады; бәсекелесу қабілетін арттыру және тиімді қызметті қамтамасыз ету мақсатында фирма туралы және оның тауарлары туралы жақсы қоғамдық пікірді (беделін) қалыптастыру үшін жарнаманы, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға қабілетті болады.

Экономика саласында түлек қажетті білімді иемденеді, нарықтың жұмыс жасауының және өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық мінез-құлқының механизмін түсінеді, фирманың экономикалық мақсаттары мен стратегияларын қалыптастыра алады, басқарушылық көзқарас тұрғысынан өндірістің шығындарын бағалай алады, кәсіпорынның қызметін макро- және микроэкономикалық факторлармен ұштастыра алады, Ресей экономикасының дамуы тұрғысынан әлемдік экономиканың заманауи беталыстарын түсінеді, халықаралық бәсекелестік мәселелерінен хабардар болады. Түлек шетелдік әріптестермен жұмыс жасауды, сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыруды және халықаралық бизнесті ұйымдастыруды қоса есептегенде, сыртқы экономикалық қызмет саласындағы негізгі білім мен машықтарды иемденеді.

Қаржы саласында осы бағдарламаның түлегі қаржы бойынша терең білімді иемденеді және қаржы менеджментінің негіздерін меңгереді, инвестициялық саясатты қалыптастыра алады және іске асыра алады, инвестициялық жобаларды талдай алады және оларды таңдай алады, сондай-ақ олардың іс жүзінде жүзеге асырылуын ұйымдастыра алады.

Түлек өз уақытын ұйымдастыра алады, өзін-өзі тексеруді және өзіндік менеджментті жүзеге асыра алады, топтарда жұмыс істей алады, тиімді коммуникацияларды, іскерлік қатынасхаттарды жүзеге асыра алады. Таныстыру және келіссөздер жүргізу өнерін меңгереді.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • Топ-менеджерлер, директорлар, бизнестің иелері мен меншіктенушілері;
  • Департаменттер мен бөлімдердің бастықтары;
  • Менеджерлер мен мамандар.

Оқудың ұзақтығы

MBA Start бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 15 модуль оқып зерттеледі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім (бакалавриат, маман немесе магистратура);
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

MBA Start бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін әрбір түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом;
  2. Бизнес-әкімшілеу бакалавры дәрежесінің (Bachelor of Business Administration) берілгендігі туралы Халықаралық диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
545 000 тенге
(945 000 тенге)
945 000 тенге

Құнына толық оқу курсы (2 жыл) кіреді, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.