МВА Технологияларды басқару

Қазіргі кездегі бизнес жағдайларында компаниялардың тіршілік етуі – ұдайы өзгеріп отыратын қоршаған ортаға олардың бейімделу қабілеті бар болған жағдайда ғана мүмкін болады. Өндірілетін тауарға, қызметке, бизнесті басқаруға, клиенттермен өзара қатынасуға арналған жаңа тәсілдемелерді қолдану – бәсекелік артықшылықты қамтамасыз етеді. Кез-келген басшы үшін инновацияларды басқарудың стратегияларын, әдістерін және құралдарын сауатты таңдау маңызды болып табылады.

«Технологияларды басқару» мамандануындағы МВА бағдарламасының түлектері менеджменттің заманауи технологиялары саласында қосымша білімге қол жеткізеді.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • инновациялық қызметтің стратегиялық бағыттарын анықтауды үйренесіз;
  • инновацяларды енгізудің стратегияларын жетілдіре аласыз;
  • инновациялық қызметті бағалау құралдарын игересіз;
  • жүйелік әдіс шеңберінде стратегиялық ойлау машықтарына қол жеткізесіз;
  • жеке және корпоративтік клиенттермен өзара қатынасу машықтарын меңгеріп аласыз;
  • бизнестің дамуының әр-түрлі стратегияларын бағалай аласыз;
  • іскерлік коммуникацияларды және жеке адамдар арасындағы коммуникацияларды тиімді түрде қалыптастыруды үйренесіз;
  • компанияның қызмектерлерінің арасындағы кикілжің жағдаяттарын ауыздықтау саласындағы білімге қол жеткізесіз;
  • маркетингті басқарудағы бақылау техникасын меңгересіз;
  • дамудың нәтижелі коммуникациялық бағдарламаларын құра аласыз;
  • сату бөлімінің бизнес-үдерістеріндегі жаңа беталыстармен таныса аласыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • бизнес иесіне, жоғары немесе орта буындағы менеджерге;
  • өндірістік, қаржылық, коммерциялық, әкімшілік және өзге де сипаттағы жаңа технологияларды жетілдірумен айналысатын маманға;
  • федералдық инновациялық жобалар мен бағдарламалардың жетекшісіне;
  • сату бөлімінің басшысына;
  • сату жөніндегі директорға;
  • өткізу жөніндегі директорға;
  • коммерциялық директорға.

Оқудың ұзақтығы

«Технологияларды басқару» мамандануындағы MBA Professional бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ қосымша арнаулы бөлігі оқып зерттеледі, оның шеңберінде сабақ күндізгі тәртіпте жүргізіледі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім (бакалавриат, маман немесе магистратура);
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдағаннан кейін түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом;
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы халықаралық диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Бір тыңдаушының толық оқу курсының құны көрсетілген, оқу барысында қосымша төлемдер жоқ.