МВА Кәсіпорындағы қауіпсіздікті басқару

Кәсіпорынның жұмыс жасауының тұрақтылығын қамтамасыз ету, қолда бар ресурстарды пайдалануды жетілдіру және ұтымды ету — компанияның қызметін оңтайландыруға бағытталған шаралар кешеніне енгізілуі және ескерілуі тиіс маңызды аспект болып табылады.

Moscow Business School ұсынған «Кәсіпорындағы қауіпсіздікті басқару» мамандануындағы МВА бағдарламасы компания қызметінің барлық салаларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қабілетті мамандарды даярлау міндетін шешеді.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • кешенді қауіпсіздік жүйесін жетілдіру тұжырымдамасының алгоритмін оқып зерттейсіз және кәсіпорынға төнетін қауіп пен тәуекелдердің орын алуы мүмкін жағымсыз салдарын болжауды үйренесіз;
  • аудит жүргізе аласыз және кәсіпорындағы кешенді қауіпсіздік жүйесінің әр-түрлі элементтерін қалайша оңтайландыруға болатынын білесіз;
  • кәсіпорынның экономикалық және шаруашылық тәуекелдерін барынша азайту әдістемесін меңгересіз;
  • корпоративтік қорғауды ұйымдастыру саласындағы тәжірибелік білімге қол жеткізесіз;
  • кәсіпорынның ақпараттық қауіпсіздігінің негізгі кауіптері туралы білесіз;
  • кәсіпорындағы құпия құжат айналымы жүйесін қалыптастыруды үйренесіз;
  • кәсіпорындағы қауіпсіздікті басқару жүйесін жетілдіре аласыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • ұйымдардың басшыларына;
  • IT-қызметтердің, HR-бөлімшелердің басшыларына, құқықтық мәселелер жөніндегі директорларға, қауіпсіздік жөніндегі мамандарға.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім (бакалавриат, маман немесе магистратура);
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдағаннан кейін түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом;
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы халықаралық диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Бір тыңдаушының толық оқу курсының құны көрсетілген, оқу барысында қосымша төлемдер жоқ.