МВА Тәуекел менеджменті

Кез-келген бизнес белгілі тәуекелдермен бірге ілесе жүреді, мұндай тәуекелдердің арасында қаржы тәуекелі аса көп кездеседі. Тәуекел менеджменті – болжалды жоғалтулардың салдарын еңсеруді ескере отырып, аса жоғары табыстылыққа қол жеткізу құралдарын қамтиды.

Тәуекелдерді басқару саласындағы MBA – жағдайлардың болжалды жағымсыз бағытын ескере отырып, компанияның қызметін сауатты түрде құруға мүмкіндік береді.

Тәуекел менеджменті мамандануындағы МВА бағдарламасының түлектері жеке өз бизнесін ұйымдастыру барысында ғана емес, сонымен қатар орта және жоғары буындағы қаржы менеджері, қаржы талдаушысы, экономикалық қауіпсіздік қызметінің қызметкері, тәуекел менеджері лауазымдарына жұмысқа орналасу барысында да қосымша артықшылықты иемденеді.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • тәуекелдерді әр-түрлі негіздемелер мен басымдықтар бойынша құрылымдай аласыз;
  • операциялық құралдар және қаржы құралдары саласындағы негізгі машықтарға қол жеткізесіз;
  • қаржы есептерінің деректерін өз жұмысыңызда пайдалану машықтарын игеріп аласыз;
  • тәуекелдерді бақылау карталарын жасауды үйренесіз;
  • тәуекелдерді басқару рәсімдерін жетілдіру машықтарына қол жеткізесіз;
  • тәуекелдерді (жекелеген қарызгерді және несиелік портфельді) өлшеу, мониторинг жасау және басқару әдістері туралы жүйеленген білімге қол жеткізесіз;
  • несиелік және инвестициялық тәуекелдерді бағалауға арналған параметрлерді кәсіби түрде бөліп шығара аласыз;
  • несиелік және инвестициялық тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдірудің ұйымдастырушылық және технологиялық қағидаттарын қарастырасыз және қолдануды үйренесіз;
  • экономикалық тәуекелдерді талдау және басқару әдістерін меңгересіз;
  • бизнес-барлаудың негізгі міндеттерін бөліп шығарасыз;
  • корпоративтік барлау жүйесін құру мәселелерін қарастырасыз;
  • корпоративтік қорғаныстың негізгі бағыттары туралы ақпаратқа қол жеткізесіз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • компания иесіне;
  • тәуекел менеджеріне;
  • ішкі бақылаушыға, ішкі аудиторға;
  • бизнес-үдерістерді оңтайландыру жөніндегі маманға;
  • банктің басқарушысына және иесіне;
  • несиелік және инвестициялық тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің басшысына;
  • банк бизнесінің және капитал нарықтарының маманына және сарапшысына;
  • қаржы талдаушысына, ішкі бақылау қызметінің маманына;
  • қауіпсіздік қызметінің және жекеменшік күзет кәсіпорнының басшысына немесе қызметкеріне.

Оқудың ұзақтығы

Тәуекел менеджменті мамандануында MBA бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ қосымша арнаулы бөлігі оқып зерттеледі, оның шеңберінде сабақ күндізгі тәртіпте жүргізіледі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім (бакалавриат, маман немесе магистратура);
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдағаннан кейін түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом;
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы халықаралық диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
Демалыс күндік топта сырттай оқу
1 күндізгі сессиямен Мәскеуде және
1 күндізгі сессиямен шетелде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге
1 245 000 тенге
(1 845 000 тенге)
1 845 000 тенге

Бір тыңдаушының толық оқу курсының құны көрсетілген, оқу барысында қосымша төлемдер жоқ.