МВА M&A басқару

Кәсіпорын қызметінің шеңберінде экономикалық тиімділікті құру және реттеу механизмдерінің бірі – меншік құқықтарын нарықтық қайта бөліп беру, сондай-ақ, тиісті компанияның даму стратегиясын ауыстыру немесе түзету болып табылады.

Қосылулар мен қосып алулар саласындағы МВА – салық салудың әр-түрлі аспектілерін, тәуекелдерді, қаржылық талдауды, бағдарламалар мен портфельдерді басқаруды, қосылулар мен қосып алуларды уәждейтін факторларды, мәмілелердің кезеңдерін, қосылулар мен қосып алулар туралы мәмілелерді жасау барысындағы корпоративтік мәдениет аудитін және ықпалданудың кезеңдері мен көрсеткіштерін оқып зерттеуге мүмкіндік береді.

Бағдарламаның түлектері орта және жоғары буындағы қаржы менеджері, қаржы талдаушысы, инвестициялық маман, инвестициялық банкир, қосылулар мен қосып алулар мәмілелерін жасау барысындағы кеңесші лауазымдарына жұмысқа орналасу барысында да қосымша артықшылықты иемденеді.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • қосылулар мен қосып алулар бойынша мәмілелердің негізгі түсініктерімен танысасыз;
  • мәмілелердің кезеңдерінің мәнісін түсінесіз, соның ішінде, Watson Wyatt қосылу және қосып алу үлгісінің, «Дью-дилидженс» рәсімдерінің, компаниялардың ықпалдану үлгілерінің ерекшеліктерін түсінесіз;
  • корпоративтік мәдениет аудитін және адам капиталы аудитінің рөлін, ықпалдану барысындағы жобалық топтарды қалыптастырудың және олардың жұмысының тәртібін жан-жақты оқып зерттейсіз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • Инвестициялық компаниялардың топ-менеджерлеріне;
  • Шағын, орташа және ірі компаниялардың қаржы директорларына;
  • Қосылулар және қосып алулар бөлімдерінің мамандарына;
  • Қаржы талдаушыларына.

Оқудың ұзақтығы

Қосылулар және қосып алулар саласындағы MBA Professional бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ қосымша арнаулы бөлігі оқып зерттеледі, оның шеңберінде сабақ күндізгі тәртіпте жүргізіледі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім (бакалавриат, маман немесе магистратура);
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдағаннан кейін түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом;
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы халықаралық диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
745 000 тенге
(1 095 000 тенге)
1 095 000 тенге

Бір тыңдаушының толық оқу курсының құны көрсетілген, оқу барысында қосымша төлемдер жоқ.